сайыс
ozgetil.kz

Жаңашыл мұғалім бейнесі

Қызылорда облысы Шиелі ауданы №142 орта мектеп
тарих пәнінің мұғалімі
Бодықова Гүлбағила Жанахметқызы

Қазіргі таңда еліміздегі жас ұрпақты білімді де сапалы етіп тәрбиелеу заман талабы екенін ескерсек, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – болашақ ұрпақтан бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өз жолдауында айтқандай болашақта өркениетті  дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстандағы дамыған елу елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін білім - деді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі  білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің форматы білім деңгейін ұйымдастыру болып отыр.

Сонымен бірге, нарық жағдайында мұғалімге қойылатын талаптар да күшейе түсуде. Қазіргі заман талабына сай мұғалім бейнесін ашар  болсақ ол өзінің кәсіби шеберлігімен бірге, бәсекеге қабілетті, білім берудегі жаңашыл идеялармен қамтылған, рухани – адамгершілігі бар, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуы тиіс. Сапалы біліммен өз оқушысында білім нәрін берген мұғалім өзінің  оқыту тәжірбиесінде  жетістіктерге жету жолдарын қарастыра отырып, оны дамыту көзін алдындағы шәкіртінің өз ойын еркін, ерікті жеткізумен байланыстырады. Нәтижесінде өзіндік идеясы қалыптасқан тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ. Мектептегі тәжірибе курсына қатысудамын. Курста оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, жеті модулді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарын меңгерудемін. Курстан алған білімді сабақтастыру ниетінде өз сабақтарымда осы жеті модулді пайдалана жүргізудемін,  оқушының пәнге деген қызығушылығы арта түскенін байқадым. Әрине сабақ үрдісінде жеті модулді қамту мүмкін емес. Алайда артықшылығында байқауға болады. Ең алдымен өзімізге белгілі сын тұрғысынан ойлау модулі туралы айтар болсам, бұл жерде басты қағида - оқушының өз ойын еркін жеткізе білуі. Ол оқушының сөйлеу мәдинетін қалыптастырады. Яғни, сын тұрғысынан оқытутехнологиясының стратегияларын пайдалану арқылы балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға  мүмкіндік туғыза отырып сабағымды жүргіздім және  де сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша жоспарланған сабаққа қалған модульдерді еркін енгізуге болады деп есептеймін.     

Мен өз сабағымда өз жеті модульдің ішіндегі екіншісі: «Сыни тұрғыда ойлауға үйрету» модулім жаныма жақын көрдім. Бүгін тәуелсіз демократиялы Қазақстанның білім беру жүйесінің алдында басты проблеманың бірі ретінде «Ел азаматын қалай тәрбиелеу керек?» деген сұрақ тұрды. Неге? Проблема өзектілігі неде? Сыни тұрғыдан ойлау Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамыту саналы және оймен қабылдауды көздейді.

Сөзімді қорытындылай келе айтарым еліміздегі білім беру мазмұны шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз болып табылады.



Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)