Тең топтармен санау. Тең топтарға бөлу

Сабақтың тақырыбы:

Тең топтармен санау. Тең топтарға бөлу.

 Мектеп: Н.Исахметов атындағы орта мектеп

СЫНЫП: 2

 

Қатысқан оқушылар саны: 10

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Мұғалімнің аты-жөні: Құлбекова Мейрашгүл

Оқыту

мақсаттары

2.1.1.5. 50-ге дейін 3, 4, 5-тен топтап тура жəне кері санау; жұп/тақ сандарды ажырату; заттар тобын 6, 7, 8, 9-дан тең бөліктерге бөлуді көрсету.

Сабақтың мақсаттары

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:. 3, 4, 5-тен топтап санауды үйренеді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: 3, 4, 5-тен топтап  тура жəне кері ретпен санауды,  бірдей қосылғыштардың қосындысын табуды үйренеді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: жылдам есептеу үшін топтап санауды қолданады.

Тілдік  мақсаттар

Оқушылар орындай алады: сөйлеу тілінде заттардың тура жəне кері орналасу ретін пайдалануды.

Пəндік лексика жəне терминология: сандық топ, тура санау, кері санау, екі, үш, төрт, бестен санау.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

Өмірде топтап санау не үшін қажет? Мысалдар келтіріңдер. 

Жазу:

Бірдей қосылғыштардың қосындысы түріндегі өрнекті жазыңдар.

Тірек білім, білік, дағдылар

Тура жəне кері санау, топтап санау. 

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

 Ресурстар

Басталуы

5  минут

Ынталандыру.

Сабақты оқушылармен күнделікті өмірде жылдам есептеудің маңыздылығы туралы əңгіме жүргізуден бастаймын. Ойша жылдам есептеу – ақыл-ойға арналған  жаттығу.

 – Барлығына үлгеру үшін күн тəртібін сақтау керек.

 – Оның не екенін білесіңдер ме? 

 Оқушылар партаға қалай отырады? (екі-екіден ). 

 – Қалай тез есептеуге болады?

 – Екі-екіден санаймыз  («екіден»). 2, 4, 6, 8… 

 

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

№1. Суретке қара. Әр бумада неше зат бар? Осындай 2,3,4,5 бумада неше зат  барын есепте. Қосындысын тап.

№2. Суретке қара. Есептің шешуін түсіндір.

Әмірде 12 доп бар. Ол доптарды әр қорапқа 6-дан салды. Неше қорап қажет  болады?

Ә).  Есепті шығар.

  Дене шынықтыру сабағында мұғалім 28 оқушыны әр қатарға  7-ден тұрғызды. Неше қатар болды?

Жұптық жұмыс

№3. Досыңмен бірге есепте. Тексер.

8+8+8+8=32                 20+20+20=60                          30+30+30=90

50+50= 100                  100+100+100+100=400         300+300+300=900

 №4. Есептерге сызба таңдап, оларды шығар және салыстыр.

 Сырым-15 рет тар.

Алмас-? 4 кем тартылды

Алмас-? рет тартылды

Шешуі: 15-4=11

 Жауабы: 11 рет тартылды

 

 

 

Суреттер

 

 

  Оқулық

 

.

Ортасы

10 минут

Қолдану.  Дәптермен жұмыс.

 Дәптер

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті «Қара жорға»

Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Оқушылардың жаңа тақырыпты түсіну деңгейін бағалауды ұсынамын. Бұл үшін сараланған сабақтың мақсаттарын оқушылардың өздері жəне өзім бағалайды.

 - 3, 4, 5-тен топтап санай аламын;

 - 3, 4, 5-тен топтап тура жəне кері санауды, бірдей қосылғыштардың қосындысын табуды білемін;

 - жылдам есептеу үшін топтап санауды қолдана аламын.

 Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалау ұсынылады

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)