сайыс
ozgetil.kz

Әлем сырын іздеген үйректің балапаны

Тәрбиеші: Убишева.Э.Б.

Шебер класс
Тақырыбы: «Әлем сырын іздеген үйректің балапаны»

Шебер кластың мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың іздестіру–зерттеу қызметі арқылы танымдық белсенділігін арттырудағы
іс-тәжірибемді әріптестермен бөлісу.

Міндеттері: Шебер класс қатысушыларын зерттеу тәжірибе жасау жұмыстарымен таныстыру, тәжірибе жасап көрсету;

Барысы:
Тәрбиеші: Қайырлы күн әріптестер! Сіздерді көргеніме қуаныштымын, бүгінгі шебер класста мектепке дейінгі балалардың іздену–зерттеу, тәжірибе жасау арқылы танымдық дағыларын дамыту тақырыбына сөз қозғаймыз.

Бүгінгі 21- ғасыр адамзаттан жан-жақтылықты талап етеді. Соның ішінде зерттеушілік, жаңа тың идея ашу ол бірінші орында тұр деп ойлаймын.

Ал зерттеудің баспалдағы ол әрине балабақшадан басталады. Ал балалық шақ - әр түрлі сұрақтардың жауабын іздейтін шақ.
Бұл кезеңде балалардың зерттеушілік белсенділігі жоғары болады, олар айналадағы қоршаған ортаның барлығына қызығушылықпен қарап өзін мазалағын сұрақтарды білгісі келіп тұрады. Жасалатын тәжірибелер мен зерттеулер қаншалықты әртүрлі, қызықты болса, бала соншалықты көп ақпарат алып, танымдық дамуы белсенділігі күшие түседі.

Қытай мақалы былай дейді -«Айтсаң мен ұмытып қаламын, көрсетсең - есіме сақтаймын, қолыма беріңіз – мен бәрін түсінемін»

- Менің де ұстанып жүрген ұстанымымның тақырыбы «Мектепке дейінгі ұйым балаларына экологиялық білім беру арқылы зерттеушілікке баулу»
Ұйымдастырылған оқу іс-әректтерінде қолданып жүрген технологиям «триз» әдісі.
Зерттеу іс–әркетін ұйымдастыруды жалпы оқу–іс әркеттере өткізіп жүрмін. Қарапайым зерттеу іс-әркетін ұйымдастыруда «Судың қасиеттері»,  «Ауа», «Өсімдікке не керек?», «Ғажайып құм», «Ылғалды және құрғақ  топырақ», «Қайық» т.б.тақырыптар қамтылды. Мысал ретінде «Судың қасиеттері» деген тақырыпта дербес ойлану тәсілін қолданып су туралы не білетіндерін сұрадық, су айналымының сызбасы көрсетіліп су қайдан пайда болатыны туралы түсіндірілді. «Бу судың бір түрі тақырыбындағы тәжірибиеде бу суға қалай айналатынын зерттеді. Балалар ыстық судың буға айналатынын білді. Судың пішіні болмайтынын әр түрлі ыдыстарға су құю арқылы зерттеді. Нәтижесінде су құйылған заттың пішініне келетіні туралы қорытынды шығарды. Судың түссіз, дәмсіз екенін білді. Балалар су туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер айтып оқу іс-әрекетін қорытындыладық. Әсіресе осы тәжірибе балаларға қатты ұнады.

Зерттеу іс-әрекетінде әр балаға жеке көңіл бөлген жөн. Сонда балалар өз ойларын айтып,болжамдарын жеткізе алады. Тәжірибелер баланың алғашқы шынайы ғылыми түсінігін, байқағыштығын, білуге құштарлығын,белсенділігін қалыптастырады. Баланың ойлау қабілетін, логикасын, шығармашылығын дамытып, балаға «Не, неге, қалай?» - деген сұрақтарға жауап табуына мүмкіндік береді. Зерттеу іс-әркеті арқылы балалардың салыстыру қабілеттері дамып, нәтиже шығарып, өз ойларын айта бастады. Қызықты тәжірибелер,тірі және өлі табиғатты бақылау арқылы  балаларды талдау жасай білуге сұрақтарды дұрыс қойып өзінің ойын дәлелдей білуге үйретеді. Қоршаған орта туралы білімдерін тереңдетте түсті.

- Бүгін осы іс тәжірибембі сіздермен бөліскім келіп отыр. Ертегі түріндегі, әр түрлі заттарды негізге ала отырып тәжірибелер жасап көреміз

Ертегі  «Әлем сырын іздеген үйректің балапаны»
Слайд көрсетіледі
- Жаз мезгілінде алыста өзен жағасында бәрін білгісі келіп тұратын бір үйректің балапаны болыпты. Оның бауырлары тілалғыш екен ал болса тұмсығын әр нәрсеге сұғып жүреді екен. Бір күні ол бар әлемді өз көзімен көремін деп ұядан шығып әлем сырын ашуға көңілі ауыпты. Ұядан шыға бере ол еркіндікті сезініп кең тыныстапты, тыныс алғанда кеудесі толып, тыныс шығарыпты. Бұл қандай керемет нәрсе, бұл не болды екен деп ойлапты,білгісі келіпті
Тәжірибе 1
Ал сіздер оны не деп ойлайсыздар?
- Жарайсыздар бұл ауа екен?
- Кәне маған алдарыңыздағы құралдар арқылы ауаны ұстап  көрсете аласыздар ма?
- Пакетіміз неге ұқсап қалды? /жастыққа/
- Жарыққа қарайықшы, нені байқадық?
Жарық  ауа толы пакетің арғы жағына өтіп тұр, өйткені?/ ауаның түсі жоқ. Ол түссіз, мөлдір екен/
- Ал енді пакетіміздің аузын ашып жіберсек қалай болады?
- Ауа қайда кетті?
- Пакетіміз кандай болды?
Нәтиже: Ауаны көру үшін ұны ұстап алу қажет екен. Біз оны жасай алдық. Біз ауаны ұстап алып, пакетке қамап қойдық та қайтадан жібердік.
Ал ауаның түсі қандай болды?
- Тағы қандай заттарды білесіңдер түссіз?
Сөйтіп балапан өзінің тыныс алғаны ауа екенін, ауа барлық жерде бар екенін, оның түссіз, мөлдір екенін білді.

Ол әрі қарай жолмен жүріп келе жатса, алдында кішкентай жыбырлаған бір жәндіктерді көрді. Ол қандай жәндік?
Тәжірибе 2   
Сіздер ол туралы не айта аласыздар?
Ол өте кішкентай, ал балапан оны жақыннан анықтап көргісі келді?
- Не істеуге болады?
- Ал микраскопты біз қолдан жасаймыз.
Сыйымлығы 3 литр банкіні аламыз, ішіне су толтырамыз, құмырсаны банкінің арғы жағына жапсырып, енді банкінің бергі жағынан өзіміз қараймыз.
Не байқадыңыздар?
- Құмырсқа қандай болды?
Нәтижесі: Банкінің арғы жағынан қарасак үлкейткіш әсерді аламыз.
- Үйректің балапан құмырсқаны жақынан көріп көңілі толып, әрі қарай әлем сырын ашуға кете береді бір кезде алдынан бір жеміс ағашы шығады

Ал балапан бұл жемісті мүлде білмейді екен ал сіздер ше?
Жұмбақ  Триз әдісі
Қышқыл дәмі бар, бірақ мүкжидек емес
Домалақ, бірақ апельсин емес
Ағашта өседі, бірақ алма емес
Сырты бұдыр бірақ лимон емес
Бұл не ? /мандарин/   /Слайдтан триггер арқылы көрсету/
-  Кәне қайталайықшы, жарайсыздар
-  Бұл жеміс туралы не айта аласыздар?
Балапан сіздерге бір-бір мандарин теріп берді.
Мандаринмен де тәжірибе жасауға болады екен?

Тәжірибе 3
Мандаринді ыдыстағы суға салайық, ол  не істеді?
- Иа ол жақсы жүзеді екен, батпайды?
- Ал енді мандариннің қабығын тазалап аршимыз.
- Суға қайта салайықшы.
Ол не істеді? Неге олай болды деп ойлайсыздар?
Қорытынды: мандарин қабығында ауа көпіршіктері көп екен, сол себепті батпай тұр екен, ол үрмелі құтқару жастығы секілді.
Саяхатшы балапан мандарин ағашы мен оның жемістеріне таңғалып тұрып, жаңбырдың жауып кеткенін байқамай қапты.
Бой сергіту сәті  «Жаңбыр»
Аз уақыт өткен соң жаңбыр да басылды, аспанда  кемпірқосақпен күн шықты. Үсті су болып тоңып кетті де үйіне қайтқысы келіп өзен жағасымен жүрді дымқыл құмда жүрді, сәлден соң артына қараса оның  артында не қалыпты? Қалыпты, және басқада іздер бар екен, ол отыра қалып ойланды бұл ненің іздері екен, ол өзінің және шағала мен бақаның ізі екен.
Триз әдісі
Іздерді құмға іздер салу.  Құмда неге іздер қалды?
Нәтижесі: Дымқыл құм  сусылдамайды, есесіне дымқыл құмды әртүрлі қалыпқа келтіріп әр түрлі заттар жасай аламыз.

- Ол солай үйіне жетті, ал оған саяхаттап әлем сырын іздеу қатты ұнады. Өзін мазалаған көп сұрақтың жауабын білді. Өзіне көмек көрсеткен сіздер секілді зерттеушілерге алғыс айтуда.



Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)