Шаршы, шеңбер, үшбұрыш

Орал қаласындағы  №15 «Ақбота» бөбекжайының
тәрбиешісі Сандибекова Индира Берікқызы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Күні,айы,жылы:  

Білім беру саласы: "Таным"

Бөлімі: Математика

Тақырыбы: "Шаршы, шеңбер, үшбұрыш"

Мақсаты: Шаршы, шеңбер,үшбұрыш пішіндерімен таныстыру.

Міндеттері: Шаршы, шеңбер, үшбұрыш пішіндерімен таныстыру; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен- кіші) және санына қарай (бір -көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал -жабдықтар: әр түрлі пішіндер, жай қарындаш, тәрелкеге әр балаға картоннан қиылған пішіндер, логикалық тапсырмалар.

Сөздік жұмыс: шеңбер, үшбұрыш, шаршы.

Билингвальді компонент: шеңбер - круг, шаршы - квадрат, үшбұрыш - треугольник.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық - қозғаушылық

 Тосын сәт:

Есік қағылып ішке қуыршақ Айгерім кіреді.

- Сәлеметсің бе, қуыршақ -Айгерім?

- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен - қуыршақ Айгеріммін. Балалар мен жұбақтардың шешуін таба алмай сіздерден көмек сұрап келдім.

Тәрбиеші: Балалар қуыршақ -Айгерімге көмектесемізбе?

Балалар тосын сәттін куәсі болады.

 

-Иә

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Айгерім қуыршақ: Олай болса балалар мен жұмбағымды жасырайын.

Жұмбақтар.

Үш бұрышы, үш жағы бар.

Тәрбиеші: Бұл -үшбұрыш.

Неге үшбұрыш деп айтамыз?

Үшбұрыштың түсі қандай?

Менің қолымдағы үшбұрыштардың көлемі қандай?

-Алдарындағы пішіндердің ішінен үшбұрышты көрсетіндерші.

Қуыршақ Айгерім:Дұрыс айтасыңдар балалар, келесі жұмбағымды жасырайын.

Төрт бұрышы бар,

Төрт қабырғасы бар.

Шаршы неге ұқсайды?

-Алдарындағы пішіндердің ішінен шаршыны көрсет.

шаршының түсі қандай?

Жұмбақтың шешуін табады.

 

 

-Үшбұрыш.

 

-Оның үшбұрышы бар.

-Сары үшбұрыш.

Үлкен -кіші.

 

-Көрсетеді.

Жұмбақтардың шешуін табады.

-Шаршы.

-Терезе,есік, тақта.

- Көрсетеді.

-Қызыл шаршы.

 

Тәрбиеші: Қарандаршы балалар, Айгерім көңілсіз болып қалды ғой, сұрап көрейікші, неге көңілсіз екен?

-Айгерім саған не болды?

-Мен мысығымды сағындым.

-Айгерім, саған біздің балалар пішіндерден мысық құрастырып береді.

Айгерім қуыршақ: Сендер маған пішіндерден мысығымды құрастырып бере аласындар ма?

Тәрбиеші: Ой, қандай керемет, балалар! Енді құрастырған мысықты жинап бір шетке қойындар да орындарыңнан тұрып мысыққа арнап тақпақ айтып беріндер.

Айгерім қуыршақ: Балалар мен қандай серігіп қуанып қалдым. Ендеше тағы бір жұмбақ жасырайын.

Допқа өзі ұқсайтын,

Ерекше бір пішін бір.

Атын оның атаңдар.

Тәрбиеші:

 

-Әрине.

Мысықты құрастырады.

 

Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы,

Елден бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті -қолын жуады.

 

-Шеңбер.

 

 

Шеңбердің түсі қандай?

Шеңбер неге ұқсайды?

Алдарындағы пішіндердің ішінен шеңберді  көрсетеміз.

Билингвальді компонент: шеңбер - круг, шаршы - квадрат, үшбұрыш - треугольник

Тәрбиеші: Балалар біздерге Айгерім қуыршақ логикалық тапсырма алып келген орындаймыз ба?

Логикалық  ойын ойнайықшы.

Тақырыбы: «Сәйкестендір»

Нұсқау: Әр затты сәйкес келетін пішіндермен сызық арқылы қосамыз.

Тәрбиеші: Қарандаршы балалар, Айгерім тағыда көңілсіз болып қалды ғой, сұрап көрейікші, неге көңілсіз екен?

-Айгерім саған не болды?

Айгерім қуыршақ: Балалар мен ән айтқым келіп тұр.

Тәрбиеші: Балалар Айгеріммен бірге ән айтамыз ба?

Ән: "Пішіндер"

Тәрбиеші: Балалар жарайсындар, әнді керемет айттындар.

-Көк түсті.

- Допқа, алмаға, күнге.

 

 

 Балалар қостілде қайталайды.

 

 

 

Логикалық тапсырманы орындайды.

 

-Иә.

 

-Әнді бірге орындайды.

 

Айгерім қуыршақ: Балалар мен бүгінгі күнді өтте сәтті өткіздім сіздермен. мен сіздерге тәттілер әкелдім. Тәттілерді үйлестіреді.

- Балалар тәттілерге риза болады.

 

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: Логикалық тапсырманы орындай алады;;

Түсінеді: топтағы заттарды бір -біріне қою арқылы олардың саны жағынан тең келетінін;

Қолданады: геометриялық фигуралар - шеңбер, үшбұрыш және шаршы туралы түсінікті.

 

Қолданылған әдебиет:
1. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жұмыс дәптер +3
2. Балабақша меңгерушісі және әдіскер 2012 жыл №6
3. Бала мен балабақша 2011 жыл №3
4. Балапан әлемі 2014 жыл №4
5. Балапан әлемі 2015 жыл  №1



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)