Өлең, жыр, ақындар

Ұңғылау зеңкерлеу, бұранда салу жұмыстары

«Қаракемер кәсіптік колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері
Кошкаров Есбол Куанышович

Сабақ жоспары  № 5

Күні-айы:________________ Топ: Ас-12           Курс:  I

Мамандығы:

Бөлімнің тақырыбы: Слесарлық жұмыстар 

Сабақтың тақырыбы: Ұңғылау зеңкерлеу, бұранда салу жұмыстары 

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студенттерге ұңғылау, зеңкерлеу, бұранда салу жұмыстары, және керектенетін құрал-жабдықтар туралы түсіндіру арқылы білімін арттыру, бұрғылау жұмыстарын үйрету, жұмыс орнын дұрыс ұстауды, қауіпсіздік техникасын үйрету.

Дамытушылық: Студенттерге  құрал-саймандарды күтіп ұстау, еңбек қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отыра, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.                                                   

Тәрбиелік: Студенттерді жауапкершілікпен және ұқыпты, тиімді жұмыс жасауға тәрбиелеу. Қазіргі заман талабына сай маман аталуға ұмтылдыру.

Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету

Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек  әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік  жұмыстарды орындау)

Пәнаралық және пән ішіндегі байланыс:  Еңбек қорғау «еңбек қауіпсіздігі», еңбек қорғау: «өзіндік гигиена санитария ережесі». Конструкциялау агрегаттары мен бөлшектері «слесарлық құрал – саймандар».         

Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар:Металл дайындамалар, техникалық нұсқау картасы, слесарлық құрал-саймандар түрлері және суреттері, карточкалар.

Өткізілетін орны: Автокөлікті жөндеу сресары ісі мамандығының шеберханасы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)

1.1. Сәлемдесу;

1.2. Білім алушыларды түгендеу;

1.3.Білімалушылардың оқу құрал - жабдықтарын тексеру.

2.Кіріспе нұсқау: (42 мин)

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;

2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған  және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;

1.Ұңғылау дегеніміз?

2.Бұрғылау әдісі дегеніміз не?

2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған  жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;

Бұрғылауда ең көп таралған құрал – спиральді бұрғылар. Спиральді бұрғы (1 сурет) жұмыс бөлігінен, мойыншығы және сағасынан (дүбі) тұрады. Жұмыс бөлігінде кесуші және бағыттаушы немесе центрленген бөліктерге ажыратады (1 сурет). (2 суретте) Құрылғыны бұрғылау білдегіндегі айналдырыққа бекіту көрсетілген.

Бұрғының бағыттауыш бөлігінде, бұрғыланған тесіктен жоңқаны шығару үшін екі бунақ орналасқан, сонымен қатар бұрғының кесу кезіндегі бағытын қамтамасыз етуші екі таспаша орналасқан.

Бұрғының кесуші бөлігінде екі негізгі кесуші жиектері бар: көлденең жиек және екі артқы беті. Бұрғы төбесіндегі кесуші жиектерден пайда болған бұрышты 2f, өңделіп жатқан материалдың қаттылығы және морттылығына байланысты таңдайды. Мысалы орташа қатты болат пен шойын үшін 2f=116-120o, қызыл мыс үшін 2f=125о, алюминий, қола, жез үшін 2f=130-140о. Бұрғылау көмегімен беттің тазалығын Rz80 және ІТ10, ІТ11 дәлдік квалитетін алуға болады.

Үнгілеу ІТ8, ІТ9 дәлдік квалитеті және Rz40 бнт тазалығы бар тесіктерді алуды қамтамасыз етеді. Ұңғылауда дәлдік және кедір-бұдырлық ІТ6 - ІТ5 және RА1,25 жоғарылайды.

1 сурет – Спиральдібұрғы

2 сурет - Құралды білдектегі айналдырыққа бекіту сызбасы

Бұрғылауда, құйылмада немесе қалыптауда алынған тесіктерді әрі қарай өңдеу үшін үңгілеу және ұңғылауды қолданады.

Үнгілеу мен үңғылау кезінде кескіш құрал болып үнгі мен ұңғы болып табылады.

Операция

Өңдеудің дәлдік квалитеті

Өңдеу сапасы

Бұрғылау-қайрау

10 – 11

Rz 80 – 20 мкм

Ұңғылау

9 – 10

Rа 2,5 мкм дейін

Үнгілеу

6 – 8

Rа 2,5 – 0,32 мкм

3 сурет. Ұңғы

Үнгі (3 сурет) жұмыс бөлігінен, мойыншағынан, конусты сағадан және табаншадан тұрады. Жұмыс бөлігінде кескіш (кесетін) және калибрлейтін (бағыттауыш) бөліктерге ажыратады.

Үнгінің кескіш бөлігі қиылған беткі жағынан - өзекшесі және үш немесе төрт кескіш тістерінен тұрады.

Жоспардағы негізгі бұрыш  f=45о -60о.

Үнгінің мөлшерлегіш бөлігінде үш немесе төрт орамалы бунақ және құралдың бағытын қамтамасыз ететін таспасы болады.

Үнгілерді өңделген тесіктер түріне қарап цилиндрлік, конустық және құрастырылған (көпсатылы) деп бөледі, сонымен қатар тұтас диаметрі – 80 мм-ге дейін, саптамалы, қойылатын пышақтарымен немесе дәнекерленген қатты қорытпадан жасалған табақшалары бар.

Үнгінің жұмыс бөлігі артқы бетінен 1, негізгі артқы бетінен 2, ұосымша артқы бетінен (таспаша) 3, негізгі кесуші жиектен 4, қосымша кескіш жиектен 5 және үнгі тісінің төбесінен 6 тұрады (3а сурет).

Ұңғыда, 4 сурет, жұмыс бөлігі, мойны және сағасы болады. Жұмыс бөлігіне бағыттауыш конус немесе кесетін бөлігі, мөлшерлегіш бөлігі және керісінше конустан тұрады.

Негізгі жұмысты кескіш бөлік істейді, негізгі кескіш жиегі бар тістер 1, алдыңғы және артқы беттер 3 және бұрыштық қадам ω (3б,в сурет).

Ұңғы цилиндрлі, конусты, машиналы, қолды болады. Машиналы да жұмыс бөлігі әлдеқайда қысқа.

Құрылымды ұңғыларды мынандай түрге бөледі: сағалы және саптамалы, тұтас және қойылатын пышақтарымен, қатты қорытпалы табақшамен жабдықталған.

4 сурет. Үнгі

Жаппай өндірісте өңдеудің өнімділігін арттыру үшін біріктірілген кескіш құралдарды пайдаланады (5 сурет).

5 сурет. Құрылымды кесуші аспаптар

Бір даналы тесіктерде бұранда пайда болу үшін ішкі бұранда кескішті пайдаланады. Ішкі бұранда кескіш дегеніміз кескіш жиек жасайтын кесілген бунақтары бар орам.

Бұранда ойғышының кескіні кесіліп жатқан бұранданың кескініне сай болу керек. Бұранда ойғышты арнайы қысқысында бекітеді.

Бұрғылау білдегінде өңдегенде дайындаманы үстел білдегінде орнату және бекіту үшін әр түрлі құрылғыларды қолданады. Дайындаманы қысқыларда, үш және төрт жұдырықты қысқысдарда және т.б. бекітеді.

Бұрғылау білдегінде мынандай технологиялық операциялар жүргізіледі: бұрғылаау (6а сурет), бұрғылап кеңейту (6б сурет), үнгілеу (6в сурет), ұңғылау (6г,д сурет), ұң жоңғылау (6е сурет), үнгіштеу (6ж,з сурет), бұранданы қию (6и сурет), қиын кескінді тесіктер жасау (6к сурет), терең тесіктерді бұрғылау.

6 сурет. Бұрғылау білдектерінде жүргізілетін технологиялық операциялар

2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;

2.5.Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;

2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;

1. Бұрғылаудың түрлері?
2. Үңгіштеу дегеніміз?
3. Ұңғылау әдістері?

2.7. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;

2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;

3. Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (180 мин)

3.1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:

1. Құрылымды кесуші аспаптардың түрлері?

2.Слесарлық жұмыстар кезіндегі техникалық қауіпсіздігі?

3. Спиральді бұрғылау әдісі?

4. Тесіктерді өңдеу үшін кесуші құралдың тағайындамасы.

3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы):
-  жұмыс орнының ұйымдастырылуын және жағдайын тексеру;
-  еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру;
-  бұранда салуға арналған құралдарың жұмысқа жарамдығын тексеру.
-  технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;
- жұмыстарды қабылдау.

4. Қорытынды нұсқау (45 мин):

4.1. Сабақты қорытындылау;

4.2. Жіберілген қателерді талдау;

4.3.Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;

4.4. Үй тапсырмасы:

Н. И. Макиенко, «Слесарное дело с основами материаловедения» Москва, «Высшая школа» 1976 год, стр 155, §53

5. Жұмыс орнын жинастыру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз