Өлең, жыр, ақындар

Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі

Тақырыбы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Сабақ: 4/10  

Мұғалімнің аты-жөні: Марипова Арайлым Серіқызы

Сынып: 5 «А»

 Мектеп: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.О4. ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру;

5.О6. оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу; 

5.ӘТН4.3. сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

 Мәтіндегі ауызекі стильдерді анықтайды; мазмұнын түсініп оқиды; сын есімнің шырайларын біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

 Мәтін тақырыбын анықтайды, нақты ақпаратты табады, шырай түрлерін ерекшелігін біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады:

 Мәтіннің тілдік құралдарын салыстырады, нақты ақпаратты табады, сын есімнің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін талдай алады.

Оқу мақсатының деңгейлері

Жоғары деңгей дағдылары

Тілдікмақсат

Оқушылар орындай алады: мәтінді түсініп оқиды, мәтіндерді тақырыбына, мазмұнына, тілдік құралдарына қарай салыстыра алады, нақты ақпарат таба алады, сын есімнің шырай түрлерін біледі, топтарды бағалай алады.

Пәнге қатысты сөздікқор мен терминдер:  «Қызыл кітап», Халықаралық одақ, Жер -Ана

Талқылауға арналған сұрақтар: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі жайлы не білеміз? Жануарлар мен өсімдіктерге сен қорғауға қаншалықты үлес қосып жүрсің?

Құндылықтар

Табиғатты тану, оны қорғай білу.  Өз Отанын сүюге үйрету.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, қазақ әдебиеті.

Бағалау критерийі

  - Мәтіндегі ауызекі стиль элементтерін анықтап,тақырыбы мен тілдік құралдарды салыстырады.

  - Мәтіннің жалпы мазмұнын түсіне отырып, мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтайды.

  - Сын есімнің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін таниды.

  - Оқушылар уақытты тиімді пайдалана алады, тапсырмалар орындауға топ мүшелері толық қатысып отырады.

Алдыңғы оқу:

 Жеміс ағаштарының түрлерін ажырата алады, оны баптауың жолын біледі.

Жұмыс жоспары

Жоспарланған уақыт 

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5-мин

1.Ұйымдастыру кезеңі

  Сыныпта эмоционалды-позитивті көңіл-күй қалыптастыру мақсатында «Табиғат – адамзатқа аманат» атты 2 минуттық бейнероликті көрсетемін.

 1. Бейнеролик арқылы не байқадыңдар?

 2. Адамдардан басқа қоршаған ортада тағы қандай тірі тіршілік иелері бар?

Оқушылардың жауабы:

 - керемет табиғатты, қоршаған ортаны көрдік.

 - Адамнан басқа тірі тіршілік иелері бар. Олар: жануарлар мен өсімдіктер.

 - Бәрекелді, дұрыс айтасыңдар, ендеше біз осы уақытқа дейін «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі» бөлімін өттік, бүгінгі тақырыбымыз қорытынды болып табылады.

Топтастыру

Оқушылар мұғалім партасының үстінде жасырылып тұрған бірнеше жануарлар мен өсімдіктердің суреттерін таңдап алады. Кімге қандай сурет түсті, сол арқылы топқа бөлінеді.

1-топ – «Жануарлар әлемі»

2-топ – «Өсімдіктер әлемі»

  Сабақ мақсатын слайд арқылы көрсетемін. Енді сол арқылы оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтағы мақсатын айқындайды.

  -  Ауызекі стиль ерекшеліктерін білу.
  -  Мәтіннен нақты ақпаратты анықтау
  -  Сын есім шырайларын топтастыру
  -  Қарсы топты әділ бағалау....

2. Өткен сабақ бойынша қайталау мақсатында берілетін тапсырма. «Қатесін тап» әдісі бойынша жүргізіледі. Екі топқа да бірдей тапсырма беріледі. Олар берілген сөйлемдердегі ақпараттың дұрысын табады.

  1. Жеміс бақшада өседі.  
  2. Асқабақ ағашта өседі.
  3. Құлпынай жидекке жатады.
  4. Қырыққабат сүйекті жеміс
  5. Сәбіз бақшада өседі.  
  6. Қарбыздың дәмі ащы болады.
  7. Жүзім бақшада өседі.
  8. Банан Шымкентте өседі.
  9. Шабдалы жеміске жатады.
  10. Пияз тәтті.

Бағалаушы – бағыттаушы бағытындағы керібайланыс.«Ішінде-сыртында» әдісі арқылы әр топ өз пікірін білдіреді. Әр топтан 1 оқушы сөйлейді.

 

АКТ https://www.youtube.com/watch?v=ptfNTXDvjAg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ Microsoft Power Point

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қатесін тап» әдісі

 

 

 

 

«Ішінде-сыртында» әдісі

Ортасы

35 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма. Сын есімге қатысты «Экспресс-жауап» әдісі арқылы оқушыларға кестелер беріледі. Осы кестені толтыру арқылы деңгейлері анықталады. 2 минут

Сын есімнің ережесі

Сын есімнің сұрағы

Сын есімнің түрлері

Сын есімнің шырайлары

Сын есімнің шырай формаларына мысал

 

 

 

 

 

Дескриптор

- Төмен деңгей- сын есімнің ережесі мен сұрағын таба алады;

- Орта деңгей – сын есімнің ережесі, сұрағы және түрлері мен шырай формаларын таба алады;

 - Жоғары деңгей – сын есімге қатысты барлық кестені толырып, шырай формасына мысалдар келтіре алады.

Бағалаушы кері байланыс жүзеге асады. Берілген уақыт аяқталған соң, оқушыларға  нақты толтырылған кесте беріледі. Оқушылар өздерінің жазғаны мен берілген кестені салыстыра отырып өздерін (+) бағалайды. Кім қанша (+) жинағаны белгілі болады.

2. Тапсырма Төмендегі екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз.

 -Бұл тапсырмалар топпен бірлесе отырып орындалатын жұмыстар. Сондықтан топта ұйымшылдықпен, жауапкершілікпен, белсенді түрде қатысып отырамыз. 

1-мәтін
 Жәудір:Бота, кешегі газетті оқыдыңыз ба?
 Бота: Не боп қапты, Жәудір?
 Жәудір: Газеттің төртінші бетін ашыңызшы.
 Бота: Иә, аштым.
 Жәудір: Сіздің мақалаңыз шығыпты.
 Бота: Қойш, рас па?
 Жәудір: Иа, рас. Құттықтаймын. Қазақстандағы жануарлар мен өсімдіктер жайлы керемет мақала жазыпсыз.

2-мәтін

Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады.

  -  Екі мәтіннен қандай айырмашылық, ерекшеліктер байқадыңдар?
  -  Екі стильді төмендегі кесте бойынша салыстырыңдар.

 

Дескриптор

 - әр мәтіннің тақырыбын сөз тіркесімен береді;

 - әр мәтіннің қысқаша мазмұнын 3 сөйлеммен жеткізеді;

 - мәтіндердегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріпжазады.

Бағалаушы-бағыттаушы керібайланыс «Сэндвич» әдісі арқылы жүргізіледі.Әр топ бірін-бірі бағалайды.

 

   Жауабының  1 дұрыс тұсын көрсетеді

   Тапсырма орындаудағы 1 кемшілік        

    Жауап беру кезіндегі ең ұтымды 1 сөзі

 

3-тапсырма.

1-топ. Берілген мәтінді түсініп оқыңдар, мәтінен нақты ақпаратты тауып, «Рас па?» әдісі арқылы анықтаңдар.

 - Оқушылар, бұл тапсырмада нақтылық қажет. Мәтінді мұқият оқыңдар.

1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары Халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап «Деректердің Қызыл кітабы» деп аталды. Ал Қазақстанда Қызыл кітап 1978 жылы басылып шықты. Оған республикамыздағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер енгізіліп, қорғауға алынды. Қазақстанның әр жерлерінде қорық ұлттық саябақтар құрылды

Рас па?

 

Иә

Жоқ

1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары Халықаралық табиғатты қорғау одағын құрғаны рас па?

 

 

Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарғаны рас па?

 

 

Қазақстанда Қызыл кітап 1978 жылы басылып шыққаны рас па?

 

 

Қазақстанның әр жерлерінде қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылғаны рас па?

 

 

 Дескиптор

  - мәтінді оқып отырып, мәліметтерді түртіп отырады;

  - жинақталған мәліметтерден 4 маңызды ақпаратты анықтайды; 

  - ақпараттардың шындығын дәлелдей алады.

  2-топ. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, шырай түрлеріне топтастырады.

Табиғат! Осы бір жүрекке жылы,көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзге қаншама мазмұн, терең мағына, ұлағатты ұлы ұғым,  тұжырымы кең ой жатыр десеңші!

Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі,құт – берекесі. Ал  адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені,адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы, сондықтан да адамның табиғатты «ана» деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр.Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей етене байланыста өтіп жатыр. Сан ғасырлар бойы халқымыз сол өзін аялаған табиғат аясында тіршілік ете жүріп, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды пікірлер көбірек айтылып келді.

Жай шырай

Салыстырмалы шырай

Күшейтпелі шырай

Асырмалы шырай

 

 

 

 

 

 

 

 

 - Осы тапсырмаларды орындау арқылы қазақ тілінің қаншалықты бай екенін көруге бола ма?
 - Сендер осы қазақ тілімен мақтану керексіңдер.
 - Әлемде қанша тіл бар, бірақ, дәл қазақ тілі сияқты әрі бай, әрі көркем, әрі таза тіл жоқ. Өз тілдеріңді құрметтей біліңдер!

Дескриптор.

 - Мәтіннен сын есімнің шырай түрлерін таба алады;
 - Сын есімнің шырай түрлерін ерекшеліктерін тани алады.
 - Шырай түлерін топтасрыа алады.

Кері байланыс.  «Бақылаушы» әдісі арқылы кері байланыс ұсынылады. Әр топтан бір оқушы бақылаушы болып тұрады. Қолындағы бақылау парағымен келесі топты бақылап, кері байланыс ұсынады.

1-топ

Сұрақтары

Баға

1

Ақпарат нақты ма?

 

2

Сұрақтарға дұрыс жауап бере алды ма?

 

3

Тапсырмаға бәрі толық қатысып отыр ма?

 

4

Уақытында аяқтады ма?

 

2-топ

Сұрақтары

Баға

1

Сын есімдерді таба алды ма?

 

2

Шырай түрлеріне дұрыс топтастыра алды ма?

 

3

Тапсырмаға бәрі толық қатысып отыр ма?

 

4

Уақытында аяқтады ма?

 

3. Ерекеше қадағалауды қажет ететін балалармен (инклюзивті) жұмыс. Сыныптағы ерекше қадағалауды қажет ететін оқушыларға беріледі.

                         1-топ

2-топ

Кері байланыс. Оқушы ынтасын артттыру мақсатында «Тәтті беру» әдісі бойынша конфет беріледі. Келесі сабақта осындай белсенділік танытса тағы да берілетінін ескертемін.

«Экспресс-жауап» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Салыстыру» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://smk.edu.kz/Course/Topic/16/2675

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маркер

 

 

 

 

Кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сэндвич» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://infourok.ru/tabiat-tirshilik-kzi-trbie-saati-278101.html

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

Маркер, А4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бақылаушы» әдісі

 

«Тәтті беру» әдісі

 

 

Соңы

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

Сабақты қорыту

Жүрегімде тербеген бір арман бар
Аман болсынаңдар, құстар, ормандар.
Ақыл ойды жоюға емес адамдар
Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар.
Табиғатты сақтаңдар, Құстарды атпаңдар.
Гүл жайнаған жерімді, Аялаңдар сақтаңдар.

Кері байланыс. «Сақина» әдісі арқылы жүргізіледі. Слайд арқылы тақтада бүгінгі тақырып бойынша бірнеше іс-әрекеттер көрсетіледі. Осы әрекеттерді қаншалықты орындағанын «Сақина» арқылы белгілейді.

Сын еімге қатысты

Тапсырмаларды орындай сәтінде

Кері байланыс беру кезінде

1. Сын есімге қатысты
        - Сын есімнің ережесін толық жазса
        - Сын есімнің сұрағын нақты тапса
        - Сын есімнің түрлерін таба алса
        - Сын есімнің шырай формаларын анықтай алса
        - Сын есімнің шырай формасына мысал дұрыс берсе
2. Тапсырмаларды орындау сәтінде
      - 1-тапсырма бойынша кестені дұрыс толтырса
      - 2-тапсырма бойынша ақпаратты нақты таба алса, шындығын дәлелдей алса
      - Мәтіннен сын есімді дұрыс тауып, оны шырай формаларына топтастыра алса
      - Тапсырма орындауда белсннділік танытса
3. Кері байланыс беру кезінде
    -  өз-өзін әділ бағаласа
    - екінші топқа мақтау сөздер мен ұсыныс айта алса

Үйге: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіне сен қаншалықты қорғау көрсетіп жүрсің? Осы тақырыпта шағын эссе жазып келу.

 

 

 

 

 

 

 

«Сақина» әдісі

 

 

 

АКТ Microsoft Power Point

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат

1.Саралау –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

1.Оқушыларға мейлінше қолдау көрсету мақсатында  «Эксперс-жауап» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар бердім. Тапсырма бір, ал оқушылар тапсырманы  өз деңгейінде орындады.

2.Ерекше қадағалауды қажет ететін балалар үшін «Топтастыр» әдісін қолдандым. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің атауларын атап шықты.

 

2.Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз?

Берілген тапсырмаларды орындағанда дәлелді, шындықпен байланыстырып орындауын қадағалап отырдым. Тапсырманы толық орындауға мүмкіндік бердім.

 

Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Үй тапсырмасын тексеру кезінде- Бағыттаушы-бғалаушы кері байланыс «Ішінде-сыртында»әдісі арқылы жүргіздім.

Бағалаушы кері байланыс жүргізілді. Оқушылар өз-өздерін бағалады.

бағалаушы-Бағыттаушы кері байланыс «Сэндвич» әдісі арқылы жүргізілді.

кері байланыс «Бақылаушы» әдісі арқылы жүргізілді.

Ерекше қадағалауды қажет ететін оқушыларға кері байланыс ретінде «Тәтті сыйлау» әдісі қолданылды.

Пәнаралық байланыс- жаратырыстану, қазақ әдебиеті

АКТ мен байланыс –

You tobe, Microsoft Power Point

Құндылықтармен байланыс- Табиғатты тану, оны қорғай білу.  Өз Отанын сүюге үйрету.

Рефлексия- «Сақина» әдісі арқылы.

Ойлану

 - Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

 - Бүгін оқушылар нені үйренді?

 - Сабақтағы ахуал  қандай болды

 - Жоспарлаған саралау іске асты ма

 - Уақыт есебінен ауытқу болды ма?

 - Жоспарға қандай өзгерістер енгізілді? 

 - Сабақтың мақсаты толық жүзегеасты. Мақсатқа жету жолында орындалған тапсырмалар тиімі болды.

 - Оқушылар бүгінгі сабақта сын есімнің шырай формаларын ажыратуды білді, ауызекі стиль мен көркем әдебиет стилін салыстырды. Нақты ақпаратты табуды үйренді.Кері байланыс беру жолдарын білді.

 - Сабақтағы ахуал бірқалыпты және бақылауда болды. Оқу мақстының жоғары деңгей дағдылары қалыптасты.

 - Жоспарланған саралау тапсырмалары  «Эксперсс жауап», «Топтастыру» әдістері тиімді болды. Оқушылар өздерінің жіберген қателерін көре отырып, түзету жұмыстарын сәтті жүргізді.

 - Уақытты тиімді пайдаландым.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

 1: Саралап тапсырма беру сәтті болды.

 2: Кері байланыс беру жолдарын ұтымды қолдана білді.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

 1:  Ауызекі стиль мен көркем әдебиет стилін салыстырғанда ВЕНН диаграммасын қолдансам болар еді. Өздері тақырып ерекшелігін, мазмұн ерекшелігін, тілдік ерекшеліктерін таба алар ма еді.

 2: Оқушыларды шығармашылыққа баулитын тапсырмалар қолдануым керек еді.


Пікірлер (3)

Арай

Өтек керемет мен сияқты жас маманға өте қарапайым түсінікті даярланған . Рахмет

Арай

Мен сияқты жас мамандарға өте түсінікті қарапайым тілмен жазылған. Рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз