Арулар – асыл жандар

Ақтөбе қаласы Ғ.Ақтаев атындағы
№6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Утегенова Алтынгул Алдасыбергеновна

«Ару қыздар!» сайысы

Сабақтың тақырыбы: Арулар – асыл жандар                                                                                                  

Мақсаты:
1. Қыз балалардың білімін, өнерлерін тамашалап, өз өнердерін көрсетуге тәрбиелеу.
2. Халықтық педагогика негізінде қыз балалар тәрбиесін қалыптастыру.
3. Аналар мерекесіне орай, балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай, сыйлай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Даналық сөздер, жазылған плакаттар, гүлдер мен шарлар. 
Түрі: «Қыз сыны» сайысы
Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.    
Жүргізуші: Қайырлы күн, қонақтар! Бүгінгі кеште мектебіміздің 1 «В» класында өткізілетін «АРУЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР» Ару қыздар сайысына қош келдіңіздер!

Міне жыл құсындай көктеммен бірге келетін 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін.

Гүл көктемнің алғашқы ең жүрекке жылы, мейірімді мерекесі – бүкіл мерекенің бастауы аналар мерекесі құтты болсын! Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймын!

Ұлдар тобының орындауында «Ай дидарлы анашым» әні (орындайтындар – ұлдар)

Жүргізуші: Барлық балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін не бір асыл сөз маржандары кездеседі. «Ананың алдында асқар тау да аласа», - дейді халық. Ана бәрінен биік.

Жүргізуші: 8-наурыз мерекесіне арналған АРУЛАР — АСЫЛ ЖАНДАР атты «Қыз сыны» сайысына қатысқалы отырған сүйкімді арулардың жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деген тілекпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын, сіздерді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін.

1. «Сәлем - сөздің анасы» Өзін таныстыру
2. «Өнерлі өрге жүзер» Өз өнері (Ән, би, өлең т.б.)
3. «Ас-адамның арқауы». Арулар өздерінің үйден жасап келген тағамдарын таныстырады.
4. «Сән үлгісі» Түрлі бағыттағы үлгі
5.  Қорытынды.  Марапаттаулар

Жүргізуші: Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың көптеген ақындарымыз қыздарымызға «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыз елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» деген керемет суреттемелер берген. Біздің халық қыз баланы ардақтап төрге отырғызып, оған қатты сөз айтпай, аққудың көгілдіріндей етіп өсірген. Бұған тікелей ықпал ететін адам ол – Ана. «Ана көрген тон пішер» демекші ана тәрбиесін көрген қыз, инабатты, тәртіпті болған.

Қолқанат:
Анашым ортамызда жүрсең күліп,
Болады Алатаудай еңсем биік.
Мен сенің қарызыңды өтермін бе?
Әлемнің жақсылығын берсем жиып.

Аян:
Той тойлап дала менен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым.
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,
Құттықтап жатыр міне балаларың.

Енді осы байқауға қатысатын аруларымызды ортаға шақырайын.
Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойына ақыл, сана.
Көркіне ақылы да сай келетін,

Келеді аруларым билеп қана. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
Бірінші келе жатқан қыз Маликаны қарсы алайық. 

2. Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Келесі біздің Назгүл қыз
Көрінген күштің басынан.

3. Бәріміз жақсы көретін,
Жарыста демеу беретін.
Келесі біздің Аяулым,
Шырқап ән салып беретін

4. Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан - жақты.
Келе жатқан Улбоган
Жарысты бүгін жалғапты.

5. Қуантады білімімен Амина қыз,
Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.

6. Құлпырған дала гүліндей,
Жүресің әркез күлімдей.
Арманыңа аңсаған Гүлсезім қыз,
Ақниетпен жет, сүрінбей!

7. Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,
Бәрі де арманыңа қолың созар.
Арманың орындалсын, Ақнәзік қыз,
Бұйырса бақыт құсы саған қонар.

8. Даусың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Атың қандай нұрлы еді,
Сезім сұлу жарасқан.

9. Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай күнмен таласатын.
Сымбат сәні келісіп ару қызға,
Әрдайым жұрт сүйсіне қарасады деп Назым қызды ортаға шақырайық.

Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.

1. Мектеп психологі - Жумагулова Алмагул Нурлыбайқызы

2. Бастауыш класс мұғалімі - Елеусізова Мөлдір

3. Ата-аналар комитеті - Бисенбаева Эльмира


Жүргізуші:
Болады қыздың аты затына сай,
Ниет етсең болуға өнерге бай.
Артық емес, үйрен де жирен деген
Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.
Сұлу қыз келіп жетті алдыңызға,
Бойындағы бар дарынды танытуға.
Дараланып сахынаға келді бүгін,
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе, сайысымыздың алғашқы шарты
«Таныстыруды» бастаймыз.
Жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса бойында.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Өнеріңді қане бүгін көрсетші,
 Мына жұртқа қошеметпен қол соққан – дей отырып, аруларды өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

Жүргізуші:
Арулар, бұл жол басы даналықта,
Келіңдер, оқып, байқап қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па!
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңіз іздеп тауып алалық та,
 
Шеберлермен өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін,
Біз айталық төрелігін соңынан.
Енді кезек «Ас – адамның арқауы», Арулар өздерінің үйден жасап келген тапсырмаларын көрсетіп, таныстырады.

Жүргізуші:
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды
ортаға шақырамыз. Қыздар ортаға шығып өздерінің дайындап келген сән үлгісін көрсетеді.
 

Жүргізуші:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, біздің Нұрсұлтан жігітіміз ортаға шығып мерекеде билеп берсе.....  

Ән: «Анажаным» (орындайтындар –   ұлдар)

Келесі тыңдайтын әндеріңіз - «Әрқашан күн сөнбесін» әні – хор, 3 тілде.

Жүргізуші:
Көркіңнен сенің айналдым еркем,
Қазақтың салтын сақтаған көркем, - деп ақын жырлағандай, бүгінгі ару да, әсем қыздарымызды «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деп бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді қазылар алқасына береміз.

Жүргізуші:
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда

Сонымен, қорытындылай келе, қыздарымызға айтарымыз: кез келген көргеніңе еліктемей қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойына сіңіріп, үлкеннен өнеге, ұлттық дәстүрімізді жалғастыратын ибалы,инабатты,білімді қазақ қызына лайық қыздар болыңыздар демекпіз.

Мұғалім сөзі:
                                                                                     

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен сайысымыз аяқталды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)