http://a-brands.kz/

Санды ондықтарға көбейту және бөлу

Ақтөбе қаласы «№15 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Бастауыш класс мұғалімі Сенгалиева Балауса Тоупихқызы

Математика

Уақыты: 23.12.17

Кабинет: 21

Мұғалім: Сенгалиева Б Т

Сабақтың тақырыбы

Санды ондықтарға көбейту және бөлу

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі, ғаламтор

Сабақтың жабдығы

суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Жалпымақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. Білімділік: Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу жолдарын қарастыру, меңгерту.
2. Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін, есептеу дағдыларын қалыптастыру, математикалық тілін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер  үлестіріледі.

Қолдарына алған қиындыларды құрастырып, сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар, бір–біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау

Көбейту кестесін еске түсіру

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.

Дәптермен жұмыс.

Қосымша тапсырма:

1-топ: 5 және 6 сандарының арасына қандай белгі қою керек, нәтижесінде шыққан сан 5-тен үлкен, 6-дан кіші болу қажет.

2-топ: Қайысысы көп – барлық сандардың көбейтіндісі ме, әлде олардың қосындысы ба?

3-топ: Қарбыз 20 теңге тұрады және тағы жарты қарбыз бар. Сонда қарбыздың бағасы қанша?

Сергіту сәті

   Ал, балалар, тұрайық.
   Алақанды ұрайық
   Оңға қарай иiлiп
   Солға қарай иiлiп
   Бiр отырып, бiр тұрып,
   Бойымызды созайық
   Белiмiздiжазайық.
   Оңға-оңға түзу тұр
   Солға-солға түзу тұр
   Жоғары-төмен қарайық
   Қолымызды созайық
   Бойымызға күш жинап
   Бiр шынығып алайық.

Ой толғаныс

Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Саған қайсы тапсырма қиын болды?

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Бағалау парақшасын толтырады

Кері байланыс


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)