Аяулы күз, Алтын күз - 2017

Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Майдакөл ауылы №98 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Бакибаева Жансая Сериккалиевна

Тақырыбы: «Аяулы күз, Алтын күз - 2017»
Мақсаты:
1. «Аяулы күз, Алтын күз - 2017» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс-жидектер, көкөністер т. б.
Құрметті көрермендер байқауымызды бастамас бұрын экранға назар аударыңыздар.
1-жүргізуші:
Армысыздар, мейірімді ата-аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата-бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз - 2017» мерекесімен құттықтаймын.
2-жүргізуші:
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
1-жүргізуші:
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.
2-жүргізуші:
Сайыс 6 бөліммен тұрады:
1. Кел танысайық
2. Өз өнерін көрсету
3. Мақал сөздің-мәйегі (Мақал–мәтел тыйым сөздер жатқа айту)
4. Ас мәзірі (салат дайындау)
5. Әсем біздің арулар (күз мерекесіне орай сәнделіп тігілген түрлі материалдардан)
6. Қас - қағым сәт. (Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беру)
1-жүргізуші:
Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,

Әділқазы алқасымен танысайық,- дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
4.

2-жүргізуші:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша ән айтылып, би билейді.
Қошеметтеп қол соғып отырайық,
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп «Аяулы күз, Алтын күз - 2017» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз. Қош келдіңіз көрермен!

1-жүргізуші:
«Аяулы күз, Алтын күз» кешіне.
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен аруларымыздың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін әділқазы алқаларының алдынан номер алайық.

2-жүргізуші:
Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім.

Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.
Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік.
«Кел танысайық» бөліміне бағасын берсеңіздер екен.

1-жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан, Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден. Ортада сайыскерлеріміздің «Өз өнерлерін» тамашалайық.

Енді әділ қазы алқаларына сөз береміз.

2-жүргізуші:
Күз келді, хан мен ханшайым,
Өткізді күзгі бал айын.
Ағызар сөйлеп сөз майын,
Ал ханымыз ақылды.
Барша жұртты шақырды,
Би де билеп ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.
аруларымыздың өз өнерлерін көріп болсақ, үшінші бөлімі мақал-мәтел, тыйым сөзге кезек берейік.

1-жүргізуші: Үшінші кезеңіміз «Мақал-сөздің мәйегі» яғни қатысушыларымыз бұл сайыста, мақал–мәтел жатқа айту тыйым сөздерде айтуға болады.
Бағасын білу үшін әділқазы алқаларына кезек берейік.

2-жүргізуші:
Келесі кезекті «Ас мәзіріне кезек берейік» Аруларымыз аналарымен бірге күзгі салат дайындайындайды

1-жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған «Күзгі ханзада мен ханшайымды» (күзгі сән үлгілерін көрсету) сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек.

2-жүргізуші:
«Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру.
1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді.
2 - сұрақ: Жұмбақ шешу.
 Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?  Жапырақ
3 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - Ерте күз, алтын күз, қара күз.
4 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша.
5 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен. - Жеміс.
6 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр»
1. Еңбек түбі --------------------
2. Еңбек етсең ерінбей --------------------
7 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді атап беру. - Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы.
8 - сұрақ: Қазақтың ақындарының өлеңдерін айту.

1-жүргізуші:
Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

2-жүргізуші:
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз - 2017» байқауының нағыз аруын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз. Құрметті көрермендер! Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше!!!!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)