Өлең, жыр, ақындар

Қорғаныш құралдарын жіктеу

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі
"Радиоэлектроника және байланыс" кафедрасының арнайы пән оқытушысы
Ақболатова Гүлнара Мұхтарқызы

«Еңбекті қорғау» пәнінен

«Қорғаныш құралдарын жіктеу» тақырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Пән аты: «Еңбекті қорғау»  IІI курс

Өткізу мерзімі:

Өткізілетін орны:

Сабақтың тақырыбы: «Қорғаныш құралдарын жіктеу»

Білімділік: білім алушыларға қоршаған ортаны қорғау туралы негізгі ұғымдардың ерекшелігін жан-жақты үйрету арқылы, студенттердің білім, біліктілік деңгейлерін жоғарылату.

Дамытушылық: Жылдам жауап беруге, ойын еркін және ашық айта алуына үйрету. Сайыс түрінде өткізу арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру, тыңдаған материалды еске сақтау қабілетін дамыту, кез келген жағдайда меңгерілген тақырыбын ойына түсіруді арттыру, ішкі эмоцияны ұстай білу.

Тәрбиелік: Оқушыларға кәсіптік бағыт бағдар беру, таңдаған мамандығына құрмет пен сүйіспеншілігін артыру, өз шешімін дұрыс орындауға баулу. Оқушылардың елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар№№1-35,бейнеролик, сұраққа жауап беру және ребусты шешу, сабақтың үлестірмелі  кеспе  қағаздары.

Сабақтың жабдығы: SMARTинтерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: «Радиобайланыс негіздері», «Экология»

САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Ұйымдастыру сәті (3 мин.):
2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Білімді бақылауды ұйымдастыру (25 мин.)
3. Жаңа сабақты түсіндіру (30 мин.)
4. Жаңа материалды пысықтау (15 мин.)
5. Үй тапсырмасы (2 мин.)
6. Сабақты қорытындылау. Бағалау және оны жариялау. ( 5 мин.)

I. Ұйымдастыру сәті:

Оқушылардың сабаққа қатысушылығын, киім формасын, жұмыс істеу орнын тексеру және сабақтың мақсаты мен сабақ жоспарын түсіндіру.

2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Білімді бақылауды ұйымдастыру.

II. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін топтағы студенттер интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Алдыңғы өтілген материалдарды еске түсіру үшін  оқушыларекі топқа бөлініп,бір біріне сұрақтар қою арқылы 3 турдан тұратын ойын ойнайды. 15 мин

1 тур

 «Сұрақ - жауап»

 Экранда ұпайлар жазылған төртбұрыштар сызылған. Ұпай көрсеткіші сұрақтың қиындығына байланысты. Әр команда төртбұрышты таңдап, артында жазылған сұраққа жауап беруі керек.

10 ұпай «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» туралы ҚР заңы неше тараудан тұрады?
10 ұпай Техникалық қауіпсіздігінің қайталама нұсқауын кім жүргізеді?
10 ұпай ҚР «Еңбекзаңы» нешіншіжылықабылданды?
10 ұпай «Еңбек қорғау» заңын бұзған үшін тартылатын жауапкершіліктер
10 ұпай Жұмыс берушінің еңбек жағдайын жасау дегеніміз .....

20 ұпай Қауіпті өндірістік факторларды атаңыз
20 ұпай Электрлік белгілер дегеніміз не?
20 ұпай Терінің металдануы дегеніміз не?
20 ұпай Электроофтольмия
20 ұпай Еңбекті қорғау қандай сұрақтарды қарастырады?

30ұпай Зиянды өндірістік орындарына қанша жастан бастап жұмысқа қабылдайды?
30 ұпай Өрт болғанда көрсетілетін алғашқы шаралар
30 ұпай Жарақаттардың түрлері?
30 ұпай ҚР еңбек гигиенасы дегеніміз не?
30 ұпай Өндірістік санитария дегеніміз не?

2. «Тақырыптық теннис» ойыны.10 мин.

Мысалы, 1 тақырып – өндірістік жарақат

2 топтың тақырыбы – еңбек кодексі

III. Жаңа сабақты түсіндіру  (30 мин)

Тақырыбы: Қорғаныш құралдарын жіктеу.

Жеке қорғаныс құралдары тыныс алу органдарын, көзді және тері жамылғыларын улы заттардың буынан, тамшыларынан және аэрозольдардан, сондай-ақ радиоактивті шаңның, ауру тудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғайды, олар тыныс алу органдарының қорғау және теріні қорғау құралдары болып бөлінеді. 

Жеке қорғаныс құралдарының ең басты атқаратын міндеттері — қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен зақымданудан қорғану үшін арналған жұмысшылардың қорғану құралдары. Жеке қорғаныс құралдарын жұмыстың қауіпсіздігі қажетті құралдармен қамтамасыз етілмеген жағдайда, өндірістік процесті ұйымдастыру кезінде, ұжымдық қорғаныс құралдары жеткіліксіз болған жағдайда қолдану керек. 

Ересек адамдарға арналған газқағарлардан басқа да балаларға арналған газқағарлар, олар жасы кіші және үлкен балаларға арналғаны да болады. 

Тыныс алу органдарын қорғау құралдарына газқағарлар, респираторлар, сондай-ақ, оқшаулағыш газқағарлар жатады. Оқшаулағыш газқағарлар тыныс алу органдарын, көзді, бетті, ауадағы кез келген қоспадан оның ерекшелігі мен жинақталуына қарамастан қорғау үшін, сондай-ақ, ауада оттегі жетіспеген жағдайда қолданылады. 

Химиялық қауіпті объектілердегі жұмысшыларды қорғау үшін өнеркәсіпті газқағарлар жасалады. Олар сүзгілік газқағарлар сияқты тыныс алу органын, көз бен бетті зақымданудан сақтайды. 

Теріні қорғау құралдары радиоактивтік, улағыш және бактериалық заттардың тікелей түсуінен қорғауды қамтамасыз етеді. Адамның терісін қорғаудың қарапайым құралдары ретінде ең алдымен өндірістік арнайы киімдер, күртелер мен шалбарлар мен арнайы берік матадан тігілген халаттар пайдаланады.

Қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жұмысшылардың денсаулығын улы және қауіпті заттардан қорғауға арналған заттар мен құралдар, сонымен қатар, арнайы киімдер.

Қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жұмысшыларды қорғауға арналған күртешелер, аяқ киімдер, қалпақтар, каскалар, қолғаптар және басқа да арнайы қорғаныс киімдері.

Тыныс алу органдарын, көзді, бетті, ауадағы кез келген қоспадан оның ерекшелігі мен жинақталуына қарамастан қорғау үшін, сондай-ақ, ауада оттегі жетіспеген жағдайда қолданатын қорғаныс құралдары.

Еңбек қорғау, еңбек процесіндегі адамның жұмыс қабілетін жақсарту және денсаулығын сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін емдеудің алдын-алу және гигиеналық шаралары, әлеуметтік экономикалық шаралары, еңбек кодексіндегі заң актілерінің жүйесі болып табылады. 

Еңбек қорғаудың маңызды бөлігі қауіпсіздік нормаларының шарттары болып табылады. Еңбекті қорғау жұмысында еңбек процесінде қолданылатын техника және техникалық құралдар маңызды мағынаға ие. Қауіпті өндірістік факторлардағы жұмысшыларға әсер ететін техникалық құрал және ұйымдық шаралар жүйесі техника қауіпсіздігі деп аталады. 

Кәсіптік аурулардың алдын алатын техникалық құралдар зиянды факторлар әсерінен жұмысшыларды қорғайтын, техникалық орта және ұйымдық шаралар жүйесімен түсіндірілетін өндірістік санитарияның маңызды элементі болып табылады. 

Еңбек қорғау жұмысындағы негізгі мәселе Еңбек қорғау туралы заңдарды қабылдау болып табылады. Осы заңдарда еңбек процесіндегі адамдардың өзара қатынасының негізгі ережелері анықталады. Заңдардың дамуымен салалық нормативтік құжаттар және еңбек қорғау бойынша ережелер мен сала аралық нормалар, еңбек қорғау бойынша стандарттар жүйесін жасау болып табылады (жұмыстың, қауіпсіз жүргізілуі бойынша нусқаулықтар, қауіпсіздік ережелері және т.б.). 

Еңбек қорғау саласы барлық жұмыс жасайтын адамдардың ажырамас бөлігі болып табылады. Жұмыс барысында адамдар өзінің және де қасындағы адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортасын сақтап қалу үшін өндірістік факторлардан туындайтын қауіптерді жоюды немесе болдырмауды қарастырады. 

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар төрт топқа бөлінеді, олар: физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық факторлар. Әрбір адам үшін жұмыс орнының қауіпсіз болуы маңызды, сол үшін де жұмыс барысындағы адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтауға байланысты көптеген кешенді шаралар өткізілуде.

Статикалық тоқ диэлектриктердің бір-бірімен немесе диэлектриктің тоқ өткізгішімен үйкелісуінің әсерінен туындайды. Өнеркәсіптерде статикалық тоқтың қауіпті көріністері от ұшқындарының бөлінуі түрінде болады. Өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, статикалық токтық от ұшқыны түріндегі бөлінулерінің қауіпсіздік талаптарына «Статикалық электрден қорғану құралдары» туралы нормада бекітілген 12.1.018–93 МЕСТ (мемлекеттік стандарт) жатады. 

Ғимараттар мен тұрғын үйлерге тікелей найзағай түскендегі келтірілетін қауіптердің түрлері: 

— ғимараттар мен оның бөліктерінің зақымдалуы; 

— электр қондырғылары мен электронды құралдардың істен шығуы; 

— ғимараттағы және оған жақын маңдағы тіршілік иелерін жарақаттау немесе олардың өліміне әкеліп соғуы. 

Кез келген өндіріс орындары мен тұрғын үйлерді найзағай түсу қаупінен қорғау үшін ғимараттардың ең биік жеріне найзағай қорғанысын пайдаланады. 

Әсер ету принципі бойынша статикалық тоқтан қорғанудың ұжымдық құралдарына жерге қосу қондырғысы, антиэлектростатикалық заттар, ылғалдағыш қондырғылар (буландырғыш; себелегіш.), бейтараптандырғыш, экрандағыш қондырғылар (қалқаншалар мен қоршаулар) жатады. 

Ғимараттарды найзағайдың тікелей соғуынан қорғау үшін найзағай күшін өзіне қабылдап, жерге қосатын найзағай бұрғыштар қолданылады. Найзағай бұрғыш ток бұрғыштан және жерге қосқыштан тұрады. Найзағай бұрғыштардың көптеген құрылымдары бар, оның арасындағы кеңінен пайдаланылатыны стерженьді, темір арқанды және сеткалы түрлері кеңінен қолданысқа ие.

Өндірістік қауіпті факторлардың әсерінен зардап шекпеу үшін қауіпсіздік шараларын міндетті түрде сақтау қажет. Өндіріс орнында жұмысшыларды техника қауіпсіздігіне үйрету және оларға нұсқама беру, еңбек қорғаудың негізгі элементтері болып табылады. Осы мақсатта қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтар өткізіледі. Бұндай жұмыспен айналысатын басшылар біліктіліктерін арттыру үшін арнайы ұйымдарда 3 жылда бір рет нұсқамадан өтіп, белгілі бір үлгідегі сертификат алады. Емтихандарын сәтті тапсырған жұмысшыларға куәлік немесе хаттаманың көшірмесін береді.

Адам ағзасына өндiрiстiк ортаның әсері технологиялық процестің ерекшеліктерімен және жұмыстың санитарлық-эпидемиалогиялық жағдайларымен байланысты болады. Кейбір жағдайларда өндірістік ортаның бұндай факторлары, жұмысшылардың ағзасына зиянды әсерін тигізеді. Өндіріс орындарында болатын қайғылы жағдайларды және жұмысшылардың зақымдануын болдырмас үшін өндіріс орындарында жұмысшылардың қауіпсіздігін қадағалап отыратын техника қауіпсіздігінің инспекторы қызмет етеді.

Қайталанатын нұсқама – барлық жұмысшылар біліктілігіне және еңбек өтіліне қарамастан әр 6 ай сайын еңбек қорғау деңгейін жоғарылату мақсатында жұмыс орнының жетекшісімен өткізіледі.

Жоспардан тыс нұсқама – жаңа стандарттарға, ережелерге, ҚР-ның еңбек кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде, сонымен қатар, өндіріске жаңа техникалар мен құралдар келгенде жүргізіледі.

Мақсатқа сай нұсқама. Мақсатқа сай нұсқаманы мамандығы бойынша тікелей өз міндетіне қатысы жоқ, бір рет орындалатын жұмыстар жүргізу кезінде жүрігізіледі (тиеу, төгу, түсіру және территорияны жинау жұмыстары).

Электр тоқтарымен жарақаттану – өндірісте ғана емес, тұрмыста да жиі кездесетін қауіптердің бірі.

Электр тоғымен жарақаттанудың түрлері көптеген факторларға байланысты: кернеудің түрлеріне, адам ағзасына электр тоғының әсер ету уақытына, адамның тері қабатына, қандай ортада тұрғанына, электр құралдарының түрлеріне.

Электр тоғы адам ағзасы арқылы өтіп, термиялық, электролиттік және биологиялық әсерлер туғызады. Тоқтың термиялық әсері адам денесіндегі күйіктерден және дененің қызуынан көрінеді. Тоқтың электролиттік әсері адамның қанының және басқа да сұйықтықтардың ыдырауы нәтижесінде олардың құрамының бұзылуына әкеледі. Тоқтың биологиялық әсері адам ағзасы жасушаларының тітіркеніп, бұлшық еттердің тырысуына әкеледі.

Электр жарақаттары келтіретін зардаптарына қарай: жергілікті, жалпы және электр соққылары болып бөлінеді.

4. Сабақты қорытындылау мақсатында «Ой қозғау» ойынын ойнаймыз

Жеке қорғаныс құралдарын көрсетіңіз.

•  Қорғаныс көзілдіріктері
•  Күн сәулесінен қорғайтын қарапайым көзілдірік
•  Қысқы етік
•  Арнай қорғаныс етіктері
•  Былғары сәнді қолғап
•  Электр өткізбейтін қолғап
•  Каска
•  Шапка
•  Плэйер құлаққабы
•  Құлақ бекіткіштер (беруши)

Тест.  5 мин. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді

 

 

 

 

5. Бейнероликпен қорытындылаймыз.

V. Үй тапсырмасы: М.С. Петрова, С.В. Петров, С.Н. Вольхин «Охрана труда на производстве и в учебном процессе»

VI. Сабақты қорытындылау. Бағалау және жариялау: 3 минут.

Тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

Үй жұмысы

 

 

 

 

 

 

Ұяшықтар

 

 

 

 

 

 

Кроссворд

 

 

 

 

 

 

Сұрақтары

 

 

 

 

 

 

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз