Өлең, жыр, ақындар

Талшықтардың негізгі қасиеті

«Қаракемер кәсіптік колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері
Бердимуратова Асия Осербаевна

САБАҚ ЖОСПАРЫ № 3

Пән: Тігін бұйымдарына арналған материалдар

Топ: 1211062 - Арнайы тігінші

Сабақ тақырыбы: Талшықтардың негізгі қасиеті

Сабақ түрі: Аралас сабақ

 

Сабақтың мақсаты

Білімділік:

Студенттерді талшықтардың түрлерімен және олардың негізгі қасиеттерімен таныстыру.   

Дамытушылық:

Студентерге әрбір тақырыпты терең ұғындыра отырып, сол бойынша ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік:

Студенттердің сабақ барысында өз-өздерін дұрыс ұстауға, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

 

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

А. Көрнекі құралдар: Компьютер, проектр суреттер, сән үлгілері, эскиз, кесте, ойын түрі.

Б. Таратылатын материалдар: карточкалар

Сабақты жүргізу кезеңдері (негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу;

Білім алушыларды түгендеу;

Білім алушылардың оқу құрал-жабдықтарын тексеру

II. Өткен материалды қайталау (білімді тексерудің әдістері мен түрлері)

1.талшықтар жалпы неше түрі бар?

2.табиғи талшықтарға не жатады және олар қалай жіктеледі?

III. Жаңа материалды баяндау (сабақты жүргізудің түрі)

Сендер киім матадан тігілетіні білесіңдер. Матаны тоқыма маталармен тоқу станогында, ал тоқыма маталарын – талшықтан тоқиды. Барлық текстильді талшықтар табиғи және химиялық болып бөлінеді.
Табиғи талшықтардың негізі әр түрлі болады: өсімдік (зығыр, мақта, кенеп) пен жануар (жүн, жібек), минералды (асбесті).
Сендер матаның өсімдік пен жануардан пайда болатынын білесіңдер.
Өсімдік тектес талшықтарды өсімдіктердің түрлі бөлшектерінен алады. Тұқым жабындыларынан мақта алады: зығыр, кенеп, рамидің сабақтарын пайдаланады.
Жануар тектес табиғи талшықтар жүн және табиғи жібекті жатқызамыз.
Химиялық маталарды жасап шығаруды қамтамасыз ететін факторлар:
Жерде өмір сүріп жатқан халықтың саны өсуінің есебі, құнарлы жерледің азаюы, жаңа технологиялардың дамуы, маталарға деген жаңа тұтынушылық қажеттіліктердің табиғи маталарда жоқ болуы. Талшықтарды жасанды жолмен алу проблемасы бағзы заманда пайда болған. 1965 жылы Роберт Гук жібек матасын жасанды жолмен алу идеясын ұсынды. 1853 жылы ағылшын Аудемарс интроцеллюлоза ерітіндісінен жіңішке жіп иіруді ұсынды, ал 1891 жылы француз инженері И. де Шардонне осындай жіптерді алғашқы болып өндірістік масштабта шығара бастайды.
Кейбір жеке химиялық талшықтарды алуда айырмашылықтар болғанымен, оны өндіруде ортақ схемасы келесі кезеңдерден тұрады:
- Шикізатты алу және оны алдын - ала өңдеу
- Иірілетін ертінді мен балқымасын даярлау
- Жіптерді қалыптастыру
- Өңдеу.
Жасанды талшықтардың шикізатын целлюлоза өндіретін кәсіпорындар алады. Жасанды талшықтың құрамы негізгі шикізат құрамына сәйкес келеді. Синтетикалық талшықтар шикізатын табиғи газ, көмір, мұнай қалдықтарынан қайта өңдеуден өткізгенде химиялық реакциялар нәтижесінде алады.
Талшықтардың ерекшеліктер мен қасиеттері
Жасанды талшықтарға вискозды, ацетатты, үш ацетатты, полинозды және ақуызды талшықтар жатады.
Вискозды талшықтардың ең арзан, әрі кең тараған түрлері алғаш 1892 жылы алынды. Вискозды талшықтар үшін шикізат – шырша, қарағай, арша сияқты ағаштардан алынған табиғи целлюлоза б. т. целлюлозаны химиялық өңдеу нәтижесінде жіп иіру ерітіндісі – вискозаны алады. Одан сулы түрде талшық қалыптастырады.
Қарапайым вискозалық талшықтар түске тұрақты, жұмсақ, созылу және гигроскопиялық қасиеттерге бай. Алайда ылғалдықпен қамтамасыз еткенде талшықтар қатты бұртыйып, өз беріктігін жоғалтады (50% дейін). Сондықтан да вискозды талшықтардың құрамының қасиеттерін жақсартуға жұмыс істеуге өте қажет: оның беріктігін, гигроскопиялығын, түске тұрақтылығын, қажауға қарсы тұрақтылық, суға салғанда беріктіктің жоғалуына азайту сияқты маңызды қасиеттерін атап кетуге болады.
Митилон атты вискозды талшық микроорганизмдердің әсеріне, түске қарсы, тозуға қарсы жоғары тұрақтылығымен ерекшеленеді. Қолмен ұстағанда және сырт түрін көргенде митилон атты вискозды талшығы жүн талшығына ұқсас. Сондықтан да аталған талшықтарды кілем тоқуда жүн жіптерінің орнына пайдаланады.
Химиялық үдерістің негізінде түрлі спецификалық қасиеттері бар вискозалық талшықтар алуға болады: өртке тұрақты, бактерицидті, қышқылға қарсы тұрақты, май мен суға тұрақты және т. б.

 Талшық  деп – ұзындығы көлденеңнен көп есе артық иілгіш,жіңішке әрі мықты затты айтады. Тоқыма талшық деп – иіріме жіптерді,маталарды, беймата материалдарды жасауда пайдаланылатын талшықтарды айтады. Мақта,жүн – қарапайым деп аталынады.

 Тоқыма талшықтары деп иірімжіп және тоқыма бұйымдарды дайындағанда қолданылатын ұзындығы шекті, көлденең кесілген аз өлшемді, жіңішке, иілгіш және берік талшықтарды атайды. Тоқыма талшықтары қарапайым (элементарлы), кешенді (техникалық) және штапельді болып бөлінеді. Қарапайым талшықтарға тоқыма талшықтар - мақта және жүн жатады. Кешенді (техникалық) талшық бір-бірімен байланысқан қарапайым талшықтардан тұратын талшық (зығыр). Штапельді талшықтар ұзындығы шектелген қарапайым талшық болып есептеледі. Тоқыма талшықтардан жасалынып алынған иірімжіптердің және жіптердің өңдеу үдерісінде, олардың нақты ұзындығы, беріктігі, созылғыштығы,  сызықтық  тығыздығы және иілгіштігі, ылғал сақтағыштығы болуы қажет. Сонымен қатар киімді пайдаланғанда әр түрлі жағдайда бұйымды қолдану мүмкін болу үшін, бұйымға түскен әртүрлі күштің әсерінен бұзылудан сақтайтын, белгілі бір механикалық қасиеттерге, сондай-ақ киімде ыңғайлы (жылу өткізгіштік, су өткізгіштік, ауасіңіргіштік) және сыртқы ортаның (түстік тұрақтылық) шартына қарсыласуын қамтамасыз ететін физикалық қасиеттері тұрақты болу керек.

 Жаратылысы бойынша тоқыма талшықтары екі класқа бөлінеді: табиғи және химиялық. Табиғи талшықтарға өсімдіктекті, жануартекті және минералды, ал химиялыққа - әртүрлі физикалық және химиялық үдерістердің көмегімен жоғары молекулярлы заттардан (табиғи және синтетикалық) жасанды жолмен адам жасаған талшықтар жатады. Талшықтардың әрқайсысы органикалық және бейорганикалық талшықты шағын кластарға бөлінеді.

Органикалық табиғи талшықтардың шағын класы табиғи шығу тегіне байланысты өсімдік және жануар текті топтарға бөлінеді. Өсімдік текті талшықтардың тобына мақта, зығыр, кенеп, кендір целлюлозды талшықтардың шағын топшасы жатады. Жануар текті талшықтар жүн талшығынан және табиғи жібектен құралған, ақуызды талшықтар топшасынан тұрады.

Табиғи бейорганикалық минералды талшықтарға - минералды асбест талшығы жатады.

Химиялық талшықтардың бөлінуі өте күрделі болып келеді. Органикалық шағын кластағы химиялық талшықтар екі үлкен топқа бөлінеді: ол - жасанды және синтетикалық талшықтар. Табиғи жоғары молекулярлы қосылыстардан химиялық жолмен алынған талшықтарды жасанды химиялық талшықтар, ал синтезделген жоғары молекулярлы заттардан алынған талшықтарды синтетикалық талшықтар деп аталынады. Жасанды органикалық талшықтар химиялық құрамына байланысты гидратцеллюлозалы, вискозды (полинозды, мыс-аммиакты),  эфироцеллюлозалы  (ацетатты,  үшацетатты)  және  ақуызды (казеиндік) талшықтар топшасы болып бөлінеді.

Синтетикалық органикалық талшықтар полиамидті (капрон, анид, энант),  полиэфирлі  (лавсан,  терилен),  полиуретанды  (спандекс), полиакрилонитрильді  (нитрон,  орлон),  поливинилхлоридті  (хлорин),поливинилспиртті (винол) және полиолефинді (полипропилен, полиэтилен) талшықтардан жасалатын топшадан тұрады. Химиялық бейорганикалық талшықтарға минералды талшықтардың екі түрі жатады металдық және шынылық.

Тоқыма талшықтардың негізгі түрлерінің классификациясы

1.1-  сызбада көрсетілген.

Тігін өндірісінде қолданылатын тоқыма материалдар - маталар, тігінжіптері, ызба, бау және басқалары - негізінен тоқыма талшықтарынан тұрады. Тоқыма талшықтары өте жіңішке, олардың ұзындығы миллиметрмен өлшенсе,  онда  жіңішкелігі  миллиметрдің  жүздеген  және  мыңдаған үлестерімен өлшенеді. Талшықтарды иірімжіпке, матаға өңдеу және тоқыма материалдарға,бұйымдарға қажетті қасиеттермен қамтамасыз ету үшін, олар нақты ұзындыққа, жіңішкелікке, беріктікке, созылу қабілетіне, иілгіштікке, жабысқақтыққа және сыртқы ортаның әсеріне қарсыласуға ие болу керек.

Тоқыма өндірісінде қолданылатын талшықтың ұзындыгы - ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып есептелінеді. Талшықтардан үздіксіз жіп алу үшін, оның белгілі ұзындығы болуы керек, талшық ұзын болса, онда жіптердің арасындағы байланысы күшейіп, беріктігі жоғары жіп алынады. Талшықтың жіңішкелігі өте жоғары бағаланады, себебі, талшық жіңішке болса, одан жұмсақ және иілгіш жіп алуға болады. Талшықтың беріктігі олардың үзілуге қарсыласу қабілеттілігі, ол иірімжіп пен матаның сапасының және тоқыма өндірісінің үдерісінің көрсеткіші болып табылады. Талшықтың ұзаруы (созылуы) олардың күш түскенде ұзару қабілеттілігі, бұл  талшық  сапасының  маңызды  көрсеткіші  болып  есептелінеді. Талшықтың ұзару қабілеттілігі одан өндірілген иірімжіпке беріледі және оның жалпы бұзылуына қарсыласуын жоғарылатады.

Егер талшық серпімді, яғни күштің алынуынан кейін бастапқы ұзындығын қайта қалпына келтіру қабілетіне ие болса, ол талшықтардан өндірілген маталар серпімді болады, мыжылмайды, ал одан дайындалған бұйымдар өзінің пішінін ұзақ уақытқа сақтайды.

Талшықтың иілгіштігі иіру үдерісіне, матаның сапасына және оның жұмсақтығына, күлтеленуіне үлкен әсер етеді. Талшықтардан мықты жіп жасап алу үшін талшықтардың иілгіштік қасиеті жоғары болуы керек.

Ылгал тартқыштық талшықтың ылғалды сіңіру қабілеттілігі. Ол киімге қойылатын гигиеналық талаптарды қанағаттандыруға қажет, өндірістік үдерістің жақсы жүруі және матаның терді жақсы сіңіруіндегі маңызды қасиетінің бірі болып табылады. Талшықтан алынған материалдардың сыртқы ортаға қарсыласу әсері - суға, ауаға, жарыққа және механикалық күшке берілген талшықтардың киюге төзімділігін анықтайды.

Талшықтардың қасиетінің негізгі керсеткіштері. 
Полиэфирлі талшықтар. Лавсан мұнай өнімдерінен алынады.
Құрылымы және физико-химиялық қасиеттері жағынан лавсан капронға ұқсас: салыстырмалы.
Жалынға ұстағанда лавсан еріп, сары жалынмен түтіндеп жанады. 
Полиакрилонитрильді талшықтар.
Капрон мен лавсанға карағанда нитрон талшықтары қолға жұмсақ.
Нитроннын, жылу сақтау қасиеті жүннен артық. 
Нитронның жұмсару температурасы 200-250°С. Ниронды жалынға ұстасақ балқиды7
Таза күйінде нитрон сырт киімдік 
Поливинилхлоридті талшықтар. Xлорин этилен не ацетиленнен алынады.
Хлорин серпімді, судың, қышкылдар, сілтілер, тотықтырғыштардың әсеріне шыдамды, шірімейді,
Хлориннің негізгі кемшілігі - жылуға осалдығы.
Хлорин жанбайды, жанғанға қосылмайды7
Үйкелуден туған электр зарядын бойына жинайтың қабілетіне байланысты оны
Поливинилспиртті талшықтар. Поливинилспиртті талшықтарға жататындар: винол, летилан (Ресеи), винол.
Гигроскопиялық қасиеті жағынан (5-8%) винол мақтаға жақын.
Летилан - суда ерімейтін сары түсті поливинил-спиртті талшық.
2-кесте 
Полиолефинді талшықтардьщ негізгі көрсеткіштері 
Полиолефиндік талшықтар. Полиолефинді талшықтарға полиэтиленнен және полипропиленчен 
Полиолефиндерді синтездеуде бастапқы шикізат болып мұнайды өңдеген-дегі өнім —
Талшықтардын, жылу мен жарыққа төзімділігін арт-тыру үшін полимерге ингибитор
Физико-механикалық қасиеттері жоғарғы болғандықтан полиолефинді талшықтардың химия және микроорганизмдер
Полиуретанды талшықтар. Сызықтық тығыздығы 2 ден 125 текске дейін
Басқа талшықтар араласқан жасанды жіптерден тоқылған маталар. 
Басқа талшықтар араласқан жасанды жіптерден тоқылған маталардың негізіне вискоздық
П о п л и н — дәстүрлі жатықбоялған,
«Рамунеле» матасы — баспалық суреті бар, қаттылау, тығыздығы төмен,
«С и г і т е» матасы — тығыз,
«С у з д а л ь» матасы —
Арт. 42670 көйлектік мата — бір түсті, жатық-боялған ацетаттық

IV. Жаңа материалды бекіту (есептеу, шығару және білімді бағалау, т.б.)

Талшық дегеніміз не?

Олардың жіктелуі және негізгі қасиеттері ?

V. Үй тапсырмасы

«Талшықтардың негізгі қасиеті» конспект бойынша дайындалу

VІ. Сабақты қорытындылау

(Баға қою, оларға комментарий беру, сабақтың жағымды, жағымсыз жақтарын анықтау)

Студенттің сабаққа қатысуы мен білім деңгейіне байланысты  бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз