Өлең, жыр, ақындар

Күнбағыстың бастан кешкендері

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің  
«Раушан» балалар бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Әдіскер-тәрбиеші: Сакбаева Раушан Хсуаиновна

Зал іші күз мезгіліне байланысты безендендірілген
Балаларды залда қол шатыр ұстап билеген «Күз» қарсы алады.
Балалар орындықтарға келіп отырады
Күз: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тонғаны ма, тойғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан – деп  Абай атамыз жырлағандай бүгін сендердің мерекелеріңді бірге қарсы алуға менде келдім.
Кәне балалар маған деген қандай сыйларың бар?
1-бала: Көк аспаның мөлдіреп
Алтын күзім елжіреп
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің елжіреп

2-бала: Алтын сары қызыл - көк
Аулан – аулан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап

3- бала: Мерейлі күз, мырза күз
Сыйлығыңа ризамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз

4- бала: Жемісті  мол теретін
Күз дос екен біздермен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен «күз» деген.

Ән: «Күз келіпті десекте»
Күз: Балалар  өнерлі екенсіңдер байқадым, жұмбақ шеше білесіңдер ме?
Жұмбақтар шешу
1. Қызыл–жасыл кемелер
Су бетінде қалқиды
Соқса егер салқын жел
Ырғалады, толқиды.      \Жапырақ\

2.  Ұзын мұртты сарылар
Қойынында наны бар.         \Бидай\

Ойын:
Енді балалар  «Кім жылдам» картопты қамбаға жинау ойынын ойнайық.
Ережесі: Екі бала ортаға шығып машинаға картоп жинайды кім бірінші қамбаға әкеліп төгеді.
Жылаған дауыс естіледі:
Балалар жылап отырған күнбағысты тауып алады.
Күз: Балалар қараңдаршы мынау күнбағыс емеспе, саған не болды неге жылайсың?
Күнбағыс: Сәлеметсіндерме балалар\қорқып\  бақшадағы барлық егіндерді жинап алды да мен қалып қойдым, мен қорқамын,ешкімге керегім жоқ.
Күз: Балалар қараңдаршы күнбағыс әбден қорқып қалыпты кәне мерекемізге шақырып көңілін көтерейік келісесіңдер ма?
Балалар: Ия.
Күнбағыс: Сендер мені шын кіргізесіңдер ма, рахмет балалар мен қуанып тұрмын. Күз қолынан ұстап залға кіргізеді. Енді біздің балалар қандай ән біледі тыңдайық.
Ән: «Күз келгенде»

5-бала: Бұлт ағады аулаққа
Күз келіпті бау–баққа
Жаздай піскен жаңғақта
Шашылады жан-жаққа.

6-бала: Бұлт шарлады аспанды
Құстар қайтты ән салып
Қыс келді деп жар салып
Күзгі суық басталды.

7-бала: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр сыбдыр түседі.

Ойын: «Күнбағыс»
Ережесі: Ортаға 5-күнбағыстың бас киімі қойылады, музыка әуенімен 6-бала ортаға шығады музыка тоқтағанда бас киімді киіп үлгеруі керек, үлгермеген бала ойыннан шығады.
Күнбағыс женген балаға енді мен жалғыз емеспін менің досым бар деп қуанады.
Ортаға ұшып қарға кіреді.
Қарға: Кар – кар – кар – кар! Мен күнбағысты іздеп жүрсем бұл мұнда неге жүр, бұл менің күнбағысым.
Күнбағыс: Мені балалар мерекелеріне шақырды қызық болып жатыр.
Қарға: Қайдағы бұл қандай мереке.
Балалар: күз мерекесі
Қарға: Тауыпсың мерекені сен менің күнбағысымсын алып кетеп жүр.
Күнбағыс: Ол мені қазір шағып тастайды мен барғым келмейді деп балалардың артына тығылады.
Күз: Қарға сен асықпа, біздің балалар қалай билейді көрші.
Би: «Роббот»
Қарға: Ой-ой–ой Кар–кар–кар, басым айланып кетті ғой мына балалар қалай билейді, қой өзімнің орманыма барайын шығып кетеді.
Би: Қыздар тобы «Қолшатыр»
Ән: «Топ- топ балақан»

Күнбағыс: рахмет балалар мен сендерге де сыйлық бергім келеді.
Күз: Сау бол күнбағыс, сен жалғыссырамай бізге қонаққа келіп тұр.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз