Өлең, жыр, ақындар

М. Тәнекеев. Қажымұқан

Т.Масин атындағы ЖОББМ мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Тулепова Айнур Хайроллаевна

Ашық сабақ

Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: М. Тәнекеев. Қажымұқан
Мақсаты: Оқушыларға Қажымұқан туралы мағлұмат беру. Мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу.
Міндеттері:
1. Түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
2. Талдау қабілеттерін дамыту.
3. Патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, сызба, шығармашылық тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Ей, қазақтың ұланы
Болғайсың дала қыраны
Жер –суын ата-бабаңның
Қорғауы сенің ұраның.

Үй тапсырмасын тексеру;
А) Комбаттың әңгімесінің мазмұнын айту
Ә) Әлия кім? Оның ұқыптылығы неден байқалды?
8 тапсырма. Әлия Молдағұлова жайлы мәліметтерін тыңдау
Әлия туралы не біліп келдік?
Жылдар сөйлейді
1916 ж
1930-32 ж
1937-38 ж
1941-45 ж
1986 ж

Жаңа сабақ:
Суретке назар аудар. Есіңе түсір. Бұл суретті қайдан көрдіңдер? Суреттегі кім деп ойлайсыңдар?
Суреттегі адамның күштілігін неден аңғардың?
Қалмақан Әбдіқадыровтың «Алып бала» шығармасын еске түсіру.
Қажымұқан Мұңайтпасов туралы не білеміз?
Бүгін Мұратқан Тәнекеевтың Қажымұқан шығармасымен танысамыз.
Дәптерді ашып бүгінгі күнді жазып қойыңдар.
Қажымұқан
Қ. Мұңайтпасов – тұңғыш қазақ балуаны, кәсіби күрескер, әлем чемпионы. Ақмола облысы Қараөткел аймағы Қоспа аулында дүниеге келген. Бала кезінен ол қайратты, алып болып өседі. Ол 28 мемлекетте күресіп, 48 алтын, күміс, қола медальдарын әйгілі сигизмунд белбеуін алған. Ұлы Отан соғысы жылдарында көшпелі циркпен өнер көрсетіп, өзі жинаған 100 мың сом қаражатын қорғаныс қорына жіберді.
1978 жылы «Қажымұқан» атты екі бөлімді көркем фильм түсірілді. Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» кітаптары бар. «Қазақ даласының батыры» атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданы Ленин туы колхозында қайтыс болды.

Оқулықпен жұмыс:
Мұғалімнің оқуы
Оқушыларға тізбектей оқыту
Тауып оқу
- Түрік балуына Нұрлының күшті екені қай жерде айтылған?
- Балуандардың киімін сипаттаған жерді тауып оқы
Қажымұқанның айла, әдісін тауып оқы.
- Қазіргі өмірде балуандар күреске қандай киіммен шығады?

Сөздік жұмыс
Ипподром - ат жарысы өтетін жер.
Бұрын бұл жерлерде балуандар күресі өткен екен.
Казір балуандар күресі қайда өтеді?
- Спорт сарайларында
Сұрақтар, тапсырмалар
- Мәтінде кім туралы әңгімелейді?
- Мұқанның бұл жолғы қарсыласы кім болды?
- Жекпе - жек немен аяқталды?
- «Осының бәрін ол фотосуретке түсіріп алуға болатындай етіп орындады» деген сөйлемді қалай түсінесің?
3. Мәтіннің әр бөлігіне ат қою
а) Күрес алаңында
ә) Батыл шабуыл
Дәптерге жазып қоямыз.

6. Суретпен жұмыс: Сурет бойынша әңгіме жазу.
- Суретте кімдер бейнеленген?
- Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаға сәйкес келеді?

7. Сергіту сәті: Спорт туралы өз ойларын ортаға салу.
Денсаулық, өнер, ептілік, сұлулық, батырлық, шымырлық күштілік, шапшаңдық
Қажымұқанның жетістігі
1905 – Қытайдың Харбит қаласында жапондық Саракикимен джиу - джитсу әдісімен күресіп, қарсыласын ажал құштырады.
1913 – Тройцк қаласында 18 рет белдесуге шығып, 18 рет жеңіске жетіп, бас бәйгені алады.
1927 – “Қазақ даласының батыры” атағы беріледі.
1944 - өз қаржысына ұшақ жасатады. Палуанға Сталин алғыс хат жолдайды.
1945 - “Құрмет белгісі” орденін алады.
1948 – 12 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан ауылында қайтыс болады.
Қажымұқанның ескерткіші
Шымкент қаласында
Қажымұқан атындағы стадион, көше, спорт сарайлары бар.

Лақап аттары
«Ямагата Мухунури», «Иван Чёрный», «Қара Мұстафа».
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Сол кездегі саясат бойынша, бізде тек орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі деген жарнамалар жасалып, Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған. Революцияға дейін ол қатысқан чемпионаттарды ұйымдастырушылар, сол замандағы жағымпаз баспасөз өкілдері, біресе «жапон» деп, біресе «маньчжур» деп, мүмкіндігінше «қазақ» екенін айтпауға тырысты.

Шығармашылық тапсырма:
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса,....
Бүгінгі таңда Қажымұқанның ізін жалғап жүрген қандай спортшыларымыз бар?
Өмірмен байланыс

Қазір елімізде балуандарға байланысты не өтіп жатыр?
«Қазақстан барысы - 2012» турнирі аяқталды. Биыл Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан барысы» атанды. Жеңімпазға «Қазақстан барысы» алтын белбеуі мен 150 мың АҚШ доллары, алтын тайтұяқ және темір тұлпар табыс етілді. Ал, бапкері Елдос Далабайға 50 мың АҚШ доллары берілді. Жеңімпаз өз сөзінде бүгінгі жеңісін Жамбыл облысы мен ата - анасына арнайтынын жеткізді.
Бейбіт Ыстыбаев
Лақап аты: Тараз Арланы
Туған жылы: 1985
Бойы: 193, салмағы: 135
Туған жері: Жамбыл облысы, Талас ауданы, Көшек батыр ауданы
Спорттық атағы: Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы, 2011 жылғы республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері
Бапкері: Елдос Далабай
Сабақты бекіту: Қажымұқан туралы не білдік?

Топтық жұмыс

1-Бөлім:- Оқиға қай кезде болған?

2–бөлім: - Оқиға қай жерде болған?

3–бөлім. Қажымұқан кіммен күрес алағына шықты? .
Топтастыру

Қажымұқан

ірі денелі, балуан, дәу, қайратты, төзімді, күрескер

Кім?
Қандай?
Не істеді?
Үйге тапсырма: Қажымұқан мәтінін бөлім бойынша оқу, баяндау
балуанның басқа жетістіктері жайлы білп келу.
Бағалау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз