Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір рефлексивтік есеп

Қызылорда облысы Шиелі ауданы
№142 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі      
Болатова Дәмегүл

Сабақтар топтамасының үшінші сабағы М.Сүндетовтың «Қайырымдылық» әңгімесі. Сабақ жоспарының құрылымы Блум таксономиясы бойынша жасалды. Жоспарлау барысында бірнеше модуль идеяларын енгізуді ойластырдым: ынтымақтастық орта, диалогтік оқыту, сыни ойлау, қалыптастырушы бағалаулар, белсенді және кеңейтілген оқыту, өзін-өзі реттеу, т.с.с

Осы сабақты жоспарлау барысында Lesson Study тәсілі қолданылды. Бастауыш сыныпта сабақ беретін 4 мұғалім жоспар құруда талқылауға қатысып, кеңестерін берді. Нәтижесінде оқу бағдарламасын тереңдету үшін кеңейтілген тапсырмалар түрлендіруге мүмкіндік алдым. Сабақты талдауға қарағанда бірлесе жоспарлаудың маңыздырақ екендігін білдім. Осы сабақты әріптестермен талдау маған сенімділік бергендей болды.
Сабақ мақсаты төмендегідей қарастырылды:
- оқушылардың «Қайырымдылық» әңгімесінің мазмұны туралы білуі.
- әңгіменің идеясы мен мазмұнын түсінуі.
- әңгімедегі кейіпкердің іс-әрекетіне талдау жасауға үйренуі.

Осы мақсаттарға сәйкес күтілетін нәтижелер анықталды:
1.    Барлық оқушылар: «Қайырымдылық» әңгімесінің мазмұнын біледі.
2.    Оқушылардың көпшілігі: әңгіменің идеясы мен мазмұнын түсінеді.
3.    Кейбір оқушылар: әңгімедегі кейіпкердің іс-әрекетіне талдау жасауға үйренеді.

Мақсат пен күтілетін нәтиже анықталғаннан кейін оларға табысты жету жолдарын қалай қарастырдым?
1.    Жеті модуль идеяларын енгізу арқылы;
2.    Оқытудың белсенді стратегиялар таңдау арқылы;
3.    Формативті бағалау стратегияларын оқушыларды ынталандыру және оқу дағдыларын дамыту мақсатында тиімді қолдану арқылы.

Сабақтың кіріспе бөлімі Блум таксономиясының білу, түсіну аспектісімен байланыстырылды. Бірлескен оқу негізінде оқушылардың білу, түсіну деңгейлерін арттыру үшін ынтымақтастық атмосферасын құрудың маңызы зор. Өйткені, зейін шоғырландыру, бір-біріне түсіністікпен қарау, тыңдау, сұрақтар қою және әңгімелесу білу мен түсінуге әкеледі. Осы тұрғыда оқушылар түрлі-түсті стикерлер көмегімен  «мейірімділік», «қамқорлық», жанашырлық» сөздері бойынша үш топқа біріктірілді. Бұл жерден оқушылардың алдыңғы сабақтарға қарағанда топтарға бірігу кезінің өзінде әңгімелесу де жүріп жатқанын байқадым. А оқушы «Сендерде қандай сөз?», «К. сенде мейірімділік сөзі емес пе? Екеуміз бір топтамыз» деп айта отырып, жан-жақтағы топтардың барлығын біріктіре бастады. Осыдан оның көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете білді.  

Одан кейін осы сөздердің мағынасын анықтау жұмысы жүргізіліп, тақырып туралы олардың бұрынғы білімдері «Миға шабуыл» сұрақтары арқылы анықталды. Яғни, оқушылaрғa сыни тұрғыдa ойлaуғa түрткі болaтын сұрaқтaр қойылады. Мінеки осындaй әдісті мен де өз сaбaғымда қолдaндым. Сонымен қатар сабақтың табыстылығы үшін маңызды болып табылатын өзара әрекеттесу ынтымақтастығы қалыптаса бастады.

Сабақтың тұсаукесер бөлімінде түсіну дағдыларын дамыту жалғасын тапты. Үй тапсырмасын тексеру «Автор орындығы» стратегиясы арқылы жүргізілді. Әр топтан бір оқушыдан шығып, мәтін мазмұнын баяндады. Топ оқушылары кезекпен сұрақтар қойып отырды. Олар қарапайым, оқулықтағы және күрделілеу сұрақтар болды. Мысалы Ұ. оқушының «Автордың ойына көзқарасыңды білдір» сұрағы В оқушыға қиындау болды, ойлануды қажет етті. Сонымен қатар, А оқушының «Ақбілектің орнында болсаң сен не істер едің?» деген ситуациялық сұрағы жағдаяттық тұрғыдан көзқарастық тұрғысын көруге мүмкін берді. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы түсініктерін кеңейтті. Жоспарланған стратегия тиімді болды деп ойлаймын, себебі оқушылар өз ойларын жеткізуді, сұрақ қоюды, ойлануды, оқулықты пайдалануды және ықыласпен тыңдауды да үйренді. Соңында әр топ бірін-бірі түсіндіре отырып, «Бағдаршам» арқылы бағалап отырды.  

1-сурет В оқушы Ұ. оқушының сұрағына жауап беруге ойлану үстінде.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Сиқырлы айна» стратегиясы қосымша қолданылды. Ішкі және сыртқы шеңберге шоғырланған оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы белсенді оқуға қатысты. Ішкі шеңбер сиқырлы айна функциясын орындады. Мәтін және өткен тақырыптар бойынша сұрақтар арқылы білімдерін тереңдетуге, қайталауға мүмкіндіктер алды. Бұл жұмыс оқушыларға қатты ұнады. Барлығы қалмастан оқу әрекетіне тартылды,  оқушылар өздерінің қойған сұрақтарына дұрыс жауап алғанына қуанысып жатты. Мысалға айта кететін болсам, С оқушы:
- «Торғай» әңгімесі қалай басталды?
- Торғайды кім құтқарды?
- Ақбілек сұр жыланды немен ұрды? – деген сұрақтарын сыртқы шеңберде тұрған Е.оқушының дұрыс жауап бергеніне қуанып, мәз болды. Осы әдісті қолданғаным өте тиімді болды.  Өйткені сұрақ қоюға ынтасы жоқ оқушылардың өзі қызығушылық таныта бастады. Сол себепті де, «Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады» (МАН – 41б.)  деген тұжырым жүзеге асырылды деп ойлаймын. Стратегия жүргізіліп болғаннан кейін оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы түсіндіре отырып бағалады. Бірақ, кейбір жұптар тек басбармақпен көрсетіп қана бағалап, не себепті олай бағалап жатқандарын айтпай жатқанын байқадым.
Келесі кезекте оқушылар автор туралы мәліметпен танысып, топта талқылады. Бір оқушы тірек-сызба жасап, оқушыларға автор жайлы мәліметтер ұсынды.

2-сурет Ж. оқушы Мағзұм Сүндетовтың өмірбаянын ресурс көмегімен таныстырылым әзірлеуде.
«А» есімді оқушы сұрақтар әзірлеп, сұрақ қойды, оқушылар белсенділікпен сұрақтарға жауап берді. Содан соң мен диалогтік әңгіме өрбіту мақсатында сұрақтар қоюды және оларды да сұрақ-жауапқа қатысуға шақырдым:
М: Қайырымдылық ұғымын қалай түсінесіңдер?
О1: Қайырымдылық дегеніміз – қамқорлық жасау, көмек көрсету.
М: Қамқорлық, мейірімділік туралы қандай шығармалармен таныстыңдар?
О3: «Кедей», «Мейірім» әңгімелерінде әлсіздерге әркез көмек көрсету, мейірімді бола білу керектігі туралы айтылған.
О4: Біреуге жақсылық жасасаң, жақсылығыңды міндет етпе.
Әдепті бала-арлы бала, Әдепсіз бала-сорлы бала.
О5: Бұл мақалдың қайырымдылыққа қандай қатысы бар?
О4: Әдепті бала әр кез көмектесіп, жақсылық жасайды. Сондықтан, оны арлы бала дейміз.

Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі дамытуына көмектесетін амал  (МАН 20бет) екендігіне көз жеткіздім.
Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады.
- тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағыттаушылығы;
- оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы;
- проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.

Осы идеяны негізге ала отырып, мәтін мазмұнын түсіну үшін және бір-біріне түсіндіре білуге үйрену үшін «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясын қолдандым. Оқушылардың барлығы өз беттерінше мәтін мазмұнымен танысып, жұпта өз ойларымен бөлісіп, топта жұмысты талқылап жатты. Осы стратегияның жүзеге асырылуы барысында топтық әңгіме де жүріп жатты. Кейбір жұптар бір-біріне қолдау көрсеткен тұстары байқалды, кей жағдайда сұрақтар қою немесе тек қана бір жақты тыңдау байқалды. Барлық оқушылар бірдей мәтін мазмұнын түсінгендерімен бөлісті деп айту қиын. Бірақ, олардың ынта-ықыластары жоғары болды, мұқият тыңдай алды, сұрақ қоюға қатысқысы келді. Нәтижесі бірден көрінбесе де қолданған стратегиям тиімді болды деп ойлаймын.

Талқылаулардан соң,  «Джигсо» стратегиясы бойынша оқушылар мәтінді қаншалықты түсінгендерін дәлелдеу үшін басқа топтарда біріктіріліп, мәтін мазмұнын баяндады. Бұл жұмыс оқушыларға біріншіден, белсенді оқыту әдісі ретінде  сөйлеу дағдыларын дамытуға, мәтін мазмұнын тереңірек түсінуге; екіншіден, басқа топта мәтінді баяндау жүргізу арқылы қарым-қатынас белсенділігіне қол жеткізді. Алдыңғы сабағымда мәтін мазмұнымен танысу барысында сөйлеу дағдылары, топта бір-біріне баяндау аса байқала қоймаған болатын. Өйткені ол кезде тек іштей оқып, топта баяндау тиімді жүргізе қоймады. Бұл сабағымда оқушыларға «Джигсо» стратегиясы бойынша белсенді оқу ортасында оқыған ұнағандығы олардың көңіл-күйлерінен көрінді, оларға басқа топтардағы оқушыларды оқытуға қатысқаны ұнады. Өз жұмыстарынан алған әсері көздерінен байқалып тұрды.

Оқушылардың қалай оқу керектігін үйренуіне байланысты қолайлы орта құру мұғалімнің шеберлігіне қатысты деп ойлаймын. 3-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес аффективті ортада зейінмен қызығушылықта жұмыс жасау қабілеттерін қолдауда сергіту жаттығуларының маңыздылығының жоғары деп білемін. Осы орайда біздің тренер тарапынан сергіту сәтіне би жаттығуларынан гөрі, танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталуы жайлы ескерткенін ескердім. Сол себепті оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жақсартуға арналған тапсырма ұсынылды. Оқушыларға  есте сақтау үшін 12 сөзді интерактивті тақтадан көрсетіліп, 2 минут ішінде жаттап алу керек болды. 12 сөзді бәрін 4 оқушы жаттап үлгерді, ал бір ғана оқушы сөздерді ретімен жаттады. Бұл жұмысты сабақта қолдану өте тиімді болды. Оқушылар оқуға қызықты, тапсырманы орындауда өздерін көңілді сезінді. Осындай тапсырмаларды орындауға болатындығын түсіндім.   Алдағы сабақтарда да сергіту кезінде жаңаша, әлі де күрделірек тапсырмалар әзірлеуді жоспарлауды жөн көрдім.
Осыдан кейін топтарға жаңа білімді қаншалықты өмірде қолдана алатындықтарын анықтау мақсатында шығармашылық жұмыстар берілді.  

1-топ оқушылары жұпта «Әңгіме» кестесін толтыра отырып, өтілген тақырып пен бүгінгі тақырыпты байланыстыра алды. Өз ойларын жеткізуде қиналғанда  А. оқушы тобындағы оқушылардың ойын толықтырып, қолдау көрсетіп отырды. 2-топ мәтіннің мазмұнын өмірмен жақсы, шынайы өз сөздерімен жеткізіп байланыстырды. А оқушы мәтіндегі ерекше әсер еткен тұсты әсерлі жеткізіп берді. 3-топтан Е. есімді оқушы Мұхтардың іс-әрекетіне толық сипаттама беріп өтті. Ә. оқушы «Оның орнында болсам мен де дәл солай жасар едім» - деп өз ойын қысқа ғана баяндады. Әр топ сабаққа белсене араласып, өз жұмыстарын шамалары келгенше орындап шықты. Оқушыларымның берген жауаптарынан-ақ сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері арқылы кішкене болса да өз ойларын пайымдап, ұтқырлылық таныта алатындығына көзім жетті.  

3-сурет Оқушылар жазбалары: «Әңгіме кестесі», «Талдау кестесі», «Кейіпкердің іс-әрекетіне сипаттама»  

Әр топ бір-бірлерін сағат тілі бойынша бағалау критерийлері арқылы бағалады. Бүгінгі сабақта алдыңғы сабақтарға қарағанда оқушылардың формативті бағалау стратегияларын қолдануда қиындық келтірмей, қолдау көрсеткендеріне қуандым. Себебі, оқушылар өткен сабақта бір-бірін бағалауда қалыптастырушы бағалаудың стратегияларын қолданғанымда тосырқап қарап, дұрыс түсінбей жатқан болатын. Осы сабақта оқушылардың бағалаудың маңызды екенін түсінгендерін байқадым.

4-сурет. 1-топ сағат тілімен 2-топты ақылдаса отырып, әділ бағалауда.
 
Қандай да бір тапсырманы орындауда шығармашылық және ойлаудағы бірегейлік, басқа адамдармен қарым-қатынас орната білу сияқты қасиеттерді қамтитын Фриманның сегіз өлшемінің бірі мәселені шешу және күрделілікке деген сүйіспеншілікті (МАН-73б.) ескере отырып, сабағымның жинақтау кезеңінде оқушыларға жеңілден күрделіге қарай құрастырылған кеңейтілген тапсырмаларды жұптық жұмыс ретінде алған болатынмын. Мұндағы мақсатым, Выготскийдің айтуы бойынша, тым күрделі жұмыс балаларға орындалмайтын, ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдейтін «Жақын арада даму аймағы» теориясының негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін анықтау болатын. Осыған сәйкес, тапсырмаларды орындауға жұмсалған уақыт олардың машықтарына қарай анықталды. Қабілетті балалар басқаларға қарағанда негізгі міндеттерді орындауға аз уақыт жұмсады, тобындағы басқа оқушыларға көмек көрсетіп отырды. Мысалы, А оқушы өз жұбындағы К. оқушыға көмегін бере отырып, кеңейтілген тапсырманы бірігіп орындады.

5-сурет. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Оқушылар мәселені шешу жолдарын қарастыруда.

Оқушылар өз шамаларына қарай тапсырманы орындап берді. Өлшемдерге сәйкес әр оқушы топта жеке бағаланды. Сабақ соңында кері байланыс ретінде оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, күннің шуақтарына ілді.  
Сабақ соңында кері байланыс ретінде «Бүгінгі сабақ ұнады ма?»,
«Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?», «Не үйрендің?» деген сұрақтарға оқушылар сабақтан алған білімдері мен әсерлерін стикерлерге жазып, күннің шуақтарына ілді.  

6-сурет. Кері байланыс. Оқушылардың сабақтан алған қызықты, шынайы әсерлерінен  көрініс

Қaғaз бетіне әр оқушы көрсетілген сұрaқтaрдың жaуaбын жaзудa, олaрдың сыни түрде ойлaуы қaншaлықты дәрежеде екенін көрсетті. Белсенділік көрсеткен оқушылaрым өз ойлaрын aшық сыни ойлaу түрінде жaзып білдіре алса, сөздік қорлары аздау оқушылaрым «Сaбaқта мен бәрін үйрендім», «Сабақта көңіл-күйім жақсы болды» деп шағын түрде жaзып қaнa қойғaн екен. Үйге тaпсырмa мәтінді түсініп оқып келуге бергенімде, кейбір оқушылар өздіктерінен әңгімедегі кейіпкерлер Мұхтар мен сотқар балаларға хат жазып келейік деп ұсыныстарын білдірді. Осы кезде мен оқушыларымның күрделілікке деген сүйіспеншіліктерін байқағанымда сабағымның мақсатына табысты жеткеніме көзімді жеткізіп қатты қуандым.  

Сонымен қорытa келгенде бірнеше модульдерді пaйдaнaлa отырып өз сaбaғымның күтілетін нәтижесіне қол жеткізуде топтық жұмыстың aлaтын орны ерекше екен. Топтық жұмыс жaсaу aрқылы оқушылaр ең біріншіден, бірлесіп жұмыс жасауға, топ ішінде өзіне белгілі бір рөлді міндеттегеннен кейін, оғaн үлкен жaуaпкершілік пен сенім талап етілетіндігін көпшілігі сезіне білді. Әуеліде қaтеліктерге бой aлдырғaнымен, көш жүре келе түзеледі демекші, олар  дa сaбaқ өткен сaйын не нәрсеге болсa дa жaуaпкершілікпен қaрaуғa өз-өздерін реттей бастады. Сaбaққa деген ынтaсы, қызығушылықтарының арта түскендігі жaңaдaн жaңa нәрселерді тaнығысы, білгісі келіп отырғандықтарынан аңғардым. Мінеки aз дa болсa дa мен өз тәжірибемде осыны бaқылaдым. Aлдaғы уaқыттa дa осы оқытудың жaңaша әдіс – тәсілдерді қолдaнa отырып, өз шәкірттерімнің бойынaн күн сайын  бір ерекшеліктерді байқап, күнделікті сaбaққa деген құлшыныстарының артқанын қалаймын. Әр мұғaлім үшін aлдындa отырғaн шәкіртінің осындaй қaсиеттерін көріп, өзіндік «мені» қaлыптaсқaн тұлғa ретінде тaнылсa ол үлкен бaйлық деп ойлaймын. Осындaй бaқытқa кенелу үшін әрбір мұғaлім үнемі ізденіс үстінде жүруі қaжет, оқытуды жaқсaрту үшін өзіміздің құзіреттілігімзді aрттырып отыруымыз  керек.

Жалпы осы сабағымның табыстылығын бағалар болсам, сәтті деп бағалар едім. Себебі, жоспарлау барысында оқу мақсаттары оқушылар тұрғысынан қолжетімді етіп қойылды. Екіншіден, мақсатқа жету үшін модуль идеялары әр түрлі стратегиялар арқылы енгізілді. Оқыту мен оқуда белсенді оқыту формалары кеңінен қолданылды. Оқушылардың қабілеттері мен қажеттіліктері бақыланды, бақылау арқылы анықталып отырды. Соның ішінде, сәтті шыққан тұстaрыма тоқталар болсам:
1. Оқушылaрдың сaбaққa деген ынтaсы жоғaры болды;
2. Топтaғы ынтымaқтaстық орта жaқсы қaлыптaсты;
3. Берілген тaпсырмaлaр жaуaпкершілікпен орындaлды;
4. Оқушыларда өзін-өзі реттеу жүрді, бір-бірін бағалауға қатысты, жұмыстарын қорғау барысында өз ойларын жеткізе алды.
5. Белсенділігі ортaшa оқушылaрымның ынта-ықыластары артты.

Сабақ барысында не сәтсіздеу  өтті:
• Қалыптастырушы бағалауды пайдалануым;
• Диалогтік оқуды қамтамасыз ету үшін түрлі сұрақтарды қолдануым
Алдағы уақытта  тәжірибеме өзгерістер енгізу үшін төмендегі ұсыныстарды қабылдадым:
• Уaқытпен жұмыс жaсaй білуге өзімді және оқушылaрымды дaғдылaндыру;
• Оқушылардың сабақ барысында орындап отырған жұмыстарында жіберілген қателеріне уақытылы тузетулер жасауда мұқият болуды басшылыққа аламын.
• Сабақ барысында формативті бағалауды үнемі қадағалап жүргізіп отыруым қажет;
• Жұптық, топтық жұмыстар жүргізілгенде оқушыларды толық бақылауға алып, барлық оқушыларды қамтып отыруым қажет.
• Кеңейтілген, құзыреттілігі жоғары тапсырмалар топтамасын дайындауды алдағы сабақтарыма мақсат тұттым.   
Топ ішінде деңгейлік тaпсырмaлaрды орындaудa, білу, түсіну, тaлдaу, жинaқтaу, қорытындылaу, бaғaлaу деңгейлеріне дейін жеткізу.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)