сайыс
ozgetil.kz

Ата-ананың бала тәрбиесіндегі ерекшеліктері

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, "Адамның бақыты – балада" деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуіде мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. "Адам ұрпағымен мың жасайды" деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер – жанұяда тәрбие балаға сөзбен үлкендердің үлгісімен сіңеді. "Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер" дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше "жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан жұмысымды бүлдресің" ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген жұмысын ұқыпты да тындырымды орындалуына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, олда ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.

Ата-ата – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де шешеде балаларының жан дүниесін үңіліп, мінсіз-құлқындағы ерекшеліктіктері жете білген жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды.

Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан - тәрбиелік орта. Отбасы – бұл мектеп те ақпарат көзі, қоғамдық ұйымдарда, еңбек ұжымы да, дос жарандары да . Отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті. Тіптен «балалық шақ» деген ұғым отбасы мен балабақшаның бірігіп ұйымдастырған бүлдіршіндер тәрбиесімен шектеседі.

Қазақтың отбасы көбінесе көп балалы болып келеді. Осыған байланысты «Балалы үй базар» деген нақыл сөз де бар. Отбасы мен балабақшаны байланыстырып тұрған балалар. Бала ең алдымен отбасында ата-анасын танып, жақсы көреді. Кейін айналаны сезініп, көбірек білуге тырысады. Ең алғаш тәрбиені отбасынан алады. Отбасынан келген бала үшін топ ең  алғашқы ұжым екенін ескере отырып, тәрбиеші  балаларды жолдастыққа, достыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Тәрбиеші топ балаларымен қандай қарым-қатынаста болса баларда бір-бірімен сондай қарым-қатынаста болады.

Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»  демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із  қалдырады.

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанындағы жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау -  ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала – әр жанұяның бақыты. Олай  болса, өз бақытызды бағалай білейік.   

Тәрбиеші: Убишева.Э.Б.



Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

баян

Ия әр бала ата-анасынан тәлім-тәрбие алады.Әзіргі ата-аналар мектепті мұғалімді кінәлайды.Тәрбиені өздері дұрыс бермейді.

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)