Өлең, жыр, ақындар

«Материалтану» пәні бойынша тест тапсырмалары

Қарағанды гуманитарлық колледжі
Суйиндиков Жанболат Тоганбаевич
Арнайы пәндер оқытушысы

«Материалтану» пәні бойынша тест тапсырмалары

1. Ағаштың негізгі екі тобы тараған. Олар ... ?
А. Камбий және өзек.
Б. Жапырақты және қылқанды ағаштар.
С. Қарағай мен үйеңкі ағаштары.
Д. Қайын және қылқанды ағаштар.

Дұрыс жауабы: Б

2. Өзектің қаттылығы ағаштың діңіне қандай қасиет береді?
А. Беріктік.
Б. Ылғалдық.
С. Жылу өткізгіштік.
Д. Ісіну.

Дұрыс жауабы: А

3. Ағаштың өзегі – бұл ... ?
А. Тек бірқатар клеткалардан тұрады.
Б. Камбидің сырт жағында орналасқан.
С. Сыртқы қабат ретінде оны қоршаған ортаның әсерінен сақтайды.
Д. Ағаштың негізі, ядросы.

Дұрыс жауабы: Д

4. Камбий қабатының қызметі?
А. Ағаштың ішкі жағынан – жаңа қалың қабат, ал сыртқы жағынан – жұқа флоэма қабатын қалдыру. Оның қызметі арқылы ағаш діңі жылдан-жылға жуандай түседі.
Б. Ол түтікшелер арқылы су мен минералдық заттар ағаштың бүкіл бойына таралады.
С. ыртқы қабат ретінде оны қоршаған ортаның әсерінен (күннің қызуынан, жаңбырдан, аурулардан, бактериялардан т.б.) сақтайды.    
Д. Ағаштың басқа бөліктеріне тасымалданады.

Дұрыс жауабы: А

5. Өсіп тұрған ағаш неше бөліктен тұрады?
А. Ұшар басы, діңі, тамыры.
Б. Тангенциалды және радиалды.
С. Діңінен.
Д. Өзегі және камбий қабатынан.

Дұрыс жауабы: А

6. Сүректің макроскопиялық құрылысын анықтау үшін, көмектесетін ең негізгі анатомиялық элементтері?
А. Жылдық сақинасы.
Б. Ірі түтіктер.
С. Жылдық сақина, өзек сәулелері, сосудтар, шайыр жолдары, ядро және шел қабық .
Д. Ұшар басы.
Дұрыс жауабы: С

7. Жайылған сосудты ағаштарға қандай ағаштар жатады?
А. Емен, шетен, шегішін, қарағаш жатады.
Б. Грек жаңғағы, қайың, терек, жөке, көк терек, алмұрт жатады
С. Қарағай мен үйеңкі ағаштары.
Д. Май қарағай, қарағай, бал қарағай, арша, тисс.

Дұрыс жауабы: Б

8. Сақиналы сосудты ағаштарға қандай ағаштар жатады?
А. Емен, шетен, шегішін, қарағаш жатады.
Б. Грек жаңғағы, қайың, терек, жөке, көк терек, алмұрт жатады
С. Қарағай мен үйеңкі ағаштары.
Д. Май қарағай, қарағай, бал қарағай, арша, тисс.

Дұрыс жауабы: А

9. Ядросы бар қылқан жапырақты ағаштарға қандай ағаштар жатады?
А. Емен, шетен, шегішін, қарағаш жатады.
Б. Грек жаңғағы, қайың, терек, жөке, көк терек, алмұрт жатады
С. Қарағай мен үйеңкі ағаштары.
Д. Май қарағай, қарағай, бал қарағай, арша, тисс.

Дұрыс жауабы: Д

10. Ағаш тамырының қызметі?
А. Ағашты тік ұстап тұрады және бұкіл минералды заттарды, суларды, пайдалы заттардың қорын өткізеді.
Б. Сыртқы температурадан қорғайды.
С. Камбий қабатын түзеді.
Д. Сыртқы механикалық ақаулардан қорғайды.

Дұрыс жауабы: А

11. Ағаштың негізгі физикалық қасиеттеріне мыналар жатады.....
А. Иілгіштігі, беріктік,
Б. Беріктік, қаттылық.
С. Түрі-түсі, ылғалдылығы, тығыздығы, жылу өткізгіштігі, дыбыс өткізгіштігі, тоқ өткізгіштігі.
Д. Беріктік, қаттылық, түрі-түсі.

Дұрыс жауабы: С

12. Ағаштың негізгі механикалық қасиеттеріне мыналар жатады ....
А. Иілгіштігі, беріктік,
Б. Беріктігі, қаттылығы, деформациялық тұтқырлығы т.б.
С. Түрі-түсі, ылғалдылығы, тығыздығы, жылу өткізгіштігі, дыбыс өткізгіштігі, тоқ өткізгіштігі.
Д. Беріктік, қаттылық, түрі-түсі.

Дұрыс жауабы: Б

13. Ағаштың беріктігі деп - ...?
А. Ағаштың түрі оның климаттық және қандай жерде өскеніне, жасына байланысты өзгеріп отыруын атайды.
Б. Су, ылғал тиген кезде көлемін ұлғайтуды, оның ісінуі болады.
С. Түрі-түсі, ылғалдылығы, тығыздығы, жылу өткізгіштігі, дыбыс өткізгіштігі, тоқ өткізгіштігі.
Д. Оның сыртқы механикалық күштерге қарсы тұрып, бұзылмай өзінің пішіні мен түрін сақтауын айтады.

Дұрыс жауабы: Д

14. Сүрек кемістіктері дегеніміз не?
А. Сүректің сырқы түрінің өзгеруі, құрылыстың бұзылуы, жасушаларының және клетка қабықтарының бұзылуы, сапасының төменделінуі  және оны қолдану  мүмкіндігінің шектелуі.
Б. Су, ылғал тиген кезде көлемін ұлғайтуды, оның ісінуі
С. Түрі-түсі, ылғалдылығы, тығыздығы, жылу өткізгіштігі, дыбыс өткізгіштігі, тоқ өткізгіштігі.
Д. Оның сыртқы механикалық күштерге қарсы тұрып, бұзылмай өзінің пішіні мен түрін сақтауын айтады.

Дұрыс жауабы: А

15. Ұйысу бұл ...
А. Өзектің қосарланып өсуі.
Б. Бұл талшықтардың ирелеңдеп немесе ретсіз орналасуы, көбінесе бал қарағай жыныстарында кездеседі.
С. Бал қарағай жыныстылар сүректерінің қара түсті ішкі аймағы осылай аталады.
Д. Аяздан болған ағаш кемістіктері.

Дұрыс жауабы: Б

16. Діңгектен кесіп алынған сортименттерде оның жекелеген ұштарға бөлінуі тұсында екі өзекше, кейде одан да көп өзекшенің болуы?
А. Ядро.  
Б. Рак.
С. Қосарлы өзекше.
Д. Жалған ядро.

Дұрыс жауабы: С

17. Өсіп тұрған ағаш діңгегі бетіне зиянкестермен бактериялардың әрекеті нәтижесінде пайда болатын жара?
А. Ядро.
Б. Рак.
С. Қосарлы өзекше.
Д. Жалған ядро.

Дұрыс жауабы: Б

18. Қылқан жапырақты ағаштар?
А. қарағай, шырша, балқарағай, майқарағай, самырсын т.б.
Б. емен, шаған, қайың, көктерек, қаратерек, шамшат, үйеңкі т.б.
С. Қарағай, шырша,  емен, шаған, қайың,
Д. Барлық жауаптар дұрыс.

Дұрыс жауабы: А

19. Жапырақты ағаштар?
А. қарағай, шырша, балқарағай, майқарағай, самырсын т.б.
Б. Емен, шаған, қайың, көктерек, қаратерек, шамшат, үйеңкі т.б.
С. Қарағай, шырша,  емен, шаған, қайың,
Д. Барлық жауаптар дұрыс.

Дұрыс жауабы: Б

20. Фанера ....
А. Ағаш ақауы.
Б. Бұтақсыз, қабығымен бірге кесілген ағашты атайды.
С. Үш немесе одан да көп қабыршықтарды жұқа парақ түрінде өндірілетін өнімді бір-біріне беттестіріп желімдеу арқылы алынатын материал.
Д. Барлық жауаптар дұрыс.

Дұрыс жауабы: С

21. Металдар негізгі топтарын  атаңыз ?
А. Қара және түсті металдар.
Б. Мыс және аллюминий металдары
С. Болат және шойын металдары.
Д. Барлық жауаптар дұрыс.

Дұрыс жауабы: А

22. Қара металдар қорыптасының құрамындағы көміртектің үлесіне қарай  ..... бөлінеді.
А. Жез және қола.
Б. Шойын және болат.
С. Мыс және алтын.
Д. Никель және хром.

Дұрыс жауабы: Б

23. Қара металдардың қасиетін өзгертуге әсер ететін негізгі элемент ..... болып табылады.
А. Кремний.
Б. Көміртек.
С. Цинк.
Д. Дұрыс жауап жоқ.

Дұрыс жауабы: Б

24. Болаттың қолданылуына байланысты ...... деп  бөлінеді.
А. Құрылымдық, аспаптық және арнайы мақсатқа арналған.
Б. Сапалы және көміртекті.
С. Құрылымдық және көміртекті.
Д. Көміртекті және сапалы.

Дұрыс жауабы: А

25. Өте илемді және тығыздығы төмен, тоқ және жылу өткізгіштігі жоғары, коррозияға төзімді ақ түсті металл?
А. Мыс  
Б. Болат
С.Шойын
Д. Алюминий

Дұрыс жауабы: Д

33. Мыс - ....
А. Қызыл күлгін металл, тоқ өткізгіштігі жоғары, коррозияға төзімді.
Б. Қызыл күлгін металл, тоқ өткізгіштігі жоғары, коррозияға төзімсіз.  
С. Қызыл күлгін металл, тоқ өткізгіштігі төмен, коррозияға төзімді.
Д. Қызыл күлгін металл, тоқ өткізгіштігі төмен, коррозияға төзімсіз.

Дұрыс жауабы: А

34. Дәнекерлеуге арналған қорытпалардың негізгі компоненттері?
А. Мыс және алюминий.
Б. Жез және алюминий.  
С. Мыс және жез.
Д. Қалайы мен қорғасын.

Дұрыс жауабы: Д

35. Мельхиор - .....
А. Алюминий қорытпасы.
Б. Шойын  қорытпасы.
С. Ақ түсті мыстың никельмен қорытпасы.
Д. Дұрыс жауап жоқ.

Дұрыс жауабы: С

36. Кристалдану дегеніміз не?
А. Балқу шегі
Б. Шойын  қорытпасы.
С. Сұйық жағдайдан қатты жағдайға өту.
Д. Балқу температурасы.

Дұрыс жауабы: С

37. Қорытпалар деп..... ?
А. Корризияға төзімсіз металдар.
Б. Екі немесе одан көп құраушылардан құралған (химиялық дербес заттар) балқымалардың қатаюы нәтижесінде түзілетін денелер.
С. Сұйық жағдайдан қатты жағдайға өту.
Д. Барлық жауаптар дұрыс.

Дұрыс жауабы: Б

38. Металдың механикалық қасиетіне:
А. Қаттылығы, беріктігі, серпімділігі, иілгіштігі және тұтқырлығы
Б. Серпімділігі, балқу температурасы.  
С. Түсі, тығыздығы, балқу температурасы, тоқ өткізгіштігі.
Д. Барлық жауаптар дұрыс.

Дұрыс жауабы: А

39. Металдың физикалық қасиетіне...
А. Қаттылығы, беріктігі, серпімділігі, иілгіштігі және тұтқырлығы
Б. Серпімділігі, балқу температурасы.  
С. Түсі, тығыздығы, балқу температурасы, тоқ өткізгіштігі.
Д. Барлық жауаптар дұрыс.

Дұрыс жауабы: С

40. Металдың технологиялық қасиетіне ....
А. Қаттылығы, беріктігі, серпімділігі, иілгіштігі және тұтқырлығы
Б. Созымды, қақталғыш, сұйық-аққыштық, пісіруге икемділік, кесуге өңделгіш, коррозияға және тозуға төзімділік  
С. Түсі, тығыздығы, балқу температурасы, тоқ өткізгіштігі.
Д. Барлық жауаптар дұрыс.

Дұрыс жауабы: Б

41. Металлографиялық талдау ....  болып екi түрге бөлiнедi.
А. Макро- және микроталдау
Б. Қарама–қарсы.
С. Роквелл және Бриннел
Д. Барлық жауаптар дұрыс.

Дұрыс жауабы: А

42. Металдар мен қорытпалардың iшкi құрылымын жай көзбен қарап немесе 30 есеге дейiн ұлғайтып қарап зерттеу әдiсiн ......  деп атайды.
А. Микроталдау
Б. Қарама–қарсы.  
С. Макроталдау
Д. Барлық жауаптар дұрыс.

Дұрыс жауабы:С

43. Металдың құрылысын электрондық және оптикалық микроскоп көмегімен анықтау әдісін .....  деп атайды.
А. Микроталдау
Б. Қарама-қарсы.
С. Макроталдау.
Д. Барлық жауаптар дұрыс.

Дұрыс жауабы: А

44. Термиялық өңдеудің негізгі түрлері.
А. Шынықтыру
Б. Босаңдату.
С. Нормальдау.
Д. Барлық жауаптар дұрыс

Дұрыс жауабы: Д

45. Термиялық өңдеу деп...
А. Қорытпалардың қасиеттерін өзгерту мақсатымен температуралық әсер ету процесін айтады.
Б. Болаттың беткі қабатының химиялық құрамын, құрылымын және қасиеттерін өзгерту мақсатымен өңделетін бұйымның беткі қабатын көміртекпен, азотпен, басқа да элементтермен диффузиялық қанықтыру процесін айтады.
С. Қара металл қорытпалары.
Д. Барлық жауаптар дұрыс.

Дұрыс жауабы: А

46. Химиятермиялық өңдеу (ХТӨ) деп .....
А. Қорытпалардың қасиеттерін өзгерту мақсатымен температуралық әсер ету процесін айтады.
Б. Болаттың беткі қабатының химиялық құрамын, құрылымын және қасиеттерін өзгерту мақсатымен өңделетін бұйымның беткі қабатын көміртекпен, азотпен, басқа да элементтермен диффузиялық қанықтыру процесін айтады.
С. Қара металл қорытпалары.
Д. Барлық жауаптар дұрыс.

Дұрыс жауабы: Б

47. Металдардың сұйық күйден қатты күйге өту процесі......деп аталады.
А. Морт сынғыш.
Б. Сұйықтану.
С. Қатаюы.
Д. Кристалдану.

Дұрыс жауабы: Д

48. Ағаштың ақауын көрсетіңіз
A. ағаштың өзегі
Б. тақтай
С. фанера
Д. бұтақ

Дұрыс жауабы: Д

49. Атомдары кеңістікте бейберекет орналасқан затты қатты заттар.....деп аталады.
А.Кристалдық.
Б. Қатты.
С Күрделі.
Д. Аморфтық.

Дұрыс жауабы: Д

50. Атомдары (иондар) кеңістікте қатаң тәртіпте және дұрыс геометриялық пішіндегі кристалдық тор түзетін қатты заттар......деп  аталады.
А. Аморфтық.
Б. Қатты.
С. Кристалдық.
Д. Электрлік.

Дұрыс жауабы: С


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз