Өлең, жыр, ақындар

Өзгеріс – заман талабы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы
№142 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі  
Жұбанова Гүлзат Тұрарқызы

«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің алғашқысы өзің бол» деген ұлылықтың тұжырымын еске алсақ, қазіргі күн санап, сағат санап өзгеріп жатқан жаһандану заманында сан түрлі жаңалықтардың жаршысына айналған мұғалімге артылған жүктің салмағы ауыр екені анық.  Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің  қабілетіне, оның іскерлігіне байланысты екенін мені еріксіз мойындатты. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, рухани-шығармашылық тұрғыдан дамыған, жаңалыққа ұмтылысымен танылатын, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерген, мәдениетті ерекше тұлға болу керектігі өмірдің талабы болып отыр.

Жаңа формат тәсілінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, педагогикалық технологиялардың жиынтығы болып табылатын білім берудегі жеті модульден құралған бағдарламаны іс-тәжірибемде енгізудемін. Бұрын сабақ жоспарын, сабақ мақсатын өзім үшін құрып, сабақта тек өзім сөйлеп, оқушыларды механикалық дайын сұрақ пен дайын жауап шеңберінде көз бояушылық жаттату арқылы оқытып келген едім. Енді жоспарды жасағанда әр оқушының психологиялық және ойлау дағдыларының деңгейлерінің ерекшелігін басты назарға ұстап, кез келген сабаққа қызығушылығы мен сенімдерін, бірлесе оқыту арқылы шығармашылық ойлау қызметтерін, оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім  арасындағы диалогтык оқытудың үйлесімді қарым-қатынастарын орнату арқылы дағдыланудамын. 

Бұрын ашық сабақ беруде қатты қобалжулар мен толқулар болушы еді. Енді осы жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибемде пайдаланудың нәтижесінде өзімнің де сенімділігім артып, еркін кез келген уақытта ашақ сабақ беруге машықтандым. Ашық сабақтарымда топтық, жұптық жұмыстарды, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудамын. 4-сыныпқа қазақ тілінен өткен «Жай және құрмалас сөйлем» тақырыбында өткен ашық сабағымда топтық жұмыста «Бірігіп жұмыс атқарайық» ойынын ойнату арқылы оқушылар бірлесе отырып, мәтін мазмұнын талдады, әрі жай және құрмалас сөйлем сөйлемдерді ажырата алды. Жұптық жұмысқа «Артығын тап» ойынын ойнату арқылы мәтінге сай келмейтін бөлігін бір-біріне түсіндіру арқылы оқу мақсатын меңгерді.

Қорыта келгенде, бүгінгі мектептің басты міндеті - өзіндік ой-көзқарасын ашық айта алатын, өмірде өз білімін қолдана алатын тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, талпынысқа бағыт-бағдар беріп тұру, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар