Эссе және өлең-жыр байқауы

«Интеллектуалды ізденімпаз» интеллектуалды турнир

«№ 121 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұғалімі: Амзеева Злиха Бахрамовна

Тақырыбы: «Интеллектуалды ізденімпаз» интеллектуалды турнир.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушының физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру, өздігінен ізденуін тудыру, ең алғыр оқушыны анықтау.

Пән аралық байланыс: математика, информатика, биология

Техникалық құралдар: Компьютер, аktivote, видеопроектор,презентациялар

Түрі: танымдық-ойын

Сайыс барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды шақыру, сәлемдесу.
II. Сайыс бөлімдерімен, шартымен таныстыру.

1 – тур «Бәйге» 10 сұрақ. (Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай)
2 – тур «Тіл өнері» 7 сұрақ (осы турдан кейін 1 оқушы сайыстан шығады).
3 – тур «Тамаша жетілік» 5 сұрақ (осы турдан кейін 2 оқушы сайыстан шығады)
4 – тур «Мақал-мәтел» мақал-мәтелдерді физикалық құбылыстармен байланыстыру.  (осы турдан кейін 1 оқушы сайыстан шығады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.)
5 – тур «Тапқырлық» (осы турдан кейін 1 оқушы сайыстан шығады).
III. Қорытынды. Марапаттау.

Бақтырып жұлдыздарды өскен желге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған.
Қай жүйрік Архимедті басып озған,
Жалынды патриот, батыр ғалым
Ғасырлар түпкірінен қолын созған.

Жүргізуші:

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - деп түгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы заман талабы. «Интеллектуалды ізденімпаз» атты сайысқа   
8- сыныптар қатысып, өз білімдерін сынайды.
Армысыздар, құрметті жиналған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «Физика-озаты» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Бүгінгі кеш – қызықты кеш
Көрермендер халайық,
Ой түйсікті қозғап қазір,
Биік қанат қағайық,
Физика салтанаты, осы жерде құруын,
Белсенділік көрсетейік, бар ықылас құрулы.

Ал, оқушы, ұстаздар,
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ сайысқа,
Қол соғып қарсы алайық, - деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Мектебімізде болашағынан үміт артатын оқушыларымыз аз емес. Осындай оқушылар қатарында жүрген сайыскерлерімізді ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.

1. Әр қашанда мектепте,  
    Шығып жүрген жақсы аты
    Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
    Ардақ  бұл  мақсаты - ортаға  Алибек Ардақ шақырамыз,

2. Шын жүйрік шабысынан танылады,
    Бабы жетсе, бәйгеде бағы жанды.
    Білім менен өнердің сан қырлары,
    Ерсұлтанның бойынан табылады – Алиев Ерсұлтанды ортаға  шақырамыз.

3. Есеп десе, көздері оның нұр шашқан,
    Жаралғандай білім үшін әу бастан.
    Жанарда келіп қапты сайысқа,
    Сымбаты мен сұлулығы жарасқан - ортаға  Құдайберген Жанарды шақырамыз.

4. Архимед, Паскал ілімін,
    Таныған адал жүрегі.
    Үйренген білім мәйегін
     Арай  – сынып жүрегі ,-  ортаға  Ергеш Арайлымды шақырамыз.

5. Физикалық формуланы шашатын,
    Құбылыстың қасиеттерін ашатын.
    Қарсы алайық Диананы қол соғып,
    Ақырын сөйлеп, аяғын нық басатын -ортаға  Момбекова Диананы шақырамыз.

6. Мінезге өзі анық бай,
    Жүрседе ол асықпай
    Есепте жан салмайды
    Баян біздің  жалықпай ,- ортаға Қосбай Баянды шақырамыз.

Армысыздар, қымбатты төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздерде әділ баға берерсіздер-
дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:
1. Мектеп директоры: Сабырханов С
2. Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Тузельбаева Г
3. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:
4. Бірлестік жетекшілері және пән мұғалімдері: Қозыбекова Д

1- тур. «Бәйге».

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.

Бұл кезеңде сайыскерлеріміз физикалық  анықтамаларға,өлшем бірліктер мен құбылыстарға жауап беруі тиіс. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар бастаймыз, мұқият болыңыздар.

1. Температураны өлшейтін аспап? (термометр)
2. Қысым айырымын өлшейтін құрал. (манометр)
3. Қозғалысқа қарама-қарсы бағытталған күш. (үйкеліс)
4. Диффузия құбылысы қандай күйде тез өтеді? (газда)
5. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? (жарық )
6. Атом массасының  өлшем бірлігіне не алынған? (кг)
7. Ареометр нені өлшеуге арналған құрал? (Сұйықтың тығыздығын)
8. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол....? (инерция)
9. Жылу берілудің қандай түрлері бар? (жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
10. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама... (энергия)


1. Күшті өлшейтін аспап. (динамометр)
2. Будың сұйыққа айналу құбылысы ?  (конденсация)
3. Сүт қанша градуста қайнайды ?  (1000 С)
4. Судың тығыздығы неге тең. (1000 кг/м3)
5. Дүние жүзінде көп тараған сұйық ?  (су)
6. Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
7. Термометрді кім жасады? (Швед астрономы, физигі Цельсий)
8. Бұл кім? : өз өмірінде 40 т тамақ жейді, дүние жүзіндегі ең ақылды жыртқыш, қуаты орта есеппен 2,2Вт. (адам)
9. Меншікті балқу жылуы деген не?
10. Серпімділік күші дегеніміз не?

1. Ядро неден тұрады?  (протон, нейтрон)
2. Қуаттың өлшем бірлігі ? (Ватт)
3. F=-kx кімнің заңы  (Гук заңы)
4. Энергияның өлшем бірлігі?   (Дж)
5. Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі   (балқу)
6. Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы  (жылу мөлшері).
7. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу (қаныққан бу)
8. Табиғатты зерттеудің қандай негізгі үш әдісі бар? (бақылау, эксперимент, теориялық әдіс)
9. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл .... (диффузия)
10. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? (деформация)


1. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы (ішкі энергия)
2. Орыс тілінен физика деген сөзді алғаш енгізген кім? (Ломоносов)
3. Судың қату температурасы  (00С )
4. Денелердің жерге тартылу күші (ауырлық күші)
5. Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес, сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды кебу (қайнау)
6. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал (психрометр)
7. Бір заттың екінші затпен орналасу құбылысы (диффузия)
8. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? (салмақ)
9. Отынның жану жылуы деген не?
10. Сәуле шығару дегеніміз не?   (Сәулелік жылу алмасу деп бір денеден келесісіне электромагниттік сәуле шығарудың жәрдемімен энергияның тасымалдану процесін айтады.)


1. Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ кім (Талғат Мусабаев ғарышкер 1994 ж 135 тәулік ( 4,5 ай) космос кеңістігінде ең ұзақ болған
1998 ж орбитада 7 ай болып, 7 рет ашық космосқа шықты)
2. Диэлектриктен жасалған дене (резинка)
3. Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер)
4. Суықта ең төзімді құстар (қаз бен үйрек t=-110градус С)
5. Күннің сыртқы бетінің температурасы (60000 с)
6. Жылудан оқшау ланған жүйедегі процесс. (адиабаталық)
7. Меншікті булану жылуы?  (Меншікті булану жылуы (г) деп массасы Ікг сұйықты қайнау температурасында буға айналдыру үшін қажетті жылу мөлшерін айтады)
8. 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты (зодиак)
9. Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім? (Архимед)
10. Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп)

1. «Физика» сөзінің қазақша аудармасы (табиғат)
2. Темір не? (металл)
3. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе-теңдікте  боламайтын бу (қанықпаған бу)
4. Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі? – (кристалдану, қатаю)
5. Бойымен жарық таралатын сызық – (сәуле)
6. Еркін түсу үдеуі неге тең – (9,8 м/с2)
7. Қай планетаның сақинасы бар? – (Сатурн)
8. Қан қысымын өлшеуге арналған прибор -  (танометр)
9. Жылуды ұзақ уақыт сақтайтын құрал.  (Термос)                                                          
10. Энергияның газдың немесе сұйықтың ағыны арқылы тасымалдануы. (Конвекция)      

2- тур «Тіл өнері».

Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға екі тілде.
Қазақ, орыс тілдерін білсеңіз,
Жиырма ұпай, шәкірт, саған несібе

Жай көзге көрінбейді
Қозғалуға ерінбейді.    (молекула)
    
Жоғарламайды ешқашан
Түрлендірсең егерде
Басқа күйге ауысса
Жұмыс істейді әрқашан.     (энергия)

 Өзі затты құрайды
 Теңелуге таразыны сұрайды.   (масса)

Көтерілсе жоғары
Ерітер мұхит мұздарды
Төмен түссе шамалы
Сездірер суық ызғарды.   (температура)

Қозғалысқа келтіріп
Жылдамдығын береді
Өлшем бірлігін қарасаң
Ньютонға келеді.  (күш, , сила, strength)
        
Оңынан оқы тіршілік нәрі
Солынан оқы онсыз адам
Өсімдік, аң, құс
Әп-сәтте сөнер
Тұншығып бәрі. (ауа,воздух, air)

3 - тур. «Ғажайып жетілік».

Жылулық қозғалыс.

20 – Қыстыгүні қай үй жылы болады: ағаштан соғылғаны ма,әлде кірпіштен соғылғаны ма?
Ж:    Қыстыгүні ағаштан жасалған үй жылы болады, өйткені ағаштың жылуөткізгіштігі кірпіштікінен аз.
30 – Термосты тоңазытқыш ретінде уақытша пайдалануға бола ма?
Ж: Болады.Суық су ұзақ уақыт суық күйінде сақталады,өйткені ондағы ауасыз бос кеңістік,жылтыр қабат энергияны шағылтып,сәуле шығару арқылы берілуіне кедергі жасайды.
40- Желдеткіштен шыққан ауаның қатты ағыны суық болады.Осы ағында балмұздақты ерітпей сақтауға бола ма?
Ж: Болмайды. Өзін қоршап тұрған ауаның энергиясын бойына сіңіретіндіктен балмұздақ ериді.
50 – Оңтүстік ендіктерде тұратын халықтардың аптап ыстықта сенсең бөрік пен мақтадан сырып тігілген шапан киетіндері неліктен?
Ж: Ыстық өтпес үшін, мақтадан тоқылған тоқыма киімдердің талшықтарының арасында ауа қабаты болады.ал ауа жылуды нашар өткізеді.

Табиғат сырлары.

20 – Айдың бетінде тұрып «аққан жұлдыздарды» көруге бола ма?
Ж: Жоқ, өйткені айда атмосфера жоқ
30 – Сарқыраманың қай жерінде судың температурасы жоғары?
Ж: Сарқыраманың табанында
40 – Альпинистер жоғары биіктікте тамақ дайындады, уақыты жеткенмен бірақ тамағы піспеді. Не үшін?
Ж: Атмосфералық қысым төмен болғандықтан
50 –Марс планетасында жұмыртқаны пісіруге бола ма?
Ж: Болмайды,өйткені атмосфера өте сирек


Ұлы тұлғалар.

20 –  Бұл  ғалымды  «сэр» деп атаған
Оны «классикалық механиканың атасы» деп атаған
Ол «бүкіл әлемдік тартылыс заңының» авторы
Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі берілген
Ж: Исаак Ньютон
30 –   Қай ғалымды Пушкин «Орыс халқының бірінші университеті»  деп атады? Физика ғылымын орыс еліне тұңғыш енгізген физик?      
Ж: Ломоносов
40 – Мына суреттегі ғалым кім?
Ж: Г.Галилей   
50 – Косманавтиканың негізін қалаған ғалым?
Ж: Циолковский

4 – тур «Мақал-мәтел».

Сөзге бай қазақпыз ғой жанымыз,
Келіспей ме мақалменен сәніміз.
Сәйкестіріп бағытты сызықтармен,
Физикалық құбылысты табыңыз – дей келе сайысымыздың төртінші бағыты мақал мәтелдерді сәйкестендіру кезеңіне кезек берейік.

Қарыстан сүйем жақын                                               Жылу өткізгіштік                          
                     
Тонның жылуы терісінен емес жүнінен                        Физикалық шама

Қимылдаған қыр асар                                                 Заттың агрегаттық күйі

Таумен тасты су бұзар
Адамзатты сөз бұзар                                                  Механикалық  қозғалыс

Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер                                  Жылдамдық
          
Шапшаң озар
Жатқан қалар                                                              Инерция

Жеті рет өлшеп бір рет кес                                          Диффузия

Көсеу ұзын болса қол күймес                                     Физикалық шаманы өлшеу

Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді                        Жылу өткізгіштік

Отқа салса темірде балқиды                                      Жылдамдық

Аттыға жаяу жолдас болмас                                       Заттың агрегаттық күйі (балқу)

Дән себілмей астық өнбейді                                         Булану конденсация
Дария буланбай шық түспейді.

5 – тур «Тапқырлық».

Сайыс-толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
Бұл сайыста байқалар ғұлама ойлар
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Оқушыларға қызықты физикалық эксперименттер көрсету, бұл қандай құбылыс екенін анықтау.

Тәжірибе жасау.
1- тәжірибе: Су құйылған тәрелкенің  түбіндегі  тиінді  қолыңызды суламай  алыңыз.

Жауабы: Қағазды жағу керек, жанып тұрған қағазды стаканның ішіне қойыңыз және жылдам стаканды тиіннің қасына түбін жоғары қаратып тәрелкеге қою керек. Қағаз өшеді, стакан  ақ түтінмен толады, сосын тәрелкедегі су атмосфералық қысымның әсерімен өзінен-өзі стаканға жиналады.

VІ. Қорытындылау.
Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды турнир «Интеллектуалды ізденімпаз» сайысы өз мәресіне жетті.

Жүргізуші:
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.

Шеберлік пен білімді,
Сарапқа сап көріңіз.
Әділ қазы алқасы,
әділ баға беріңіз.
Әділ қазыларға сөз кезегі беріледі.Жеңімпаз оқушы марапатталады.
Жүргізуші:
Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір рахмет айтамыз.
Ғылым дами берсін ғаламдағы
Білімді үйренейік жаңа замандағы
Аман сау тұрыңыздар осыменен
физикалық сайысымыз тәмамдалды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...