http://a-brands.kz/

5 саны мен цифры

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы
М.Маметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Бегайдарова Ұлбала

Сабақтың тақырыбы: 5 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты:   

1. Оқушыларды 5 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру. 5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету. Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып, балалардың білім дағдыларын қалыптастыру. Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу.

2. Оқушылардың ой-өрісін, тілін логикалық ойлау қабілетін дамытып өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

3. Ойын дұрыс айта білуге,шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа, мақсатқа жете білуге баулу. Ұлттық ханталапай ойынын дәріптеп, қазақтың патриот ұлдары мен қыздары болуға тәрбиелеу. Ұлттық болмысқа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: тапсырмалар орындау, санау, ойын, санамақ.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың көрнекілігі: цифрлар, суреттер, гүл күлтешелері, геометриялық фигуралар, ойыншық суреттері, асық, алма.

Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеп, сабаққа назарын аудару.                                              

ә) Психологиялық сәт

Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Сәлеметсіздерме қонақтар!

Тақтаға 5 оқушы шығып санамақтар айтады.

- Балалар, қазір қандай сабақ?

- Математика сабағы

- Көңіл-күйлерің қалай?     

Ой шақыру

- Тақтадағы суреттерге қараймыз 

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы 5 саны мен цифры, сабаққа қатысып бестік баға аламыз.

- Олай болса, 5 цифрын ауада жазайық.

- Сумен жазу

Дәптерменжұмыс

- 5 санын жазу

- Біз сандарды оқып,есімізге түсірдік. Олай болса, санамақ айтайық.

 
 Бір дегенім – білім
 Төрт пен бескеілін.
 
 Екі дегенім – еңбек
 Еңбекпен ені сөнбек.
 
 Үш дегенім - үміт
 Жайдары жүр күліп.
 
 Төрт дегенім – төзім
 Сабырлы бол өзің.
 
 Бес дегенім – бесік
 Шықтым содан өсіп.

Постермен жұмыс 3 топқа тапсырмалар беріледі.

Сергіту сәті

№1 тапсырма. Сана:  

- 1 суретте неше қоңызбар?

- 2 суреттегі алма мен алмұрттарды қосамыз

- 3 суретте қанша адамкөріп тұрмыз?

- 4 суретте неше жануарларлар  бар?

Тура  және  кері  санау  1,2,3,4,5     5,4,3,2,1

1 2 3 4 5                5 4 3 2 1

№2 тапсырмада кеспе қағаздар таратамын санап, салыстыру

«Артық, кем» ойыны

Мақсаты: логикалық ой-өрістерін дамыту.

 4> 3       5>4        3<4       3>2        2<3       2>1       4<5

Қорытынды:  

- Оң қолымда үш алма, солға қолымда екі алма барлығын қосқанда болады неше алма?

- Аулада төрт балапан жайылып жүр еді, оған тағы бір балапан келіп қосылды. Аулада неше балапан болды.

- Оқушыларды мадақтау 

                     


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)