Эссе және өлең-жыр байқауы

Қатты денелердегі қысым

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Қысым Мектеп: №167 ЖББМ Алматы қаласы

Күні:     Мұғалімнің аты-жөні: Тенизбаева Маржангуль Жакияновна

Сынып: 7  Қатысқандар:        Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Қатты денелердегі қысым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.2 Қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;

7.3.1.3 Есептер шығаруда қысымның формуласын қолдану;

Сабақтың мақсаты

 

 - белгілі бір бетке түсетін қысым жайлы мағлұмат алады;

 - алған білімдерін есеп шығаруда қолдана біледі;

 - белгілі бір бетке түсетін қысымды күнделіктіөмірде қолдана білугеүйренеді;

Бағалау критерийі

Қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін анықтайды.

Қатты денелер түсіретін қысымды есептейді.

Белгілі бір бетке түсетін қысым жайлы мағлұмат алып,алған білімдерін есеп шығаруда және күнделікті өмірде қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар

Қысым, күш, аудан сөздерін пайдаланып қатты денелердегі қысымды сипаттайды.

Күш, аудан, қысым

Қысым дегеніміз белгілі бір бетке...

Құндылықтарға баулу

Тәжірибелік жұмыс арқылы еңбек және шығармашылыққа өмір бойы білім алуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Математика, технология, география

Алдыңғы білім

Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың молекулалық құрылымын сипаттауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

        Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

1.1. Сәлемдесу
1.2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.3. Түгелдеу
1.4. Алдыңғы білім. Миға шабуыл әдісі арқылы
1.5. Топқа бөлу. Қағаз қиындылары әдісі арқылы топқа бөлу (Қысым, күш, аудан) 3 топ

Түрлі-түсті стикерлер,қағаз қималары, плакаттар, суреттер, құм салынған ыдыс, шеге

Сабақтың ортас

Алдыңғы білім (Үй тапсырмасы) Миға шабуыл әдісі арқылы (Ой қозғау)

Тапсырма

Ойланып мына сұрақтарға жауап беріңіз?

1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?

2. Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың молекулалық құрылымын сипатта?

Қатты дененің молекулаларының орналасуы

Пішіні мен көлемін сақтау – қатты денелерге тән қасиет.

Сұйықтың молекулаларының орналасуы

Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту – сұйыққа тән қасиет.

 

Газдардың молекулаларының орналасуы

Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды. Олар берілген көлемді түгелдей алады.

Дескриптор    Білім алушы

 - Заттың молекулалық құрылымы негізінде сұйық пен қатты зат және газ құрылысын сипаттайды.

   

Топқа бөлу. Қағаз қиындылары әдісі арқылы топқа бөлу  (Қысым,күш,аудан)  3 топ

Жаңа сабақ. Дөңгелек үстел әдісі

Күш әрекетінің тіреу ауданына тәуелді екендігін дәлелдейтін тәжірибелер көрсету. Мұғалім тәжірибе көрсетеді. Демонстрациялық (көрсету) әдісі

 

Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды.

Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

р-қысым,

Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;

S-күш түсетін беттің ауданы.

 

    ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді. 

гПа=100 Па=102 Па

кПа=1000 Па=103 Па

МПа=100000 Па=106 Па

Қатты денелер өзіне түсірілген қысымды бір бағытта ғана жеткізеді

Оқушыларға тапсырма беріледі. 3 топқа суреттер

 1 топ

Тапсырма 1 Суға түсіп кеткен адамды құтқарушы балалардың қайсысының әрекеті дұрыс. Себебін түсіндіріңіз.  

Дескриптор Білім алушы - қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасайды.

2 топ

Тапсырма 2 Суреттегідей қойылған кірпіштер жерге бірдей қысым түсіреді ме? 

Дескриптор 

Білім алушы - қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін түсіндіреді. 

3 топ

Тапсырма 3  Аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не?

Дескриптор Білім алушы - қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасайды.

Есептер шығару

   Дескриптор   Білім алушы 

   - қысымның формуласын есеп шығаруда қолданады.

Кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім тәжірибесі көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс

 

 

 

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау

Шығу парағы әдісі (Сабақ аяғында оқушылар бірнеше сұраққа жазбаша жауап береді.)

Жекежұмыс

1

Қысым дегеніміз не?

 

2

Қысымның формуласын жаз?

Қысымның өлшем бірлігі? Есеп шығару

 

3

Қай күрекпен жер аударған тиімді? Неге? 

 

4

Қысымды білу біздің күнделікті тұрмыста    маңызы қандай?

 

Топ пікірлерін тыңдау.Өзіңіздіңжәне жолдастарыңыздың  жұмысын бағалаңыз.

 

Саралау-сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

1. Қағаз қиындылары әдісі

2. Миға шабуыл әдісі

3. Демонстрациялық (көрсету) әдісі

4. Дөңгелек үстел әдісі

5. Шығу парағы әдісі

6. Рефлексия

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 

Қысымды білу біздің күнделікті тұрмыста маңызы қандай?

Өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріп айтады

 

- Бүгін не үйрендіңіздер?

- Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?

- Келесі сабақта қандай мәселелерге аса назар аудару керек?

- Сабақ қызық  өттіме?

- Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?

- Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?

- Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді?

 

Қайшы, ине т.б үшкір заттармен жұмыс істеу қауіпсіздігін сақтау

Рефлексия

 

Үйге тапсырма Қатты денелердегі қысым

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...