Өлең, жыр, ақындар

Түбір мен қосымшаның жазылуы

ОҚО Арыс қаласы А.Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебі
Жунусбаева Кулбакира Садырбаевна

Пәннің аты: қазақ тілі

3- сынып

Уақыты:12.01.2018ж

Мұғалім: Жунусбаева К

Сабақтың атауы

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: Түбірмен қосымшаның жазылу жолдарын түсіндіре отырып, сөз құрамын талдауға үйрету.

Білімділік: Оқушылардың түбір мен қосымша туралы білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын, ойлау қабілетін, ой- байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Сауатты жазуға, ізденімпаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс–тәсілі: Сұрақ–жауап, ой жинақтау, ереже айту, «кубизм» «кластер» «постер»» семантикалық карта» «пікір ағашы»

Көрнекілігі:семантикалық карта, үлестірмелі тапсырмалар, ноутбук, интерактивтік тақта

Психологиялық ахуал

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

а) писихологиялық дайындық

Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Топқа бөлу

Бүгінгі сабаққа үш топ қатысып отыр. Топқа бөліп. Топтарды таныстырып өтейік:

1 топ «Түбір»

2 топ «Қосымша»

3 топ «Жалғау»

Психологиялық дайындық.

Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтар:

 1. Түбір дегеніміз не?
 2. Қосымшаның түрлерін ата.
 3. Жұрнақдегеніміз не?
 4. Жалғау дегеніміз не?
 5. «Білгіш» сөзінің түбірі мен қосымшасын тап.
 6. Туынды сөз қай қосымша арқылы жасалады?
 7. хана жұрнағына сөз қосып, туынды сөздер жаса.
 8. Түбірлес сөздердегеніміз не?

Топқа бөліну

 Мозайка әдісі

 1 топ «Түбір» білім – білімді- білімпаз-білімділік-білімнен-білімсіз

 2 топ «Қосымша» сый-сыйлық-сыйла-Сыйды-сыйлау-сыйымды

 3 топ «Жалғау» сән-сәнқой-сәнгер-сәнді-сәнгер

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

 Қызығушылықты ояту

 Сәйкестендіру тесті. 1-топ
 1. Түбір сөз ---------------------------------- 1. оқу, оқушы, оқулық 
 2. Туынды сөз ------------------------------- 2. қалалар 
 3. Түбірлес сөздер ------------------------ 3. жауып 
 4. Жуан айтылатын сөздер ------------- 4. мерекеңізбен 
 5. Жіңішке айтылатын сөздер --------- 5. бала 
 6. Жазылуы өзгерген түбір сөздер --- 6. жазушы 

Сәйкестендіру тесті  2-топ

 1. Не істеді?                          1. жаңбыр
 2. Қайтті?                               2. оқып отыр
 3. Түбір                                  3. барма, жүрме.
 4. Күрделі етісітік                   4. кісінеді.
 5. Бастауыш                          5. жаз
 6. Болымсыз етістік                6. Оқыды

Сәйкестендіру тесті   3-топ
 1. Түбір сөз                             1. оқу, оқушы, оқулық
 2. Туынды сөз                          2. қалалар
 3. Түбірлес сөздер                   3. кітап
 4. Жуан айтылатын сөздер       4. мерекеңізбен
 5. Жіңішке айтылатын сөздер   5. бала
 6. Зат атауы                             6. жазушы

Мағынаны тану Дәптермен жұмыс.

Күн ретін жазу

Жаңа сабақ:

 Түбір мен қосымшаның  жазылуы.

Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады:

Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанған қосымшалар да жіңішке болады:

59-жаттығу. топтық жұмыс

Күй, жыр мал сөздеріне төмендегі қосымшалардың тиістілерін қосып жаз.

Күй+ші, күй+ге, күй+лер. Жыр+шы,жыр+дың,жыр+лар,жыр+ла.

Ержелерге назар аударту. Балалар, мына схемамен бұрынғы өткендерімізді еске түсірейік

Жаттығу жұмыстары

Оқулықпен жұмыс.

60-жаттығу. Сөйлемдерді түсініп оқы.

 1. Құстың ең қырағысы - сұңқар. Ол бір шақырым қашықтықтан титімдей жәндікті көре алады.
 2. Құстардың ішіндегі жүзгіші-пингвин. Ол сағатына отыз шақырымға дейін жүзе алады.
 3. Дүниеде күн көзіне тура қарай алатын құс - тек бүркіт қана.
 4. Қарлығаш ұсақ жәндіктерді тек қана әуеде ұшып жүріп қана аулайды.

Қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жаз.

Түбір сөзге жалғанған қосымшалардың жуан, жіңішке болып келу себебі неден деп ойлайсың? (Ережені пайдаланып айту.)

Орындалуы: Сұңқарлар, пингвиндер, бүркітші, қарлығаштар. Құстар туралы мәлімет беру.

Сергіту сәті

Ой сергітеді, шашағандары

Басылады

Ой толғаныс

 

61-жаттығу. Өзіндік жұмыс

–лар, -лер,-тар,-тер, -дар, -дер жалғауларның тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз.

қуыршақ... тер шағала.... дар кітап... дер

өсімдік... тар өрмекші... лар жидек... тар

 

құлын... дар қыз... лер жүзім... тер

ақпараттық ізденіс.

Қосымшалы сөздерді сөз құрамына талда.

Жуан айтылатын жалғаулардың астын-бір, жіңішке айтылатын жалғаулардың астын екі рет сыз.

62-жаттығу.

 Зат атауына жалғау жалғап жаз.

        1-топ                             2-топ                            3-топ

 

 Бекіту сұрақтары:

Ережелерді еске түсіріп, жалғастырып көр:

Қосымша жалғанғанда түбір сөздер ____________________.

Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, ___________________ .

Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, _________________.

Үйге тапсырма

 Ережелерді ереже дәптерге жазып, жаттау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

 

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз