Ата–ананың отбасындағы рөлі

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы
№98 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Бимбетова Айгул Пахрадиновна                       

Бала тәрбиесі қашанда өзекті мәселе екендігін қазақ ежелден-ақ болжап, болашақ ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл аудара білген. Ұлын ұлдай, қызын қыздай тәрбиелеуге барын салған. Сондықтан қаншама қиын кезеңдерді басынан өткізуде де халқымыздың қадір қасиеті кемімеген, үлгілі ұлағаты үзілмеген. Жан дүниесіндегі рухани тазалықтың қалыптасуы балалық шақтан бастау алатындықтан бүлдіршіннің өмір табалдырығын аттағаннан бастап бойына дұрыс сіңірген тәлімді тәрбие мен білім, парасаттылықпен толыса келіп, рухани байлыққа ұласады.

Тәрбие жұмысының тұжырымдамасында «Қоғамымыздың іргетасын нығайту мақсатында, ең алдымен, адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту қажет» делінген.

Тәрбиенің негізгі мақсаты психологиялық-педагогикалық ғылымдарының жетістіктерін кеңінен және орынды пайдалана отырп, нарықтық экономикаға сай, дені сау,ұ лттық сана- сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу.

Отбасындағы салауаттылық-өркениетті қоғам талабы. Өйткені ұрпақтан-ұрпаққа беріліп  отыратын  дәстүрлер мен мұраттар, көбінесе отбасында дамып, байытыла түседі.

Адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрі де тек салауатты отбасында қалыптасады.

Отбасы адамзат баласының дүниеге алғаш рет келгенде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп, ер жететін, тәрбие алатын аса қажетті әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда да, қай елде болсада адамзат ұрпағы үшін отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа да еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Себебі отбасы мүшелерінің бір-біріне деген кісілік қарым-қатынастары олардың жаны мен қанының табиғи бірлігіне - туыстығына негізделген жақындық. Отбасы тәрбиесінің күші де осында. Отбасы тәрбиесінде және мектепте ғылыми мағлұматтар мен халық тәрбиесіне негізделген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жас жеткіншектердің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір –қасиетін  қалыптастыруда ата-ананың ролі зор. Ана отбасының жаны мен сәні, жылуы екенін, «Шешесін көріп қызын ал» деген мақалдың орынды айтылғандығын, әке-шаңырақтың  нағыз тірегі, отбасы балалары үшін асқар тау, алып қорған  және теңдесі жоқ педагогикалық қазына екендігін айта отырып, жасөспірімді тәрбиелеуге әке рөлінің зор екендігін ұғындырған.

Ең бастысы – отбасындағы, отбасы ошақ қасындағы тәрбиенің әлсіздігі баланың  бақылаусыз бетімен кетуі. Тәрбиенің үйлесімсіздігі, мектеп пен ата-ана, мектеп пен мектептен тыс тәрбие орталықтарының арасында байланыстың жоқтығы.

Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлінің қандай екендігі атам қазақ «Ұяда не  көрсең-ұшқанда соны ілесің» деп бір ауыз сөзбен-ақ айқындап берген жоқ па? Баланың бақылаусыз, қараусыз қалуы салдарынан оған берген тәрбие, құмға сіңген судай  із-түзсіз кетеді. Себебі, бақылаусыз қалған баланың қолы бос, ешнәрсемен айналыспайды. Қайта сол бос уақытында түрлі жағымсыз әдеттерге бас ұрады. Шетелдік түрлі кинолардан көрген жауыздықтан, қатыгездіктен жасқанбай, сол жасқанбаушылықтарын өздерінше дәлелдегісі келіп ұрынарға қара іздейді, жаман жолға түсіп қылмысқа барады.

Бала тәрбиесіндегі отбасының міндетін мектептерге, түрлі қоғамдық ұйымдарға жүктедік. Бар жауапкершілікті соларға арттық та, біздер  біріңғай қызметпен айналыстық. Бұл – бір қатеміз.

Ендігі бір мәселе, бізде тәрбие жұмысына бір жақты қарау басым. Олай дейтініміз, көпшілік ата-аналар тәрбие жұмысымен тек мектеп қана айналысуы керек деп есептейді. « Өздеріңе бердік, не етсеңдер қолдарыңда» деп бар жауапкершілікті мектепке аударады.

Отбасындағы тәрбие ісіне сіздер мен біздер болып, жіті көңіл бөліп, жас ұрпақ санасына тәрбиені сіңіре білейік.

Отбасындағы әр адамның орнын көрсететін, жастарды үлкендерге парасатты түрде құрметпен қарауға тәрбиелейік. Ұлттық мәдениет пен өне негізінде жан-жақты тәрбие беріп, тазалыққа, салауатты өмір сүруге, өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландырайық.                         


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)