Эссе және өлең-жыр байқауы

Жай механизмдер

«№ 121 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұғалімі: Амзеева Злиха Бахрамовна

Сыныптары: 7 «Ә», «Б»

Пәні: физика

Сабақтың эпиграфы ретінде елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөзін аламыз: «Жастар – елдің болашағы. Ертеңгі күннің жарқындығы, сәулелі болуы соларға байланысты»

Сабақтың тақырыбы:

Жай механизмдер

Сабақтың мақсаты

 -  Иіндік, күш иіні, күш моменті, блок, көлбеу жазықтық ұғымдарын сипаттау.
 -  Жай механизмдер ережелерін жинақтап қорыту.
 -  Жылжымайтын блок жылжымалы блокпен бірге ғана ұтыс беретіндігін көрсету.
 -  Блок көмегімен және блоксыз орындалатын іс-әрекетті салыстыру.
 -  Кез келген таразы моменттер ережесіне бағынатындығын ерекшелеу, жай механизмдердің тұрмыста және өндірісте өте пайдалы екендігін жақтау.

Күтілетін нәтиже:

-  Иіндік, күш иіні, күш моменті, блок, көлбеу жазықтық ұғымдарын сипаттайды.
-  Жай механизмдер ережелерін жинақтап қорытады.
-  Жылжымайтын блок жылжымалы блокпен бірге ғана ұтыс беретіндігін көрсетеді.
-  Блок көмегімен және блоксыз орындалатын іс-әрекетті салыстырады.
-  Кез келген таразы моменттер ережесіне бағынатындығын ерекшелейді, жай механизмдердің тұрмыста және өндірісте өте пайдалы екендігін жақтайды.

Сабақ түрі

Саяхат сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Блум аялдамалары арқылы саяхаттау. Әдісі: «Роунд-робин», «Айналмалы бекеттер», «Семантикалық карта».

Уақыт өлшемі

Жоспар мазмұны

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылардың іс -әрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Кіріспе бөлімі

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушыларды психологиялық дайындау.

Өзін-өзі реттеу.

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

 

Сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.

Жақсы, жарайсың

Түрлі түсті үлестірме қағаздар

2 мин

 Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.

 

Жаңа тақырып арқылы 3- шағын топтарға бөлу,

үлестірмелі қағаздарға жазылған атауларды топтастыру

Саяхат аялдамаларымен таныстыру.

Оқушылар берілген үлестірмелі қағаздарды алып, шағын топтарға бөлінеді  .

1 топ: «Иіндік» елі

2  топ: «Жай механизмдер» елі

3 топ: «Көлбеу жазықтық» елі

жарайсың

Интербел

сенді тақта,

үлестірмелі қағаздар.

 

 

5 мин

Қажетті өткен тақырыпты қайталау  сұрақтарына жауап беру

Өткен тақырыпты қайталау

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім», - деген шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы бағаланатын елдермен саяхатымызды бастаймыз.

«Роунд-робин» әдісі арқылы өткен тақырыптарды  пысықтау.

1 топ: «Иіндік» елі

1. Иіндік деген не?
2. Күш иіні дегеніміз не?
3. Күш моменті деген не?
4. Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?

 2 топ: «Жай механизмдер» елі

1. Механизм дегеніміз не?
2. Блок дегеніміз не ?
3. Жылжымайтын блок күштен ұтыс бере ме?
4. Жылжымалы блок күштен ұтыс бере ме?  

3 топ: «Көлбеу жазықтық» елі

1. Көлбеу жазықтық қызметі?
2. Көлбеу жазықтық формуласы.
3. «Механиканың алтын ережесі».

Әр топ оқушылар өткен тақырып бойынша білгендерін, көргендерін айта келе мазмұнын ашу.

1 топ: «Иіндік» елі

1.Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегінде айнала алатын кез келген дене иіндік (рычаг) деп аталады.

2. Тіреу нүктесінен күштер орналасқан түзулерге түсірілген  перпендикулярдың ұзындығын күш иіні деп атайды

3. Түсетін күштің өз күш иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады: M=F*d

2 топ: «Жай механизмдер» елі

Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар механизм дер деп аталады.

      3 топ: «Көлбеу жазықтық» елі

Ауыр жүктерді көтермей-ақ, жылжыту үшін қолданылады.

  Механиканың алтын ережесі: күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз.

 

 

Жақсы,

Жарайсың

 

 

10

жетондар

 

 

 

 

Бағалау парақша

сы

Слайд

Флипчарт, маркерлер

 

Негізгі бөлім

 

 

8 минут

 

Есептер жинағынан

есептер

 

 

Оқулықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру

«Айналмалы бекеттер» әдісі. Есептерді шешу.

Иіндіктің иіндерінің қатынасы 10:1. Оның ұзын иініне әсер ететін күш 150Н- ға тең болса, онымен ауыр жәшікті 12 см биіктікке көтергенде қанша жұмыс істеледі?

2. Массасы 24,58 кг құмы бар шелекті жылжымайтын блоктың көмегімен 250 Н күш жұмсап 10 м биіктікке көтерген. Қондырғының ПӘК қандай?

3. Қуатын 25 кВт қа дейін арттыра отырып, насостың қозғалтқышы 100м3мұнайды 6 м биіктікке 8 мин ішінде көтереді. Қондырғының ПӘК табыңдар?

  Әр топ берілген тұсті маркермен постерге есепті шығарып жазады.

Берілгені:                                         

 

Ғ1=150Н                                 

һ=12 см =0,12м

Топтық тапсырманы орындайды.

   Ережеге бағыну

Бағалау критерийлерімен бағаланады. 

 Оқушы өзін-өзі бағалайды.

 

 

Жақсы,

Жарайсың

Тамаша

 

 

 

Жетондар мен бағалана ды.

Р.Башарұлы «Атамұра» 2012 ж

 

 

Флипчарт

Түсті маркер

 

 

Дәптер, қалам

 

 

8 минут

Әр түрлі механизмдердің қолданылуы.

Өз бетінше іздену дағдысын қалыптастыру

«Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – cол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп әр түрлі иіндіктер, қолданылу аялдамасын тамашалаймыз.

 

Әр түрлі жай механизмдер, көлбеу жазықтықтар тұрмыста қолданылады.

Әр түрлі иіндіктер тұрмыста жиі қолданылады. Мысалы:

 

Өте керемет

 

Тамаша

 

Жақсы,

Жарайсың

 

50 теңгелік жетондар

 

 

Слайд

 

Иінді таразы

 

 

Блок

 

Көлбеу жазықтық

 

 

8 мин

Таразылар айырмашылығын талдау

 

 

 

 

 

 

Блок көмегімен және блоксыз орыдалатын іс-әрекеттерді салыстыру

Механиканың алтын ережесі өнеркәсіпте адамның күші жетпейтін жұмысты атқаруға мүмкіндік беретіндігін ерекшелеу.

Ендеше, «Тіл қаруы –сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті», - деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз.

Тең иінді таразылар мен ондық таразылардың арасындағы айырмашылық қандай?

Қандай шарттар орындалғанда тең иінді және ондық таразылар тепе-теңдікке келеді?

Жылжымалы және жылжымайтын блоктардың қызметінің ерекшелігі қандай?

Төмендегі суреттер салыстыра отыра қорытынды шығарып жаз.

 

    Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады. Таразы тепе-теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни  М1 = М2  немесе P1d1= P2d2

 

Аса ауыр денелердің ма массаларын анықтау      үшін қолданылатын                                      таразылардың оң және                       сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.

Ондай таразының тепе-теңдік шарты:

mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.

Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.

 

Күштен ұту үшін, әдетте, жылжымайтын және жылжымалы блоктарды бірге пайдаланады

 

Жылжымайтын блок жұмысты атқару үшін ыңғайлы болу үшін ғана қолданады. Ол күштен ұтыс бермегенмен, күштің әрекет ету бағытын өзгертуге мүмкіндік береді.

 

 

Суретке қарап иіндіктерінің орналасуы жайлы мағлұмат беру.

 

 

Жақсы,

Жарайсың

 

 

20 теңгелік жетондар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарайсыңдар, тамаша

 

 

Интерактив

ті тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд суреттер

 

 

 

 

5 мин

 

Семантика

лық карта

 

 

 

Енді «Білекке сенген заманда ешкімге  есе бермедік, Білімге сенер заманда  қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен  келесі аялдамамызға көшейік.

Әр оқушы анықтамалардың дұрыс тұсына белгі қойып шығады.

  Оқушы тапсырманы жеке орындайды.

 

Жақсы,

жарайсың

 

Бағалау парақшасы

 

Үлестірме қағаз

Дәптер, қалам

 

 

Қорытынды бөлім

 

 

 

Кері байланыс

6 мин

Нақты нені түсінгендерін жазу

«Бағалау терезесі  арқылы кері байланыс жасау.

Терезе төрт бөліктен тұрады «Маған бәрі де түсінікті», «Сұрақтар пайда болды», «Мен есте сақтадым», «Түсінбедім»..

Бағалау. Әр топтағы оқушылардың

әрқайсысынан бағалауларын сұраймын. Содан кейін жүйелеп нақты баға қоямын.

Осы терезелерге сабақта алған әсерлерін білдіретін смайликтерге нақты нені түсінгенін, сұрақтарды, нені есте сақтағандарын, неге түсінбегендерін ашып көрсетеді.

 

 

Қорытын ды баға қойылады.

Стикер

 

 

Үйге тапсырма

3 мин

§70, § 71 §72

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігі туралы эссе жазу

Оқушылар мұқият тыңдайды

 

Интернет, кітап


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...