Өлең, жыр, ақындар

Агрессивті мінез-құлықты жеңу мен төмендету

Ақтөбе қаласы
"Облыстық туберкулез-санаториясы мектеп-интернат" КММ-нің
педагог-психологы Жиенбаева Салтанат Қабденқызы

Тренинг мақсаты: агрессивтілік деңгейін төмендету, өзінің мінез-құлқын ырықты басқаруға қабілеті мен мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Тренингтің міндеттері:

1. Конфликтілі жағдайларда мінез-құлықтың адекватты тəсілдерін қалыптастыру;
2. Эмоционалды жеке бастық эгоцентризмді жеңе білу;
3. Эмпатияға қабілеттер дамыту;
4. Жеткіншектердің ішкі жан дүниесін өзіндік тануына жағдай жасау;
5. Сенімсіздікті, қорқынышты жəне үрейді жеңе білу;
6. «Мен» позициясын қалыптастыру;
7. Жеткіншектің алған білімдерін тұлғааралық қатынастарында қолдануға үйрету жəне бекіту.

Тренинг əдістері:

_ арттерапия;
_ сюжеттік-рөлдік ойындар;
_ релаксация;
_ музыкотерапия;
_ мінез-құлық тренингінің элементтері..

Мақсаты: топқа қатысушыларды эмоционалдық жағынан біріктіру, қысымдықты шешу жəне топты үйымдастыру, балаларды тренинг ережелерімен таныстыру, сонымен қоса жүргізуші мен қатысушылар арасында эмоционалды қарым-қатынас орнату.

Кіріспе бөлім.

Сəлемдесу рəсімі: балалар шеңбер жасап, қолдарын бір-бірінің иықтарына салып, бір-біріне жылы шырай танытып сəлемдеседі.

Ереже кірістіру:

Жүргізуші: «Бір-бірімізбен сəлемдескеннен кейін тренингтің негізгі ережелерімен жəне осындай қарым-қатынас формасының ерекшеліктерімен танысуға кірісеміз.

Тренинг ережелері келесідей:

1. Қарым-қатынастың сенімділік стилі. Қатысушылардың бір-біріне сенімділігін арттыру үшін біз қарым-қатынастың «сен» формасын қабылдауымыз керек.

2. Топтағы барлық өтіліп жатқандардың құпиялылығы. Бұл барлық сабақ кезінде не болғандығын еш жерде, ешкімге айтпау.

3. Адамды бағалауды болдырмау. Топтағы жағдайларды талқылаған кезде, біз қатысушыны емес, оның əрекеттері мен мінез-құлқын бағалаймыз. Біз ешқашан «Сен жаман адамсың» деп айтпаймыз, керісінше «Сен дұрыс жасамадың» дейміз.

4. Сөйлеушіге құрмет. Біреу өз пікірін айтқан кезде, біз оны мұқият тыңдаймыз, айтқысы келгеніне мүмкіндік жасаймыз. Сөзін бөлмейміз, сөзінің аяғына дейін тыңдаймыз. Содан кейін барып қана сұрақ қоямыз.

5. Болып жатқанға белсенді қатысу. Топтың жұмсына біз үнемі белсенді қатысамыз, бір-бірімізге зейіндіміз, бізге басқа адамдар

қызықты. Балалар, бұл ережелерді біз əрбір сабақта ұстанамыз».

Негізгі бөлім.

Жаттығулар саны: 2 жаттығу.

Жаттығу 1. «Интервью».

Мақсаты: топтық ұйымшылдықты дамыту, қатысушылармен қарым-қатынас орнату, сабаққа жағымды мотивация қалыптастыру, тренингке қатысушыларды таныстыру.

Өткізілу уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: балалар жұптарға бөлінеді, кезектесіп «журналистер» мен «жұлдыздар» болады. «Журналистер» «жұлдыздардан» интервью алады жəне ол туралы не білгісі келсе, соны сұрайды. «Жұлдыздардың» жауаптарын дəптерге жазып отырады. Екеуі де бір-бірінен интервью алып болғаннан кейін, кезектесіп топқа өз «жұлдыздарын» таныстырады.

Жаттығу 2. «Онға дейін санау».

Мақсаты: жеткіншектер арасында позитивті қарым-қатынас орнату, тренингке қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.

Өткізілу уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Бір-бірінің шынтақтары мен иықтарына тимейтіндей болып, барлығы шеңбер жасап тұрады. «Бастадық» деген сигналмен көзді жұмып, мұрынды төмен түсіріп, онға дейін санау керек. Қулығы мынада, санаған кезде кезектесіпсанау керек. Біреуі «бір», келесісі «екі»жəне ары қарай кезекпен. Бірақ ойында бір ереже бар: сөзді бір ғана адам айтуы керек. Егер екі дауыс бір мезгілде бір сөзді айтатын болса, онда санау қайта басталады. Сіздерде он мүмкіндік бар. Егер осы он мүмкіндікте санауды онға жеткізсеңдер, онда сендердің топтарың келісімге келген топсыңдар. Əр бір сəтсіз санаудан кейін көздеріңді ашып, бір-бірлеріңе қарауға болады, бірақ сөйлесуге болмайды. Бір-бірлеріңді сөзбен емес, көзбен түсінуге тырысыңдар.

Жаттығу 3. «Мен, өзімнің сүйіктім».

Ал енді, балалар, ыңғайланып отырайық. Өздеріңмен болып жатқандардың барлығына мұқият болыңдар. Мынау сенің оң аяғың, егер оның жаны болып, ол саған: «Сен мені ыңғайлы қойдың, маған жасаған жақсылығың үшін рахмет» деп айтатындай етіп орналастыр. Өзіңнің сол аяғыңды өкшеге де, тізеге де қысым түспейтіндей етіп қой. Оң жəне сол қолдарыңа кезекпен қара. Əрбір қол сенің күтіміңді қажет етеді. Оларды да жайлы етіп орналастыр, саусақтарыңды төмен түсір. Əрбір саусақ сенің зейініңді, сенің жылуыңды, сенің күтіміңді сезінсін. Сен қазір саусақтарыңның басында нені сезесің? Ортаңғы саусағыңда, төртіншісінде… Қан тамырларың белсенді қызмет етеді, қан айналымы айқын байқалады. Мен тіршілікті əрбір саусағыммен сеземін. Сол қолымда болған сезімдерге оң қолым да жауап бере бастады. Саусақтарым еркін жəне жұсақ бола түсті. Олар жай дем алып, менің күтім көрсеткеніме ризашылығын білдіріп жатыр. Мен _______өз қолдарымның іскерлігі мен күштілігіне ризашылығымды білдірудемін. Рахмет сендерге, менің қолдарым. Мен дем аламын жəне ауаны жұтқандығымды сезінемін. Менде əлеммен үйлесімділік болғанына, ауаны еркін жұтынып, жібере алатыныма қуаныштымын. Менің дем алысым бір қалыпты жəне жайбарақат, дем алуым жеңіл. Менің бетім… Менің бетім менің ең маңызды бөлігім, менің жеке тұлғамның визиттік карточкасы. Рахмет, саған, менің бетім! Біз əрқашан да біргеміз. Маған сенімен жайлы. Менің еңбекқор аяқтарым. Олар таң атқаннан кеш батқанға дейін мені өмірде алып жүреді, жүгіреді, ұстап тұрады. Аяқтар ең қиын жұмысты орындайды, үндемейді, бізден ешқандай ризашылық тоспайды. Рахмет, сендерге, менің аяқтарым! Жəне менің барлық денем- рахмет, сендердің бар болғандарыңа. Мен сені күткім келеді. Мен сендерді жақсыкөрем! Осы өмірдің барлық байлығы - ол менің жаным. Мен өзімнің жаныма оның бар болғанына ризашылығымды білдіремін. Өйткені менің жаным - ол сүйе алады, жылай алады. Рахмет, саған, жаным менің. Менің санам, менің ақылым, менің ішкі компьютерім. Ол көп нəрсені есіне сақтай алады, абай бола алады- сенің сақшылық қызметіңе рахмет. Бірқалыпты, терең дем алыңдар… біртіндеп бөлмеге оралыңдар.

Өтілген сабақтың рефлексиясы: «Айтыңдаршы, балалар, бүгін сендерге не жаңалық болды? Психологиялық тренинг жайлы сендердің қандай көзқарастарың қалыптасты? Сендерге не ұнады? Ал керісінше не ұнаған жоқ? Тренингті өткізу туралы қандай ойларың бар?»

Қоштасу рəсімі. Қатысушылар шеңберге тұрып, қолдарын иыққа салады. Олар бір-біріне мейірімділікпен қарап: «Рахмет, кездескенше» деп айтады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз