Сан есім

Қызылорда қаласы
№7 Арнайы түзету мектеп-интернаты
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Раимова Назым Болатовна

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсакты:

І. Білімділік мақсаты: Қоршаған заттардың сандық ұғымын, сан мөлшерін таныту барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, күнделікті өмірде ұстап, пайдаланып, көріп жүрген заттардың есебін білу.

ІІ. Коррекциялық мақсаты:  Сұраққа толық жауап беру, кіріспе әңгіме арқылы оқушының ойлау, сөйлеу қабілетін  арттыру, есте сақтау  қабілетін дамыту:

ІІІ. Тәрбиелік мақсаты: Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, халқымыздың  салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтап әрі қарай жалғастыруға  тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, мәнерлеп оқу, мақал-мәтелдер,сөзжұмбақ, жұмбақ, жаттығу жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі: Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Қазақстан Республикасының рәміздері алма, плакаттар.

Пән аралық байланыс: Әдебиет, математика

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

а) амандасу, түгендеу

ә) сынып тазалығына мән беру

б) Оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару

Психологиялық жағдаят.

Әрбір адам? Кімім?

Туысым, досым, жұрағат

Әрбір сабақ? Не істеу?

Үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісім? Не?

Тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзім? Қандай?

Шындық, бірлік, адамдық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау

Шынайы көрнекілік: Алма.

- Мынау не?-Алма

- Түрі қандай?-қызыл

- Көлемі қандай?-үлкен алма

- Дәмі қандай?-тәтті

- Иісі қандай?-жұпар иісті, жағымды.

Оның сындық ерекшеліктерімен оқушылар өздері ұстап, иіскеп, жеп көріп айтады. Жеп болғаннан кейін қандай баға бересіңдер?-Жақсы, піскен алма.

Сын есім дегеніміз не?

Ендеше заттың көлемін, түсін, түрін, салмағын, сапасын білдіретін сөз табын сын есім дейміз.

Сын есім сұрақтары қандай?қай? 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

1 Кіріспе

″Орнында бар оңалар" демекші,  ел орнында,  жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады. Ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында ″Қазақстан" егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз - егеменді тәуелсіз қазақ мемлекеті.

 - Қазақстан Республикасының әнұранын айту.

- Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері туралы және тәуелсіздікке қалай жеткендігіміз жөнінде оқушыларға мағлұмат беріп, еске түсіріледі.

Шынайы көрнекілік: алманы төрт бөлікке бөліп, бір бөлігін оқушыға беріп, санның бөлшегін айту.

\Ереже: Заттың  санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады.

Сан есімдер Неше? Нешеу? Нешінші? Қанша? деген сұрақтарға жауап береді.

Біздің сыныпта  сегіз оқушы бар. Олардың бесеуі

оқу озаты деген сөйлемдердегі сегіз, бесеуі деген сөздер заттың санын білдіреді.

ІV. Кітаппен жұмыс.

Дәптерлерін ашып, бүгінгі күннің жадын, тақырыпты жазып, жаттығу орындатамын.

І-деңгей

1 жаттығу. Төмендегі цифрмен жазылған сан есімдерді дұрыс атап, жазумен жазыңдар.

Үлгі: жиырма, бір жүз алпыс бес, төрт, елу екі, отыз екі, жиырма бес т.б

20, 165, 4, 52, 32, 25, 6, 852, 1995, 12, 31, 3124, 2010, 10, 2315.

ІІ-деңгей

3-жаттығу.  Сөйлемдерді  көшіріп  жазыңдар, сан есімдердің астын сызыңдар.

Үлгі: Жетінші сыныпта  он екі оқушы бар. Сыныпта он парта тұр. Қазақ тілі пәні екінші сабақта болады.

V. Мақал–мәтелдің құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді табу.

1. (Жеті) атасын білмеген жетесіз.
2. Қызға (қырық) үйден тию.
3. Ер жігіттің (екі) сөйлегені-өлгені.
4. (Жеті) рет өлшеп, (бір) рет кес.
5. Білгенің- (біреу), білмегенің –тоқсан тоғыз.
6. Бала (жетіге) келгенше, жерден таяқ жейді.

Жұмбақтар шешу.

1. Он екі көзі бар,
Тықылдақ сөзі бар.
Екі айыр тілі бар,
Ал, кәне, біліп ал.
                 (Сағат)
2. Бір үйдің отыз екі баласы бар,
Балта ұстаған екі баласы.
Төрде отырған апасы бар.
          (Ауыз, тіс, жақ, тіл)

«Артық білім - кітапта»

 

Сызбаны сан есімдермен толықтырып жазу

 

ғасыр _______100 жыл

жыл _______ 12 ай

мезгіл _______ 4 мезгіл

ай    _______ 30 күн

апта _______ 7  күн

күн _______ 24 сағат

сағат _______ 60 минут

минут _______ 60 секунд

VІ. Сабақты бекіту.

Өткен сабақты бекіту. Сөзжұмбақ «Сан есім»

1. Апта күні
2. Жеміс
3. Туыстық атауы
4. Төрт түлік
5. Уақытты көрсететін зат
6. Сүттен жасалған тағам
7. Білім беретін орын

VІІ.Сабақты қорытындылау.
Сан есім дегеніміз не?
Сан есім сұрақтары қандай?


М.Мақатаев “Үш бақытым” өлеңі жатқа айтылады.

Ең бірінші бақытым-халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші-Отан деген,
Кім мықты?-десе біреу, -Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел–дағы от ал менен.

 VІІІ. Оқушылардың білімін бағалау.
 ІX. Үйге тапсырма

1-жаттығу. 

1.Сөйлемдерді оқып, сан есімдерді табыңдар.
2. Сандарды цифрмен жазыңдар
Ережені жаттау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)