Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу, ретке келтіру.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу кешкі мектебі

Информатика пәні мүғалімі: Досщиева Б.К

Сыныбы:11

Сабақтың тақырыбы: Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу, ретке келтіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Microsoft Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерін еске түсіру арқылы практикалық құжатқа терезесін баптау, құжатты көру режімдерін, терезенің бөлінуі және реттілігі туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылармен мәтіндік процессордың мүмкіндіктерімен жұмыс істей отырып ой-өрістерін, шығармашылық қабілеттерін, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: АКТ қолдану

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Пән аралық байланыс: бейнелеу, әдебиет

Қолданылатын көрнекілік: интерактивті тақта, компьютер, тақырыпқа сәйкес слайд, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын пысықтау

3.Жаңа сабақ

4.Практикалық тапсырма

5.Сергіту сәті ( мақал-мәтел )

6.Сабақты қорытындылау

7.Техникалық диктант

8.Тест жұмысы ( оқулықпен жұмыс )

9.Үйге тапсырма

10.Бағалау

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, сынып оқушыларын түгелдеу.

2.Үй тапсырмасын пысықтау

Компьютерде Excel кестелік редакторында жасалған тест тапсырмасын орындау.

3.Жаңа сабақ

          Мәтіндік процессор – Microsoft Office Word программасын іске қосылғанда ашылған құжат терезесінде құрал саймандар мен пішімдеу панельдері болмайды.Сондықтан оны өзіміз баптауға тура келеді. Құжатпен жұмыс істеу барысында көп қолданылатын батырмаларды алу үшін: Басты ( Главная ) мәзір жолынан – пішімдеу және стандартты панельдерді орнатамыз.

Сонымен қатар құжат беттерінің орналасуын және масштабын өзгертуге болады. Ол үшін түр ( Вид ) мәзірінен –беттің орналасуы бойынша керекті батырманы шертеміз.

Масштабты өзгерту:

  • Түр мәзірінен  масштаб бұйрығын таңдаймыз;
  • Масштаб тобының  келесі ауыстырып –қосқыштарының бірін шертіңдер;
  • 200 % -мәтіннің бейнелеуін  мөлшерден екі есе ұлғайтады;
  • 100 % - масштабты үнсіз келісім бойынша күнделікті режимге келтіреді;
  • 75 % мәтін көлемін кішірейтеді;

Беттің ені бойынша (по ширине страницы) – мәтін жолының мөлшері терезе өлшемімен сәйкес келеді;

Мәтіннің ені бойынша (по ширине текста) – беттің мөлшерін барлық мәтін экранға сиятындай етіп өзгертеді;

Жалпы бет (целая страница) –экранға бетті тұтастай орналастырады;

Бірнеше бет (несколько страниц) – құжаттың барлық беттерінің кішкене нұсқасын бейнелейді;

 

  • Еркін (произвольный) тізімін пайдалана отырып, құжатты бейнелеуде кез-келген масштабты орнатуға болады;
  • ОК батырмасын шертеміз.

 

Құжат терезесіндегі сызғышты баптау

Сызғышта құжатты табуляциялау өрістері  мен маркер  белгіленеді.Егер құжат бірнеше бағандардан тұратын болса, сызғышта бағандардың орналасуы мен бағандар арасындағы алшақтың көрсетіледі.Сызғыштың көмегімен өрісті кеңейтуге және тарылтуға, абзац шегіністерін өзгертуге, құжаттағы нысандардың қашықтығын және орналасуын түзету үшін қолданылады.Сызғышты іске қосу үшін: Түр (Вид)-  Сызғыш (Линейка) батырмасын орнатамыз

Құжатты қарау тәртіптері

Word программасында құжатты көрудің бірнеше режимі қарастырылған,олардың әрқайсысы бір құжаттың әр түрлі мәнін көрсетеді.

  • Беттің орналасуы;
  • Оқу режімі;
  • Web құжат;
  • Құрылым;
  • Черновик
  • Алдын ала қарау режімі

 

      Черновик режімі мәтін енгізу және пішімдеу үшін құрылған.Бұл режимде беттерге бөлу және беттерді безендірудің кейбір элементтері көрінбейді.

     Web құжат режімі Web парақтарды жасау үшін қолданылады.Бұл режімде беттің келбетін көруге болады.Мәтін әрқашан құжат терезесіне сыйып тұрады,ал графика браузерде қалай көрінсе ,солай орналасады.

     Беттердің орналасуы режімі –құжаттың төменгі жоғарғы колонтитулдарын қосып, құжаттың баспаға шығатын нақты түрін көрсетеді.Бұл режімде құжатты қалай енгізсек ,сол қалпында көруге болады.Мұндай режім баспаға берілетін құжатпен жұмыс жасау кезінде қолайлы.Беттерді бөлу режімінде көлденең және тік сызғыштардың көмегімен құжат өрісін қолмен орнату ыңғайлы.

    Құрылым режімі үлкен мәтіні бар құжат жасау үшін қолданылады.Бұл режім құжат стилі көмегімен пішімделген болса қолайлы.Құрылым режімі мәтін мазмұнының үйлесімділігін қадағалайды.Себебі ол абзацтар мен тақырып деңгейлерін көрсететін шегіністермен қамтамасыз етілген.Тақырыптың деңгейі төмен болған сайын, оның шегінісі терезенің сол жақ шекарасынан көп болады.Бұл режімде колонтитулдар,графикалық нысандар,келбет және пішімделген абзацтар бейнеленбейді.Құрылым режімінде құжат терезесінің сол жақ бөлігінде арнайы символдар пайда болады.Бұл символдар мәтінді жылдам жинақтауға және ашуға, сонымен қатар құжатты қайта құрастыруға мүмкіндік береді.

     Оқу режіміде жұмыс жасап отырған бет экранда  тұтас ашылады,ал терезенің  жоғарғы бөлігінде беттер арасында ауысуға арналған бағыттағыштар  бар. Егер осындай бағыттағышқа шертсе ,онда көріп отырған бет келесі немесе алдыңғы  бетке ауысады.Оқу режіміне өткен кезде көру параметрлерінің мәзірі пайдаланылып құжатты өздеріне қолайлы етіп көруге болады.

  Алдын ала қарау режімі құжатпен жұмыс істеу барысында, сол құжаттың қағазға басылатын түрін көруге мүмкіндік береді.Бұл құралдың көмегімен өз қалауларын бойынша беттер өрісінің дұрыс тегістелгендігін, олардың нөмірлерін көруге болады.Алдын-ала  қарау режіміне өту үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңдар:

Ctrl + F2 батырмаларын басыңдар

Файл –баспаға шығару батырмасын шертсек, оң жақта жұмыс жасап отырған құжатты көруге болады.

Терезелерді бөлу,ретке келтіру

      Жұмыс жасап отырған құжатты екіге бөлуге және бір мезгілде екі құжатпен жұмыс жасауға болады.Терезені бөлу үшін:  Түр (вид) мәзірінен –бөлу (разделить) батырмасын басамыз.Ортасында сызғыш маркермен бөлінген құжат пайда болады.

     Егер бірнеше терезесі ашылған құжатпен жұмыс істеп отырсақ, осы құжатты рет-ретімен орналастырып көруге болады.Ол үшін мыналарды орындаймыз:

     Түр (вид) мәзірінен – барлығын ретімен орналастырамыз (Упорядочить все) батырмасын басамыз.

     Бірнеше құжатпен жұмыс жасаудың тағы бір қолайлы әдісі құжаттарды қатар орналастырып жұмыс жасау. Ол үшін келесі терезеге көш( перейти в другое окно) бұйрығын орындаймыз.

4.Практикалық тапсырма. А, В,С деңгейі бойынша практикалық тапсырманы 20 минут орындайды.

А деңгей

 Оқулықтағы тәжірибелік тапсырмалар

1.Сақталған құжаттарды ашып, сызғыш орналастырыңдар.

2.Құжатты әртүрлі режімде қарап шығыңдар.

3.Сызғышты алып тастаңдар.

4.Құжатты жинап қойыңдар.

5.Жаңа екі құжат ашып, екі түрлі атпен сақтаңдар және жинап қойыңдар.

6.Түр (вид) мәзірінен терезелер топтамасына өтіңдер.

7. Терезені бөлу,құжаттарды реттеу,келесі терезеге өту бұйрықтарын шертіп, құжаттардың орналасуын көріңдер.

8.Кейінгі құрылған екі құжатты жойып жіберіңдер.

9.Алдыңғы құжатты еш өзгеріссіз жауып тастаңдар.

10.Жаңа құжат ашып, төмендегі мәтінді жазып, оған стилдің түрлерін қолданыңдар:

Ақын қазақ даласындағы жазғұтырымның барлық суретін толық берумен бірге, бұл кезді қазақ халқын еңбекке жұмылдыратын, тіршілік үшін күрестің қайнар көзі деп таниды.

Мал семірер,ақ пенен ас көбейер,

Адамзат көңілі өсіп,көтерілер.

Қара тастан басқаның бәрі жадырап,

Бір сараңнан басқаның пейілі енер.

Тамашалап қарасаң, тәңір ісіне,

Бойың балқып, ериді іште жігер.

                                                (Абай Құнанбайұлы)

В деңгей

1.Төменде берілген мәтінді мына көрсетілген әрекеттер бойынша теріп,жаз.

а) қазақша әріпті теру қаріпін таңда;

ә)қаріптің өлшемін 14-ке тең деп ал;

б) оқу режіміне келтір

с) «11» сынып» деген атпен сақта;

Адам баласының жүріп өткен жолдарына назар салсақ, көз алдымызға қоғамды басқаратынхалық елестейді.Сол халықтың басты мақсаты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш  ұрпақ тәрбиелеу.Әрбір халық өз ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп,кішіге қамқор, ар- ұяты мол кішіпейіл болып өскенін қалайды.Соның ішінде қазақ халқы да өз ұрпағын тәрбиелеуде талай ғасыр бойы жасап келе жатқан әдет-ғұрпына ,салт –дәстүріне арқа сүйейді.

 

С деңгей

1.Мәтінді Microsoft Word редакторында тер;

2.Қаріп өлшемін 14 Times New Roman өзгертеміз;

3.Оң және сол жақ бойынша туралаймыз;

4. Жазылған үш мәтінді барлығын ретімен орналастырып,экран бетіне  шығарамыз.

    Жайық өзені өзінің басын Орал тауының 600 м биіктігінен алады.Оның жалпы ұзындығы 2354 шақырым ,оның 500 шақырымы ғана облыс территориясымен өтеді. Жайық өзені Каспий маңы ойпатын кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды.Негізіг арнасына Батыс Қазақстан облысының  жерінде бірнеше салалары қосылады. Оның оң жақ салаларына –Ембулатовка,Быковка,Рубежка,Шаған және Деркөл, ал сол жақ салаларына –Елек, Шыңғырлау,Барбастау және Ащы өзендері жатады.Соңғысы басын Шалқар көлінен алады да, Жайық өзеніне суы мол жылдары қосылады. Өзеннің орта бөлігінде көктемгі тасқын судың артығы қолдан қазылған Кешім каналы арқылы терт суқоймасына құйылып, шабындық және жайылымдық жерлерді суаруға пайдаланылады.

 

5.Сергіту сәті. Мақал – сөздің мәйегі

1.Вирусты антивирус өлтірер,

Антивирусты уақыт өлтірер.

(Ерді намыс өлтірер,

Қоянды қамыс өлтірер.)

2.Антивирус компьютер үшін туады,Компьютер үшін өледі.

(Ер жігіт ел үшін туады ,Ел үшін өледі.)

3.Компьютер процессорымен мықты.

(Ағаш тамырымен мықты,Адам дос –жарымен мықты.)

4.Жақсы WORD жарым ырыс.(Жақсы сөз жарым ырыс.)

5. Операциялық жүйе- буынсыз, Процессор түпсіз. (Тіл –буынсыз,Ой-түпсіз).

6.Информатика пәнін оқысаң ерінбей,

Компьютерді жетік білесің тіленбей

(Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.)

7. Елді ер сақтайды,

Компьютерді антивирус сақтайды.

(Шеге тағаны сақтайды,

Таға атты сақтайды.)

(Ат ерді сақтайды,

Ер елді сақтайды.)

8.Колонкасыз компьютердің үні шықпас.(Жаяудың шаңы шықпас, Жалғыздың үні шықпас.)

9.Жігітті компьютеріне қарап бағала. (Жігітті досына қарап бағала.)

10.Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады.)

11.Вирустан қорыққан Интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан егін екпес.)

12. Комиьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

(Аттың сыры,иесіне мәлім.)

13. Веб- дизайншының өз еркі,сайтты қалай жасаса.

(Қазаншының өз еркі құлағын қайдан шығарса )

14.Білмесең, «анықтама» -дан сұра. (Білмесең білгеннен сұра.)

15.Бір ядролы процессор жақсы ,ал екі ядролы одан да жақсы. (Бір ақылдан, екі ақыл артық.)

16. Антивирусы күштіні  - Вирус ала алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды.)

17. Күлсең ескірген компьютерлерге күл. (Күлсең кәріге күл.)

18. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады. (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

 6.Сабақты қорытындылау.

1. Құжат беттерінің масштабын өзгерту үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?

2.Масштаб диалогтік терезесінен мәтіннің ені бойынша (по ширине текста) бөлімін таңдасақ қандай әрекет орындалады?

3. Құжатты қарау тәртіптерін ата:

4.Ctrl +F2  батырмалар үйлесімінің нәтижесінде қандай әрекет орындалады?

5.Алдын –ала қарау режімінің мүмкіндігі:

6.Бірнеше құжатпен жұмыс істеу үшін қандай әрекет орындаймыз?

7.Терезені бөлу үшін қандай әрекет орындалады.

7.Техникалық диктант

Мәтіндік процессор -............... енгізу ,сақтау,түзету,пішімдеу және.............. басып шығаруды қамтамасыз етеді.

Сақталған құжатқа жаңа өзгерістер енгізілсе,оны ........... отыру қажет.

Сызғыштың көмегімен өрісті ......... және .......... абзац ............өзгертуге, ........... нысандардың қашықтығын және орналасуын түзету үшін қолданылады

 

1.кеңейтуге

2.қағазға

3.мәтінді

4.тарылтуға

5.шегіністерін

6.құжаттағы

7.сақтап

8. Оқулықпен жұмыс

ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР!

1.  Масштабты өзгерту қай мәзірде орналасқан?

     А.  Түр(Вид) мәзірінде

     В.   Кірістіру мәзірінде

     С.  Бетті белгілеу мәзірінде

     D.  Сервис мәзірінде

     Е.Формат

2.   Сызғышта не белгіленеді?

    А.  Файлдың аты

    В.   Файлдың көлемі

    С.  Файлдың өлшемі

    D. Құжатты табуляциялау өрістерімен маркер белгіленеді

    Е.Құжат беттері

3.   Құжатты көру режімін өзгерту үшін қай мәзірге кіреміз?

    А.   Кірістіру мәзірінде

    В.  Түр(Вид) 

    С.  Беттің орналасуы мәзірінде

    D.Формат мәзірінде

    Е.Жауаптың барлығы қате

4. Терезені бөлу үшін мына төмендегі әрекеттердің қайсысын орындау керек?

    А. Түр (Вид) мәзірінен Бөлу ( разделить )

    B. Түр ( Вид ) мәзірінен Сызғыш батырмасын басамыз

    C. Бетті белгілеу Өлшем ( Размер ) батырмасын басамыз

    D. Бетті белгілеу нүкте Бағандар ( колонки ) батырмасын басамыз

    E. Кірістіру мәзірінде Бетті бөлу

5.  Егер бірнеше терезесі ашылған құжатпен жұмыс істеп отырсақ, осы құжатты рет-ретімен орналастырып көруге болады. Оны қалай жүзеге асыруға болады?

    A. Бетті белгілеу Бағандар ( Колонки ) батырмасын басамыз

    B. Бетті белгілеу Өлшем ( Размер ) батырмасын басамыз

    C. Түр ( Вид ) мәзірінен Сызғыш батырмасын басамыз

    D. Түр ( Вид ) мәзірінен Барлығын ретімен орналастырамыз ( Упорядочить      все ) батырмасын басамыз

    E. Аталған нұсқалардың барлығы дұрыс

 

9.Үйге тапсырма. Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптерін бөлу, ретке келтіру. Өз отбасы туралы эссе жазып келу.

10.Бағалау

 

 

 

 

 

  

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)