Өлең, жыр, ақындар

Сабынның құрамы мен алынуы

М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі
Өндірістік оқыту шебері: Сапар Марина Кәрібайқызы

Сабақтың тақырыбы: Сабынның құрамы мен алынуы

Сабақтың білімділік мақсаты: сабынның құрылысы, қасиеттері, алыну әдістерін үйрету.

Сабақтың дамытушылық  мақсаты: білім алушылардың ой - өрісін дамыту, теориялық алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: білім алушылардың өздері таңдаған мамандығына құштарлығын, еңбекке деген икемділігін арттыруға ықпал жасау. Өзін-өзі бағалауға және адалдыққа, тазалыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Қажетті құрал–жабдықтар:

1. Фарфор табақша                       8. Шыны таяқша                                            
2. Сүзгі қағазы                              9. Воронка                                                    
3. Стакан 250мл                            10. Қыздырғыш пеш                             
4. Дистельденген су                     11. Натрий гидроксидіNaOH                        
5. Қасық                                       12. Этиль спирті                                                      
6. Бояулар                                   13. Май (зәйтүн, бадам, т.б )                          
7. Тұз қышқылы  NaСl                   14. Қалыптар

Көрнекілігі:  Слайд, зертханалық тәжірибе, бейне тәжірибе, маркер тақтасы.

Сабақтың түрі: ашық сабақү

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А. Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Б. Білім алушылардың арнайы киімдерін тексеру

ІІ. Кіріспе нұсқау:

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау және түсіндіру

2. Өткен сабақ  бойынша білім алушылардың білімдерін тексеру:

1. Күрделі эфирлердің физикалық қасиеттерін атаңыз. (өзіне тән иісі бар, суда іс жүзінде ерімейтін сұйықтықтар)
2. Сұйық майлар табиғатта қайда кездеседі? (өсімдіктерде)
3. Қатты майлар қайда кездеседі? (жануарларда)
4. Күрделі эфир түзілу реакциясы қалай аталады? (этерификация)                                                                              
5. Этерификация реакциясында тепе - теңдік күрделі эфир түзілу бағытына қарай ығыстыру үшін не істеу қажет? (қышқыл қосу керек)  
6. Күрделі эфирлер қайда қолданылады? (еріткіш, ароматизатор, парфюмерия)

3. Білім алушыларға жаңа сабақ бойынша нұсқау беру:
1) Сабын — жоғары карбон қышқылдарының тұздары RCOOMe.
2) Неге сабын алу реакциясы «сабын қайнату» деп аталады және майды неден қайнатады? (май мен сілті қатысында жүретін ұзақ процесс)
3) Синтетикалық жуғыш заттар мен сабынның айырмашылығы. (кермек суда ерігіштігі әртүрлі)
4) Сабын алу реакциясы (май + NaOH → глицерин + сабын)
5) Сабынның құрамына қандай тұздар кіреді? ( пальмитин С₁₅Н₃₁СООН және стеарин С₁₇Н₃₅СООН қышқылдарының тұздары /негізінен, натрий мен калий тұздары/ кіреді.

ІІІ. Ағымдық нұсқау:
- Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу
- Тексеру мақсатында білім алушылардың жұмыс орындарын аралау
- Білім алушылардың жаттығу жұмыстарын орындау үшін технологиялық нұсқау бойынша жұмыс жасауларын ұйымдастыру
- Білім алушылардың жұмыс орындарын ережеге сай ұйымдастырылуын тексеру
- Жұмыста қолданылатын жұмыс құралдарының жұмысқа жарамдығын тексеру
- Жұмыстың уақытылы басталуын білім алушылардың, іс-қималдарының дұрыстығын, құралдарды қолдану әдіс–тәсілінің дұрыстығын тексеру
- Жаттығу жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау
- Жұмысты орындау кезінде білім алушылардың жіберген қателіктерін ескертіп, түзету және қосымша нұскау беру
- Білім алушылардың орындаған жұмыстарын қабылдап алу, тексеру
- Жұмыс орындарының тазалығын, құрал-аспаптардың дұрыс жиналуын тексеру

ІV. Қорытынды нұсқау:
- Сабақты қорытындылау, бағалау.
- Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігін сараптай отырып, білім алушылардың жақсы жұмыстарын атап өту.
- Үйге тапсырма беру: сабынның құрамы мен қасиетін білу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер