Мектепке дейінгі балалардың қабілеттік деңгейін, қызығушылығын ойын арқылы тәрбиелеу

Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы бүлдіршіндерімізді адалдық пен мейірбандыққа, Отансүгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу әр бір отбасының, мектекпке дейінгі мекемелер мен барша халықтың міндеті. Бүлдіршіндеріміздің бойына халқымыздың ең жақсы қасиеттерін, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстана отырып жан-жақты тәрбиелеу қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арада жүргізілетін тәлім-тәрбие ұштасса нәтижелі болатыны сөзсіз. Балалармен оқу-тәрбие барысында, көптеген ойын түрлерін пайдалануға болады. Ойын - баланың негізгі әрекеті, ойын ақыл–ой жетекшісі, денсаулық кепілі, адамға қиялмен қатар қанат беретін ғажайып нәрсе. Ойын арқылы баланың бойында ойлау, тапқырлық, ептілік, төзімділік, тапқырлық, ұйымдастырушылық, көшбасшылдық пайда болады. Қимыл-қозғалыс ойындары Асық, Ақтерек, Тақия тастамақ, Қыз қуу қазақ халқының ежелгі ұлттық ойындары бала денесін ширатып, бұлшық еттерін қатайтады, адамның морфологиялық-физиологиялық, салауатты дамуына тигізер маңызы мол. Дидактикалық ойын математика, тіл дамыту, көркем әдебиет т.б сабақтарына көмекші құрал болып табылады, өзін қоршаған ортада, сүйікті ертегілеріндегі кейіпкерлері сияқы әрекет жасайды. Бала жеке және белсенді әрекеттер арқылы адамгершілік және әсемдік өмірге қарым-қатынас жасайды. Баланы кішкене деп қарамай, пікірімен санасу, құрметтеу оның дамуына зор әсер етеді. Балаларға ұлттық ойындарды үйрету арқылы жас ұрпақтың денсаулығын реттеу, салауатты өмір сүруге жағдай жасау бүгінгі заман талабы.

Н.Исахметов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықтың
аға тәрбиешісі Тамара Куланбаева


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)