Өлең, жыр, ақындар

Мнемотехника елінде

Казталов ауданы Жаңажол ауылы  
Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебі жанындағы
«Балбөбек» шағын орталық тәрбиешісі Убишева Элеонора Болатовна


Мастер класс:

«Мнемотехника елінде»
(«Мнемо» технологияны қолдану әдісімен)  

Қайырлы күн құрметті әріптестер!

Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.
Бүгінгі мастер класс тақырыбы: «Мнемотехника елінде» деп аталады

Мен бұл технологияны алған себебім балалардың тілін дамыту үшін табысты тәсіл деп есептеймін, үйткені олардың  барлық кемістіктерін жөндеу мектепке дайындауға және балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу басты мидың бірнеше бөлігінің  бірігіп жұмыс істеу нәтижесі.
Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындайды.Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес.

- Сөздік қорының кемдігі:
- Сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы
- Дыбыстау кемшілігі
- Берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы
- Өз ойын дұрыс жеткізе алмауы
Осыған келісезіздер  деп ойлаймын

Балабақша жолында көрнекілік бейнелік есте сақтау, және есту, суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника.
Мнемотехника - балалрдың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әңгіме барысын тиімді есте сақтауға, әңгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.
Осы өз тәжіребиемнен байқағаным осы аталған тақырыпты аша отырып балардың белсенді сөздік қорларын, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арқылы тілдері дамый түседі.
Мнемокесте қолданылған дамыту сабақтардың нәтижесінде, балалар әңгіме, ертегі, тақпақтарды оңай құрастырып алады.

Мнемотехника тиымдылығын сабақ барысында көрсетейін.
Тақырыбы: «Мнемотехника елінде»
Мақсаты: Балдардың тілін дамытуда  іс-тәжірибемде қолданатын мнемотехнология әдісін әріптестеріме жаңа үлгіде көрсету арқылы таныстырып, іс-тәжіребие алмасу.
Міндеті: Мнемотехнология әдісінің кестесі арқылы сөйлем құрап,суреттерді пайдалану арқылы әңгіме құрастыруға және осы әдіс арқылы өлең жолдарын жаттап, баланың есте сақтау, көру қабілеттерін, саусақ моторикасын дамыту.
Дамытушылық: Жыл мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру, тіл байлығын және саусақ маторикасын дамыту, созылмалы  түрде «ү» дыбысын айту, берілген сұраққа жауап беруге және өз ойларын толық, еркін айтуға үйрету.

Тәрбиелік: Табиғатқа, жан-жануарларға қамқор болуға сүйіспеншілікпен қарауға, және танымдық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ.

Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, үлгі заттарды көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Үлгі суреттер, мнемокестелер, тақтайшаларға орналастырылған үлгі заттар (губка, қатты қалың материал, мақта, тіс тазалағыш талдары жуан жіптен жасалған ирелең жол. т.б.)

Сабақ барысы:
Тәрбиешінің кіруі:
- Бір күні балабақша тәрбиешісі жұмысынан келе жатып бір әдемі терекке кезігеді. Теректің түбіне отырғаны сол еді, терең ойға шомылады. Балаларға қандай технология әдісін қолдансам тиімді, дұрыс болар екен, - деп ойлайды. Осы кезде тәрбиешіге «Мнемотехника» еліне бар деген дауыс естіледі.
Тәрбиеші мнемотехника еліне әріптестерін шақырады.
- Құрметті әріптестер бүгін біз мнемотехника еліне саяхатқа барамыз, сіздер баруға дайынсыздар ма?
- Ендеше тез жиналып вагондарға отырыңыздар.
- Уақыт болды, пойыз жылжыды!
- Бір бірімізге тіркесе жүре келе «чух-чух-чух,ү-ү-ү,ш-ш-ш»  дыбыстарын айтамыз.
- Міне келдік, орнымызға жайғасайық.
- Сіздердің алдарыңызда №1 тапсырма соны алдымен тақтайшаларды ұстау арқылы танысамыз.
Педагогтарға бірнеше үлгі төртбұрышты тақтайшалар беріледі.

№1 тапсырмасы:

Жалпы сызба схемалар тақырыптағы байланысты үйренген жеке сөздермен сөйлем құрастыруға, сөйлемдермен әңгіме құрастыруға таптырмайтын қазына. Сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Сол себепте мен схема сызбанын орнына бірнеше үлгі тақтайшаларды дайындадым.
- Әр тақтайша түрлі материалдардан дайындалған. Сондықтан қолмен ұстап саусақ пен сезу арқылы қайсысының неге ұқсайтынын  айтып көрсетеміз.
Және ең жұмсағынан,өте қатты үлгіге дейін орналастырамыз.
- Енді қай үлгі көпшікке ұқсайтынын айтайық?
- Қайсы кірпіге ұқсайды ?
- Қайсы мысыққа ұқсайды?
- Ең мейірімді үлгіні көрсетейік?
- Ең мұңдысын көрсетейік?

- Енді осы үлгі тақтайшаларды пайдалана отырып, айтылған Ертегі желісі бойынша орналастырып шығу керек.

1. Бір күні мысық болыпты. (жұмсақ, үлгіні қою)

2. Мысық мамықтай жұмсақ (үлпілдек үлгіні қою)

3. Табандары да сондай нәзік (нәзік материалды қою)

4. Тырнақтары ұзын,өткір екен (соған сәйкес үлгіні қою)

5. Мысық жолмен жүріпті. (ирелең үлгіні қою)

6. Шөп үстімен жүріп келеді (шөпке ұқсас үлгіні қою)

7. Тікен шөптердің  арасымен ( өткір үлгіні қою)

8.Табандарын ластайды. Жылайды ( Қара қатты материалдан жасалған үлгіні қою).
- Дұрыс, керемет жауап, рахмет.

Тағыда тез жиналып вагондарға отырамыз.
- Уақыт болды, пойыз жылжыды!
- Бір бірімізге тіркесе  жүре келе «чух-чух-чух,ү-ү-ү,ш-ш-ш» дыбыстарын айтамыз
- Міне келдік, орнымызға жайғасайық.
- Сіздердің алдарыңызда  №2 тапсырма

№2 тапсырма: Никтограмма беріледі

Кейбір кезде рәміздік бір сызбада толық сөйлемді суретте көрсетуге болады. Егер де біз кейбір сөздерге балалардың ерекше назарын аударатын болсақ (мысалы, іс-әрекетін білдіретін сөздер), оларды жеке сызбада көрсеткен жөн.
Сол себепте мен бір неше іс әрекет білдіретін суреттер ұсынамын.
- Алдарыңызда бір неше суреттер көрсетілген.
- Осы суреттерді сипаттап сөйлем құраймыз.

1-Сурет
- Қандай бейне?    Жауабы: - көңілді
- тағы не көңілді болады?     Жауабы:   - күн көңілді болады
                                                           - балалар көңілді болады,  
                                                           - адамдар көңілді болады.                                                                          
Сөйлем құрау:                  
- Бүгін көңілді күн....
- Туған күн көңілді  өтті.т.б
 
 2-Сурет   
--Қандай  бейне?                              Жауабы:   -күн    
- қандай  күн?                                                   -жарқыраған
- тағы не жарқырайды?                        Жауабы: -свет,шам,фонарь,майшам...

Сөйлем құрау                   
-Таңертең күн жарқырап тұрды.
- Түнде жұлдыздар аспанда жарқырайды.т.б

3-Сурет                                                                                                                               
- Суреттегі бейне қандай?                       Жауабы: - қар жауып  тұр.
 - тағы не жауады?                                               - жаңбыр, -бұршақ, -
Сөйлем құрау                   
- Бүгін таңертең  қар жауды.т.б

4-Сурет 

- суреттегі бейне қандай?                       - терезеде аяз өрнегі
- өрнек неден пайда болды?                   - күннің аяздығынан
- бұл қай мезгілде болады?                     - қыс мезгілі
Сөйлем құрау                  
 -Терезеге аяз өрнек салды.
- Аяз өрнектері өте әдемі.т.б

- Енді суреттердің барлығын пайдалана отырып әңгіме құрап көрейік.
- Бүгін таңертеңнен күн жарқырап көңіл күйіміз жақсы болды, одан кейін қар жауып күн суытты аяз терезеге әдемі өрнектерін салды, бірақ кешкісін көңілді күн қайта жарқырап шықты.
- Өте жақсы, рахмет

Тағыда тез жиналып вагондарға отырамыз
- Уақыт болды, пойыз жылжыды!
- Бір бірімізге тіркесе  жүре келе «чух-чух-чух,ү-ү-ү,ш-ш-ш» дыбыстарын айтамыз
- Міне келдік, орнымызға жайғасайық.
- Сіздердің  алдарыңызда №3 тапсырма

№3 тапсырма:

Бұл тапсырмада мен сіздерге математика сабағының мнемокестесімен таныстырамын
4 саны және мнемокесте түсіндіру.  
- Алдарыңызда 4саны және жануарлар суреттері.
- Ортада қандай сан тұр?    Жауабы:  - төрт саны

- Ал жан-жағында қандай жануарларлар мен аңдар бар?   - Аю, түлкі, қоян,

- Енді төрт санын  пайдаланып  жануарларды  атап  отырайық.

Мысалы: - Төрт  Аю  - төрт қонжық
              - Төрт қоян – төрт қонжық.
              - Төрт қой  төрт қозы
              - Төрт жылқы  төрт құлын.т.б
- Енді төрт саны және жануарларға сөйлем құраймыз,және де төрт санын сөйлемге байланысты өзгертіп айтуға болады.

Мысалы: - Қозының төртеуі қашып кетті
              - Қоянның төртеуін аулаға әкелді
              - Біздің аулада төрт лақ бар.т.б
              - төрт ботақан жайылып жүр
Дұрыс жауап, рахмет.

Тағыда тез жиналып вагондарға отырамыз
- Уақыт болды, пойыз жылжыды!
- Бір бірімізге тіркесе жүре келе «чух-чух-чух,ү-ү-ү,ш-ш-ш» дыбыстарын айтамыз
- Міне келдік, орнымызға жайғасайық.
- Сіздердің алдарыңызда №4 тапсырма

- Бұл тапсырма мнемокесте арқылы тақпақ жаттау
-1 Суретте қай мезгіл бейнеленген?
-2 суретте кандай құс?
-3 суретте не көріп тұрмыз?
-4 суретте қандай жәндік?
- ендеше тақпақ  жаттап көрейік

№4 тапсырма:

1 сурет-Жазым келді жарқылдап

2 сурет-Қазым келді қаңқылдап

3 сурет-Гүлге қонды көбелек

4 сурет-Қос қанаты қалтылдап

- Жарайсыздар! Рахмет

Тағыда тез жиналып вагондарға отырамыз
- Уақыт болды, пойыз жылжыды!
- Бір бірімізге тіркесе жүре келе «чух-чух-чух,ү-ү-ү,ш-ш-ш»  дыбыстарын айтамыз
- Міне балабақшамызға келіп те қалдық
- керемет саяхат болды

- Саяхат сіздерге ұнады ма, тапсырманы орындауға көмектескендеріңізге рахмет!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар