Дауыссыз дыбыстарға арналған жаттығулар

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
«Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанбатырова Қызғалдақ Адиловна

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән мұғалімі

Жанбатырова Қызғалдақ Адиловна

Күні

15.02.2017ж

Сынып

5 сынып

Пәні

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Дауыссыз дыбыстарға арналған жаттығулар

Жалпы мақсаты

Тақырыпты сыни тұрғыдан ойлана отырып, оқушылар дауыссыз дыбыстардың қатысуына қарай бөлінуін айыра біледі, қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарға сөз құрай алады. Оқушылар іздену жұмыстарын жүргізуге машықтанады, пікірін жеткізе білуге үйренеді.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Оқушылар дауыссыз дыбыстарға арналған жаттығулар арқылы маңыздылығын ұғына алады. Оқушылар жұппен, топпен, жеке жұмыс істей отырып, идея бөліседі. Шығармашылық тапсырмамен жұмыс жасайды.

Сабақта қолданылатын материалдар:

  1. А-4 қағазы,смайликтер, тапсырма берілген бетшелер.

  2. Интербелсенді тақтамен көрсетілетін суреттер

Оқыту әдістері:

   Сыни тұрғыдан ойлау әдіс тәсілдері: миға шабуыл, ортадағы қаламсап

Дерек көздері:

  1. 5 сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы
  2. Ғаламтор желісінен алынған суреттер

Пәнаралық байланыс

   Қазақ әдебиеті,  тарих

Ұйымдастыру

2  мин

Оқушыларды түгендеу

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

Оқушыларға жылы атмосфералық жағдай туғызу (бір-бірімізге күлу)

Дауыссыз дыбыстар түрлері: Қатаң, Ұяң, Үнді

Блум таксономиясы алты ойлау деңгейі

Мақсат

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін

нәтиже

Бағалау

критерийлер

дескриптор

Ұпай

Көпір  сұрағы

 

4 мин

Көпір сұрақтары арқылы өткенді қайталау, көшбасшыларды тағайындау.

Тақырыпты ашу сұрақтары:

 1. Фонетика нені зерттейді?
 2. Дыбыстардың түрлерін атаңыз
 3. Қазақ әліпбиінде неше әріп, неше дыбыс бар?

Оқушылар ашық,  жабық сұрақтарға жауап бере отырып, әр топтан көшбасшылар сайланады.

Топтық жұмыс, жеке жұмыс

Оқушылар ашық, жабық сұрақтарға жауап бере алады.

Көпір сұрақтары арқылы тақырыпты өткенді қайталау.

Сұраққа толық жауап  берді

2

Орташа жауап берді 

1

Жауап жоқ

0

Миға шабуыл

«Суретті сөйлету»

6 мин

Миға шабуыл

Суретке қарап сөйлем құрау

(3 сөйлем)

 1. Экспо - 2017
 2. Универсиада Алматыда
 3. Маңғыстау - киелі мекенім.

 

Тақырыптарына сөйлем құрауға беру

 

 1. Экспо - 2017
 2.Универсиада Алматыда
 3. Маңғыстау - киелі мекенім.

 

Тақырыптағы суретке қарап оқушылар 3 сөйлем құрастырады.

Жеке жұмыс.

Суретті түсіне отырып,

тақырыпқа байланысты сөйлем құрастырады.

Суретті сөйлету

 

Суретке қарап 3 сөйлем құрастыра алады

2

Суретке қарап 2 сөйлем ғана құрай алады

1

Ойларын 1 сөйлеммен ғана шектелгендер

0

Мәтінмен жұмыс, ортадағы қаламсап әдісі

12 мин

 

«Пифагор қалай өмірге келді?» мәтінді оқиды, ортадағы қаламсап әдісі арқылы тақырыпты талдайды.

№ 268 жаттығуды орындау

«Пифагор қалай өмірге келді?»

 1. Мәтінді оқиды, мазмұнын ашады?
 2. Өзге тілден енген сөздерді табады
 3. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасайды

Мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі: «Пифагор Kids», Пифагор

 

 

 

Оқушы мәтінді 3 абзацқа бөліп оқиды, өзге тілден енген сөздерді табады, дыбыстық талдау жасайды.

 

Топтық, жеке жұмыс.

Мәтінді оқып, ортадағы қаламсап әдісімен тақырыпты өздері игере алады.

Мәтінді игере отырып, өзге тілден енген сөздерге дыбыстық талдау жасай алуы.

Тақырыпты түсініп  толық аша алады, барлық сөздерді таба алады, дыбыстық талдауды толық жасай алады.

2

Тақырыпты түсінеді, дыбыстық талдауды орташа деңгейде аша алды

1

Тақырыпты талдауда мұғалім көмегіне сүйенді.

0

Дауыссыз дыбыстарға байланысты тест сұрақтары

5  мин

Тақырыпқа байланысты деңгейлік жинақтау тестісін орындайды. Жұппен жұмыс арқылы бір-бірін тексереді.

Әр топқа деңгейлік тест сәкестендіру, қарапайым тест, адасқан әріпті табу, мәнінмен жұмыс тапсырмасын орындауға береді.  Жұппен жұмыс арқылы бір-бірін тексереді

Жеке жұмыс арқылы деңгейлік тест сәкестендіру, қарапайым тест, адасқан әріпті табу, мәнінмен жұмыс тапсырмаларын орындайды.

Жұппен жұмыс арқылы бір-бірін тексереді

Жеке  жұмыс арқылы тестіні орындай алады. Жұппен жұмыс арқылы бір бірін тексереді

Тестіні орындауда оқушылар жеке жұмыс жасайды. Жұппен жұмыс арқылы бір-бірін тексереді

Барлығын дұрыс орындады.

2

Орташа орындады.

1

Орындай алмады.

0

 

 

 

 

Тақырыпты өмірмен байланыстыру

«Кім жылдам» ойыны

2  мин

Сыныптағы қатаң дауысты дыбыстан басталатын қыз бала есімдерін, ұяң дыбыстан тұратын ер бала, үнді дыбыстан басталатын мұғалім есімдерін  атап береді.

Оқушыларға ортақ тапсырма беріп, топпен жұмыста қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын оқу құралдарын, ұяң дыбыстан басталатын ақын-жазушылар есімін, үнді дыбыстан басталатын қыз бала есімдерін тауып атап беру керек.

Дарынды оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып топпен  жұмыста қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын оқу құралдарын, ұяң дыбыстан басталатын ақын-жазушылар есімін, үнді дыбыстан басталатын қыз бала есімдерін тауып атайды.

 

Оқушылар қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын оқу құралдарын, ұяң дыбыстан басталатын ақын-жазушылар есімін, үнді дыбыстан басталатын қыз бала есімдерін тез атап бере алады.

Жекелеген оқушылар тез ойлана отырып қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын оқу құралдарын, ұяң дыбыстан басталатын ақын-жазушылар есімін, үнді дыбыстан басталатын қыз бала есімдерін тауып «Кім жылдам» ойыны арқылы сабақты бекіту

Қатаң, Ұяң, Үнді дауыссыз дыбыстарға есімдерді тез атай алады

 

2

Қатаң, Ұяң, Үнді дауыссыз дыбыстарға орташа жауап бере алды.

1

Жауап жоқ.

0

 

Кері байланыс:

2 мин

 

Кері байланыс

Мен бүгін.........................

Маған...........................

Мен үшін.....................

Егер де мен..................

Алдағы уақытта.........

Оқушылар сабақ туралы ойын еркін айтады.

Сабақ туралы кері байланыс орната алады.

 

 

 

Үйге тапсырма

1  мин

Шығармашылық тапсырмаға  ойтолғау жазып келу: 

  1. Экспо – 2017
  2. Универсиада Алматыда
  3. Маңғыстау - киелі мекенім.                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)