Өлең, жыр, ақындар

Жаңа заман талабына оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

Ғылыми жетекші : Ботабекова Асия Ердебекқызы

Ғылыми жобаның тақырыбы:

«Жаңа заман  талабына оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру»

 

« Жақсы мұғалім маған әр уақыт, қымбат, өйткені, ол мектептің  жүрегі» деп ағартушы педагог Ы.Алтынсарин ,-айтқанындай, мектеп үшін ең керегі – жаңашыл мұғалімі.  Қазіргідей ғылыми – техникалық төңкеріс және ғаламдану процесінің белең алып тұрған кезінде мемлекеттік қызметшінің елдің әлеуметтік, эконмикалық және саяси дамуының ауқымдылығын түсіне білуі, стратегиялық ойлау қабілетіне ие болып, жаңа технологиялық және өзінің қызмет саласына тиісті, күнделікті өндіріс қажетті ғылыми жетістіктерді меңгере білуі ауадай қажет. Мемлекеттік басқару ісінде ақпараттық-компьютерлік технологияларға мамандарды даярлау өзекті мәселенің бірі.

Қазіргі таңда еліміздің рухани күш – қуатын одан әрі жетілдіру, жастарға білім беру реформасын жүзеге асыру жаңа тұрпатты білім ордасында бүкіл білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жаңарту арқылы жүзеге аспақ.

Жаңа ғасырда прогрессивті өмірге аяқ басқан жастар заман талабына сай өзгеше өмір сүруге дайын болуымыз  керек. Парасатты да саналы азамат болу үшін бүгінгі жастардың білімдері терең де, жан – жақты да болуы тиіс. Жастарды бүгінгі заман талабына сай маман ретінде дайындауда олардың компьютерлік тілді еркін меңгерулері өте пайдалы. Компьютер тілін үйрену  студенттердің тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруда олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру өте маңызды болып табылады.

Жас ұрпақты шығармашылық потенциалын көтермей дамыту  мүмкін емес. Студенттерді шығармашылық жұмыстарға тарту үшін оларды  қызықты материалмен қамтамасыз ету, оқытудың дәстүрлі емес түрлерін қолдану, шығармашылыққа бағытталған тапсырмалар беру, әрбір істе жаңа әдістер қолдану қажет.

Педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болып табылады. Сабақтың негізгі сипаттары:

    Студенттердің тұрақты тобы
    Студенттердің қызметін әрқайсысының дара ерекшеліктерін ескере отырып, басқару
    Сабақта берілген материалдарды меңгеру

Сабақтың құрылымы оның кезеңдерінің жиынтығынан тұрады, бұл кезеңдер белгілі бір кезектестікпен өзара байланысып жатады. Оның ерекшеліктері: құрылымын жан-жақты ұйымдастыру, үнемділік, студенттердің өзара байланысы, оқу үрдісінде  тәрбиелеу. Бірақ оның кемшіліктері де кездеседі: оқытудың жалпыға бірдей жылдамдығы, студенттердің дара ерекшеліктерін ескерудің қиындықтары, оқыту үрдісінің жеткіліксіз байланысы.

Студенттердің компьютер тілін  үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруда оқытудың әдістері мен құралдары, тіпті сабақты ұйымдастыру жағынан да өзгеше болатын  дәстүрлі емес сабақтарды өткізудің маңызы өте зор. Өз сабақтарымды  көбінесе компьютерде орындаймын. Үйге берілетін тапсырмалар кейбір оқулықтардан табылмауына байланысты, мен  компьютерге интернетке жүгінемін. Ол жерде мәліметтерді толық және әртүрлі бағытта жұмыс жасауға бағыттайды. Ол:

            мәтін
            график
            кесте
            ребус, сөзжұмбақ
            түрлі слайдтар

Студенттердің жауапкершілік сезімдерін жетілдіретін, олардың өз бетінше іздену арқылы дамуларына себін тигізетін, үлкен тәрбиелік маңызы бар тапсырманың бірі үйге берілетін тапсырма.

Оқуға ниеттеніп   компьютерлік тілге  деген қызығушылығымды  тудыра отырып  оларды жан – жақты дамытатын үй жұмыстарымен толықтырамын. Оқу құралдарымен қатар ақпараттық құралдар бірлесе қолданылады. Бұл құралддарды қолдану барысында  өзіміздің  шығармашылық қабілеттеріміз артып, өз алдымен жұмыс істеу дағдыларымыз  артады.  Осындай жұмыс түрлеріне жататындар:

    компьютер құрылғылары сипаттама
    слайд-презентациялар әзірлеу;
    баяндама, реферат дайындау;
    құрылғыларын  құрастыру
    жобалар дайындау;

 Аталған тапсырмалар студенттердің   сабаққа жан – жақты дайындалуына, көп ізденулеріне себін тигізеді. Сонымен қатар, үй жұмысын тексеру «оқытушы – студент» емес, «студент-студент»  режимі арқылы жүзеге асады, ал оқытушы жұмыс барысын қадағалап отырады. Компьютерді оқыту  барысында кейінгі жылдары  «жоба қорғау» әдісі кеңінен қолданылуда. Бұл істе студент жеке тұлға ретінде көрінеді, ол өзін дамытумен қатар, қоғамдық өмірдің жақсаруына септігін тигізеді. Студент жобада өзінің қызығушылығын білдіре отырып, қоғам ретінде де, қоғамдық өмірдің мәселелерін шешу үшін өзінің ойларын ұсыну арқылы шығармашылық тұлға ретінде де қатысады. Жобаның тәсілі – студенттің белсенді жеке ойлауына бағытталған, әрі оны тек есте сақтап және айтып қана қоймай, сонымен қатар практикада қолданылуына бағытталған. Жобаның түпкі мақсатында мәселелерді шешу жатыр. Сол себепті студент ойлай білу қабілеттілігіне, шығармашылық әрі қарым – қатынас жасай білу қасиеттеріне ие болу керек.  Бұл қабілеттерге мәтінмен жұмыс істеу, алған мәліметтерге талдау жасау, оны сараптау, қорытынды жасау секілді жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Студенттер «жоба қорғау» барысында дискуссия жүргізе білу, пікірлесін тыңдай алу, өзінің көзқарасын айта білу және т.б. жатады.

Жоба дегеніміз – орындалған жұмыстардың нәтижесі болып табылады ,материалды белсенді меңгерулеріне, олардың бұрын өткен материалды қайталауларына, мәселелерді шеше алуларына жол береді. Жобаның тәсілі студентке маңызы бар практикалық шешімге, нәтижеге негізделген. Жобамен жұмыс студенттерге өзін күтпеген қырынан ашылуларына мүмкіндік береді. Жоба арқылы студент өзінің ұйымдастыру қабілетін бұрын – соңды көрінбеген таланттарын ашады. Шығармашылық жұмыстар жасату арқылы студенттерді шет тіліне деген қызығушылықтарын арттыра аламыз. Жоба арқылы студенттер шет тіліне қызығып, ойлай білу, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.

Өз тәжірибемде  шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін ғылыми жұмыстар жазып сонымен айналысамын. Сондықтан әр сабақта олардың шығармашылықтарына көп көңіл бөлу олардың өмірге деген көзқарасын өзгертіп, компьютер тілін  үйренуге деген қызығушылықтарын арттырып, тілдерін дамытатыны сөзсіз.

Компьютер тілін оқытудағы басты мақсат – практикалық оқыту дайындығы. Өйткені компьютер тілін меңгерудегі практикалық қабілеттерін арттыруда кәсіби біліктілігі осымен тығыз байланысты. Тілдік емес жоғары оқу орындары үшін компьютер тілі бойынша бағдарламаның түпкі талаптары студенттердің бойынша білімі толық тілді тасушы деңгейіне жақындастырылған  болуы керек деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Соған байланысты компьютер тілі толыққанды меңгерудің негізгі критерийлері анықталады: компьютер тілінің

Студенттер өндірістік тәжірибелерін жобалау мен құрылыс мекемелерінде шыңдайды. Бұл мамандардың өндіріске сұранысы өте көп. Орта мектеп, лицей, гимназия, колледжді бітірген орта және орта кәсіптік білімі бар түлектер қабылданады.

ҚР-дағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада айқындалған міндеттерді жүзеге асыру сапалы білім беру арқылы білікті мамандарды қалыптастыру көрсетілді. Қоғамның сұранысына қажетті педагогикалық мамандарды білім мен ғылымды интеграциялау арқылы білім берудің сапасын арттыру, әсіресе білім мекемелерін басқару саласын жетілдіру дүниежүзілік озық тәжірибеге сай реформалауды пәрменді жүргізуді талап етеді. ҚР «Білім беру» туралы Заңында сондай-ақ 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да осы мәселе басты назар аударған. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев педагогикалық оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелей алатын жаңа формация педагог дайындау міндетін қойып отыр. Сондай-ақ, Елбасының 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауындағы: «Болашақ мұғалім мамандығы аса қажетті және жоғары ақы төленетін мамандық болады». Әрине, мұғалімнің өзі де уақыт талабына сай болуы керек. ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау қажеттілігі туып отыр, яғни ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелуі анық.

Біз болашақтың жоғары техникалық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Мысалы құрылыс инженерлеріне, материалтанудан, математикадан, информатикадан, құрылыс технологиясынан, құрылысты жобалаудан, жан-жақты терең білім алу керек. 4 жыл оқу барысында студенттер инженерлік графикадан, компьютерлік есептеуден, жобалаудан, құрылыс технологиясынан, ғылыми зерттеу негізінен, гуманитарлық, техникалық ғылымдарды тыңғылықты дайындай алады. Олай болса, жақсы маман даярлау бүгінгі ұстаздарымыздың алдындағы басты міндеті.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз