Өлең, жыр, ақындар

Оқушыларға мінездеме

БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы
Мерген орта жалпы білім беретін мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Нигметова Маншук Ханзадақызы


Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің 1 сынып
оқушысы Сансызбай Аяулымға
Мінездеме


Аяулым 2012 ж 1 қыркүйекте мектепке қабылданды. Мектепке дейінгі мекемеде болған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады.
Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Оқу материалын қабылдауы жоғары. Зейіні тұрақты, ойлау қабілеті жоғары. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Темпераменті сангвиник – флегматик. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, қарым- қатынасы жақсы, кішіпейіл. Сыныптан тыс шараларға белсене қатысады.

Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Қай пәннен де тапсырмаларды өздігінен орындай алады.
Математикадан сандарды оқып, қосып және азайтып алады. Мазмұнды есептер мен логикалық тапсырмаларды орындауда ойлау, анализ жасау қабілеттері өте жақсы дамыған.
Сауат ашудан барлық әріптерді толық меңгерген. Сөздермен мен сөйлемдерді тұтас жүргізіп оқиды. Мәтіннің мазмұнын толық жеткізе алады. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Зейіні тұрақты. Негізгі қолы оңқай.


Сынып жетекшісі: М.Х.Нигметова
Психолог:

Мерген орта жалпы білім
беретін мектебінің 1- сынып
оқушысы Умаров Саятқа



Саят атаулы мектепке 2012 жылдың 1 қыркүйегінде қабылданды. Оқушы мектепке қабылдау жасында келді. Өзі отбасы туралы толық мәлімет бере алады. Қойылған талаптарды қабылдайды. Тәртібі мектеп ережесіне сай. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен, сыныптастарымен тіл табыса алады. Оқу материалын қабылдайды, зейіні тұрақты, заттар мен құбылыстарды ажыратады,оларды талдау өз бетімен қорытынды жасауы жақсы. Еске сақтау қабілеті шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Барлық пәндерді жақсы көреді, қызығушылықпен, белсенділікпен қатысады. Өздігінен тапсырмаларды орындайды.

Математикадан сандарды оқып қосып, азайта алады. Ауызша есептеу қабілеті өте жақсы. Сандардың толық жазылуын, оқылуын құрамын толық меңгерді.
Сауат ашудан әріптерді таниды. Жазу кезінде алмастыру, шатастыру сияқты әрекеттер кездеседі. Оқыған мәтіннің мазмұнын толық жеткізе біледі. Еске сақтау, қабылдау, ойлау қаблеттері жақсы дамып келеді.
Бейнелеу өнерінен, қол еңбегінен, және жапсырмалау жұмыстарын қызыға құлшына орындайды.



Сынып жетекшісі: М.Х.Нигметова


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз