Өлең, жыр, ақындар

Ерекше кітаптар

Сабақтың тақырыбы: Ерекше кітаптар

Мұғалімнің аты-жөні: Мамаева Сырғалым Маратқызы

Күні: 24.11.2017ж

СЫНЫП: 2 «В»

Қатысқан оқушылар саны: 28

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

 

2.2.3.1 Әртүрлі тәсілдер мен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

2.2.2.1 Әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Практикалық жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірмелі ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер иен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Ақ және түрлі–түсті қатырма қағаз, ұшы үшкір қайшы, түрлі-түсті қағаз, желім.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы:

Ресурстар

Басталуы

8 минут

Ұйымдастыру кезеңі 3 минут

Тыныштық сәті.

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем.

 

Үй жұмысын тексеру

5 минут

«Қозғалмалы суреттер» тақырыбына салған суреттерін тексеру.

Парақпен жұмыс

Жаңа білім

3 минут

Білу және түсіну

Оқушыларға иінтіректі механизмі бар кітаптарды көрсету.

Сұрақтар қою:

- Кітаптар несімен қызықты?

- Олар қалай жасалған?

- Қалай және қай жері қиылып жасалған?

- Бөлшектер қалай ашылады?

4. Оқушыларға иінтіректі механизмнің орындалу кезеңдерін көрсету.

 

 

Иінтіректі механизмді кітап

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті. Көңілді күн.

видеожазба

Негізгі бөлім

15 минут

Оқушылар шығармашылық жұмысты орындауға кіріседі. Оларға «жыл мезгілдері» тақырыбы беріледі.

қағаз, желім, түрлі түсті қағаздарды және т.б материалдарды қолдану.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

Тапсырманы аяқтаған соң оқушыларға өз жұмыстарына ат ойластыруды ұсыну.

- сіздің жұмысыңыздың аты қандай?

- өз идеянызды айтып беріңіз.

 

Үйге тапсырма: Өз қалаулары бойынша кітаптар жасап келу.

2 минут

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

«Менің әдемі ағашым»

Оқушылар стикерге өз есімдерін жазып, тақтада салынған ағашқа бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады.

Қорытынды:

5 минут

Сабақтың соңында дайын болған кітаптарынан көрме ұйымдастырып, сынып алдында кітапшаларын таныстыруды ұйымдастыру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз