Тапқыр болсаң, тауып көр

Жамбыл облысы
Талас ауданы Қаратау қаласы
«Үміт» мектеп – интернаты
Тәрбиеші  Елеусіз Гүлнәз

Сыныптан тыс: «Интеллектуалдық ойын» 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Тапқыр болсаң, тауып көр

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Көрнекті іс–әрекеттік сөздік–логикалық, ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын

Сабақтың әдісі: топтық, көрнекілік құрастыру, жинақтау, ойландыру, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, логикалық есептер, карточкалар әр топқа даярланған үстел, қима қағаздар.

Сабақтың жоспары:

1. Таныстыру
2. «Бәйге» сайысы (1 минутта сұрақтарға жауап беру)
3. «Тез ойла, сөз ойла» (қима әріптерден сөз құрастыру)
4. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (бір әріптен басталатын сөзден тұратын жауаптар айту)
5. «Мақал – сөздің мәйегі» (Мақалдың жалғасын табу)
6. Сөзжұмбақ «Алғырлар» мен «Білгірлер»
7. «Кім жылдам?» (топ басшыларына арналған тапсырмалар)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та,
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та, - деп әліппенің атасы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, балалар бүгін біз де өз білімімізді ортаға саламыз. Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Ойнай отырып топтар арасындағы жарыстар болады. Сендерге түрлі тапсырмалар мен сұрақтар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін белсенділік танытып, сұрақтарға тез ойланып жауап беру және тапсырмаларды дұрыс орындау керек.

1. Таныстыру. Әр топ өздерінің аты мен ұрандарын таныстырады.

І. «Алғырлар» тобы

«Алғыр болмай, тапқыр болмассың!»
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»

ІІ. «Білгірлер» тобы

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйрікті бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Кім жүйрік ойға - сол алда!

2. «Бәйге» 1 минутта сұраққа жауап беру.

І. «Алғырлар» тобы
- Сөз таптарын ата? (зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
- Көкжиектің неше тұсы бар? (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс)
- Ы. Алтынсарин кім? (алғаш мектеп ашты, балаларды оқуға шақырып «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жазды)
- Қыс айларын ата? (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
- 26 мен 14 сандарының қосындысы? (40)
- Денелер нешеге бөлінеді? (табиғи, жасанды)
- Жалқы есім деген не? (кісінің, жер – су атаулары, жануарға қойылған атауларды айтамыз. Ол әр уақытта бас әріппен жазылады)
- 96 санында неше ондық, неше бірлік бар? (9 ондық, 6 бірлік)
- Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғалары бірдей тіктөртбұрыш)

ІІ. «Білгірлер» тобы.

- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
- Өсімдіктің негізгі жерасты мүшесі? (тамыр)
- Абай Құнанбаев кім? (ақын, жазушы)
- Көктем айларын ата? (наурыз, сәуір, мамыр)
- 34 пен 16 сандарының қосындысы? (50)
- Жалпы есім дегеніміз не? (жалқы есімнен басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз. Олар кіші әріппен жазылады)
- 74 санында неше ондық, неше бірлік бар? (7 ондық, 4 бірлік)
- Үшбұрышты сипатта (3 қабырғасы, 3 бұрышы, 3 төбесі бар)
- Топырақ дегеніміз не? (жердің өсімдік өсетін жұмсақ қабаты)
- Табиғат нешеге бөлінеді? (өлі, тірі)

3. «Тез ойла, сөз ойла!»

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әріптерге берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен.
Солардың енді алғырлығын көрелік.
Берілген әріптерден сөз құрау. /БМ,А,ҒА,А; ШР,АО,НҚ,А/

• Біз оны күнде аламыз. Оның жақсысы, жаманы болады. Апай күнделікке қойып береді. Ол не? БАҒА
• Кішкентай сәби. Ол кім? БАЛА
• Жеміс. Түсі қызыл. Дәмді. Ол не? АЛМА
• Дүкенге барғанда жұмсаймыз.Ата–анамыз ай-сайын алады.Ол не? АҚША
• Балалар онымен қыста оайнайды.Өзі төбеге шыға алмайды.Ол не? ШАНА
• Мал қамайтын орын. Ол не? ҚОРА

4. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Әріптерді таңдап, берілген сұрақтарға тек қана сол әріптен басталатын жауаптар айту. /Қ.Б/

І. «Алғырлар» тобы.

- Суды немен ішесің?
- Сенің досың кім?
- Қандай тағамды ұнатасың?
- Арманың көп пе?
- Қай көшеде тұрасың?
- Үй жұмысын орындауға кім көмектеседі?
- Сенің есімің кім?
- Қай мереке ұнайды?
- Сөмкеңде не бар?

ІІ. «Білгірлер» тобы.

- Киноға кіммен барасың?
- Тақтаға немен жазасың?
- Сүйікті пәнің?
- Сенің көршің кім?
- Қолыңда не бар?
- Қай мұғалім ұнайды?
- Қандай ертегі білесің?
- Тілегіңді айт.
- Қай көшеде тұрасың?
- Мектепке келген ұнай ма?

5. «Мақал – сөздің мәйегі» мақалдың жалғасын табу.
1.    Шебердің қолы ортақ,
... (шешеннің сөзі ортақ)
2.    Үлкенге құрмет,
... (кішіге ізет)
3.    Ер бір рет өледі,
... (Қорқақ мың рет өледі)
4.    Әдептілік, ар – ұят.
... (адамдықтың белгісі)
5.    Дені саудың –
... (Жаны сау)
6.Еңбек түбі – береке,
... (Береке түбі – мереке)

6. Сөзжұмбақ «Алғырлар» мен «Білгірлер»

Әр топқа қарсыласының тауы шағылатындай сөзжұмбақтар беріліп, шешіледі.
Білген сайын келеді, біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім,
Білімдіні сүйерін білем елдің, - дей отырып жетінші сайысымызды бастаймыз

7. «Кім жылдам» сайысы. (топ басшыларына арналған тапсырмалар)

1. Суда туып, құрғақта өмір сүреді? (бақа)
2. Өрмекшінің қанша аяғы бар? (8)
3. Не аяғымен естиді? (шегіртке)
4. Қай жануар өзімен үй алып жүреді? (тасбақа)
5. Басын төмен қаратып не ұйықтайды? (жарқанат)
6. Ара біреуді шаққанда несін жоғалтады? (инесін)
7. Қай кірпінің тікені көрінбейді? (жаңа туған)
8. Қалталы аң? (кенгуру)
9. Суық жерде кездесетін қандай құс? (пингвин)
10. Күн сайын қандай жануарда төс өседі? (қоян, ондатор)

Зеректіктің сыналар келді кезі
Ойшылдық пен тапқырлық жол белгісі
Жауабына жақын бол, жақындадық
Сабақ соңында жеңімпаз анықталады, мадақталады.
Қорытынды: Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп – дегендей білімді болуға талпынайық балалар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)