Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық құзыреттілігін ойын арқылы дамыту

Абикенова Мақпал Қайрбековна
№24 сәбилер балабақшасының тәрбиешісі
Павлодар қаласы
                                                           

Елбасымыз - Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Бізге қоғам қажеттіліктеріне сай келетін осы заманға лайықты азамат, азаматша тәрбиелеу-балабақшадан басталады» деген болатын.

Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпаққа уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі, толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан - жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Қазақстан Республикасының білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие- үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Демек, бала - біздің болашағымыз болса, баланың болашағы біздің қолымызда. Сондықтан да заман талабына сай жан-жақты, білімді жас ұрпақты тәрбиелеуде таным ұғымына үңіліп, оны дамыту жұмыстарын қолға алдым.

Құзырлылық – бұл адамның белгілі бір мәселелерді шеше алу қабілеттілігі. Ол адамның білім-білік дағдысына орай қабілеті, сол сияқты өз қабілетіне сенімділігі мен оны пайдалана білу деңгейіне байланысты мотивациясы. Маман құзырлығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол өз қызметіне ерік-күш, материал, уақыт, жүйке сияқты ресурстарды аз жұмсай отырып, нәтижеге жете алатындығы дәлелдеген қағида. Яғни, педогог құзырлығы оның кәсіби қызметінің басты шарты болуы тиіс. Өзін- өзі басқару мен өзін-өзі бағалауға үйрету – біліктілікті жетілдіру жүйесіндегі педогогтың кәсіби құзырын қалыптастыру, бір жағынан мұғалімнің ішкі жеке ресурстарын дамытуға бағытталса, екінші жағынан, ол мемлекет пен балабақша сұраныстарын қанағаттандыруы тиіс.

Латын тілінен аударғанда «құзырлық-өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған, қандай да бір негізі бар ой- тұжырым және тиімді әрекет жасай білуі тиіс.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» -дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Еліміздің тірегі білімді, рухты ұрпақ.

Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет - тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты тәрбиелеу, тиянақты білім беру.

Сондықтан бүгінгі таңда тәрбиешінің алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекетімен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті ,отбасындағы, қоғамдағы ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.

«Құзыреттілік - бала іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі,ал құзырет дегеніміз алға қойған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық»

Бүгінгі қоғам мүлдесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық дәстүр қалыптасқан, инабатты да иалы, мейірімді, адамгершілігі мол, рухани бай азаматты тәрбиелеп өсіру- балабақшаның бірден–бір міндеті. Бұл міндеттің жүзеге асырылуына үлес қосатын тәрбиеші-педогог екені белгілі. Ол өзінің кәсіби шеберлігі, біліктілігі, құзыреттілігі арқылы баланың бойына тәрбие, білім нәрін сіңіретінін біледі. «Егер бала бір нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайратты - бәрі бірге жұмсалады»,- дей келе, «ақылы, ішкі, сезім, қайрат қатынасатын болғандықтан... үшеуін бірдей тең тәрбие қылу - тәрбиешінің міндеті», - деген ойды М. Жұмабаев анық айтп көрсеткен . Бұл ойды түйіндесек, балалардың өмірінде мектепке дейінгі ұйымның, оның ішінде тәлім-тәрбие беріп отырған тәрбиеші-педогогтың алатын орны маңызды да ерекше.

Тәрбиеші – педогог жас ұрпақтың рухани жетекшісі. Сондықтан да оның кәсіби біліктілігін атап айтсақ:
- оқу – тәрбие процесін заман талабына сай жүргізілетін, әдіс- тәсілдерді түрлендіріп отыратын, дамымалы білім ортасынан сіңісіп кете алатын маман болуы.
- мектепке дейінгі далалардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты білу;
- балалардың ойын, оқу, еңбектегі ерекшелігін ескере білетін біліктілігінің қалыптасуы;
- педогогикалық жаңа әдіс- тәсілдерді меңгеріп, жаңаша жұмыс істейтін білуге қабілеттілігі;
- жаңа технологияларды меңгерген, кәсіби құзыреттілігі жоғары шебер, адамгершілік, кісілік қасиеттері басым маман болуы.

Мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы педогог-тәрбиешілер үшін стандартта арнайы талаптар жүйесі және педогог сипатын бақылаушы технологиялық карта белгіленген:
- Кәсіби құзыреттілігі;
- Бала жасына сай анатомо – физиологиялық, психологиялық, дәрігерлік білімнің болуы;
- Әр балаға жеке білім беру бағытын әзіреуі;
- Отбасымен іс- әрекет ұйымдастыруы;
- Салауатты өмір маңызын түсінуі;
- Сауатты, эмоционалды, мәнерлеп сөйлеуді;
- Тілдік минимум шегінде мемлекеттік ана тілі және басқа тілде қатынас жасай алуы;
- Балаларға білім берудің тиімді тәсілдерін меңгеруі;
- Эстетикалық талғамының жоғары болуы;
- Шығармашылық қабілетін қандай да бір іс-әрекетте көрсету;
- Бала пікірін құрметтеу;
- Эмоциялық қолайсыздықтарды жеңе білу;

Осыған орай, қазіргі таңда балабақша тәрбиешілеріне келесі бірыңғай әдістемелік талаптар қойылады:
1. Педогог баланың өмір мен денсаулығына, баланың психологиялық–физиологикалық ерекшеліктеріне сәйкес өз іс-әрекеті нәтижесінің сапасына жеке жауаптылықта болады.
2. педогогикалық білімі, талдау және зерттеу дағдысы бала да
- Әр баланың табиғи  қабілетін ескере отырып,  балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болу
- Оқыту мазмұнын жаңғырта отырып, тиімді әдіс- тәсілдерді  кеңірек қолдану
- Адамгершілік қасиеттерін күнделікті өмірдегі қоршаға ортамен таныстыра отырып тәрбиелеу
- Баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту.
- Баланың сөйлеуін және ана тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сауат ашу негіздерін меңгерту
- Бүлдіршіндердің адамгершілік құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы, нормасы, тәртіптік ережесін қалыптастыру
- Өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге құрметпен, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу.
- Балалардың қоршаған дүние, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктің тұтас бейнесін қалыптастыру
- Баланың танымдық дамуы, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру, танып-білуге қызығушылығын арттыру.
- Балалардың бойында эстетикалық сезімді дамыту, бейнелеу, көркемдік-тілдік, музыкалық іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту.
Бала бақшадағы алғашқы таным ол көруден, сезінуден басталады.Оны бала бойына қалыптастырудың тиімді жолы-ойын арқылы жеткізіп, қалыптастыру.

Ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспейді, жан-жақты дамымақ емес. Ойын – бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу.

В. А. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес. Ойын - дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - деген.Ойын-  бала бойында танымды қалыптастыруға апаратын бірден-бір жол деп санаймын.

Танымдық құзыреттілікті қалыптастырудың бағыттары:
- түсіндіру, суреттеу, «ойын» технологиясы арқылы оқыту.
- оқыту принципі, әдіс- тәсілдеріне сүйене отырып білім беру.
- сабақтан тыс өткізілетін шаралар, жекелей жұмыстар, қосымша үйірмелер арқылы әрі қарай дамыту.

Жоғарыда аталынып өтілген мақсат, міндеттерді алға қоя отырып, 3 таңдап алған бағытта балалармен жұмыс істей отырып, болашақ ұрпақтан алда күтер үмітіміз көп.
«Денсаулық құзыреттілігі» бойынша:
- Салауатты өмір салты ережелерін білетін, саптық және спорттық жаттығуларды ересектердің көрсетуімен жалпылай барлық баланың орындай алатындығын
«Коммуникативтік- тілдік құзыреттілігі» бойынша:
- Барлық баланың «үлкенге ізет, кішіге құрмет» көрсете білу керек екендігін ұғынып, ересектерге «сіз» деп сөйлеп, ешбір ересектен жасқанбай сұрақтары мен өтініштеріне жауап беретін, қарым-қатынасқа түсе білгендерін
- Тілдің барлық дыбыстарын дұрыс айтып, сөздерді өзгертіп, басқа сөздермен сәйкестендіре алатын сөздік қоры дамыған, заттардың аттарын толық дерлік айта білетін, әңгіме құрап, ертегінің мазмұнын сипаттай алғандарын
«Танымдық құзыреттелік бойынша:
- Заттардың белгілері мен сипаттамалық ерекшеліктерін сезу, есту, иіс сезу арқылы қабылдап, оларды 2-3 сөйлем арқылы жеткізгендерін
- Уақыт, кеңістік, себеп-салдарлық, мөлшерлер туралы қарапайым ұғымдарды түсіне білгендерін
- Табиғатта өзін-өзі ұстаудың бірнеше нормасын меңгерген, ересектер мен бірге өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайтын, жаңа ақпарат алудың қажеттілігін түсінетін
«Шығармашылық құзыреттілігі» бойынша:
- Музыкалық бейнелерді жасап, аспаптармен ойнай білетін, дауысын пайдаланып ән айту жолдарын меңгерген
- Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылар мен іскерлікті меңгеріп, әр түрлі кескінді орындай білетін
«Әлеуметтік құзыреттілік» бойынша:
- Эмоционалдық көңіл-күйді түсінетін, құрдастармен бірге тұрақты ойын бірлестіктеріне қатысатын, ересектермен танымдық тақырыпта әңгімелесетін, өз қылығын ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетімен бағалай білетін дүниетанымы кеңінен дамыған, қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптасқан, жан жақты білім ала отырып, тәрбиеленген ұрпақтардың өсіп- өніп жетілетіндіктеріне сенімімді артып, осындай дәрежелерге көшпен бірге жететіндігімізге сенемін.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының базалық оқу жоспарына сүйене отырып, балабақша қабырғасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақты оқыту, дамыту, тәрбиелеу басты мақсат болғандықтан. Балалармен оқыту, білім беру жұмыстары үздіксіз орындалып отырады.

Мектепке дейінгі мекемедегі баланың танымдық құзыреттіліктерін дамытуда біртұтас кеңістікті қалыптастыру.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды.

Психология ғылымында «құзыреттілік» ұғымына қатысты нақты түсініктер қалыптасқан. Сонымен қатар бұл ұғым іс-әрекетті жүзеге асыруда білім, білік, дағдыны қамтиды (А.Н.Журавльев, Н.Ф.Талызина, Р.К.Шакурова және т.б.). Олай болса психология ғылымында «құзыреттілік» танымдық (когнитивтік), пәндікпрактикалық және жеке өзіндік тәжірибелер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Жас ерекшелігіне қарай балалардың құзыреттілігі өткен кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-рухани, этникалық және әлеуметтік–экономикалық формалардың әсер ету дәрежесіне тікелей байлаысты болады. Осылайша ересек топтағы балалардың қалыптастыру мүмкіндігі анықталады. Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыретттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасыз құруда. Бұл тұрғыдағы көзқарасты Б.Д.Эльконин өз еңбегінде былай көрсетеді:
«құзыреттіклі» ұғымым тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықлың, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды:

құзыреттілік – алған білім, білік, тәжірибе мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті;
құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы; құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында қалыптасады.

Мектепке дейінгі жаста баланың зейіні қабылдауына тығыз байланысты. Затты, бөлшектерді ерекшеленуі, эталонмен салыстыру - барлық перцептивтік әрекеттер назарды қосады және оның дамуына әкеледі.

Мектепке дейінгі балалықта зейіннің екі түрі де дамиды. Еріксіз зейін - жаңа жануарлар, құрт-құмырстқалардың, гүлдердің түрлері туралы сарала білімдерді қорытуына байланысты.

Ерікті зейін мақсатты әрекет барысында дамиды. Әрекет мақсаты жобалайтын нәтижеге бейнесі ретінде барлық әрекеттің соңына дейін назарды ұстайды.

Балалардың зейінін сабақта ұйымдастыру бейнелерге, дыбыстарға, дауыстың өзгеруіне, ғажайып интонацияға тіреніп ерікті назарды «еріксіз» бейімделуге қызықтырады.

Ересектерде зейін тірегі нақты қойылған тапсырмалар, жарысу уақыты, дисциплиналық талаптар, сұрауға уәде болады. Бірақ оларға да назарды түсті, ерекше «еріксіз» белгілермен тарту керек.

Зейін қабілетін дамытуға арналған келесі: «5 айырмашылық тап», «Ұқсастықтарын тап», «Тауып ал да, сыз» ойындарды қолдануға болады.
Мектепке дейінгі жас-біздің биографиялық естің басы. Көбі 3 жасқа дейінгі оқиғалары естерінде жоқ,ал 3 жастан кейін көбінің есінде сақталған. Ол өскен есте сақтау беріктілігінің көрсеткіші. Бірақ бала есі бірнеше ерекше айырмашылықтары бар. Біріншіден, ол еріксіз. Екіншіден, есте сақтау жағдайлы еске кітап сюжеті ғана түспейді,сонымен барлық жетектейтін объекттері, барлық жағдайды қабылдау сюжеті түседі.

Жан гипотезасы бойынша біздің жадымыз басқаға беру қажеттілігінде пайда болады. Балаға осындай қажеттілік ойында қалыптасады.
5 жаста сөздің жүргізіші рөлі күшейтіледі, бала бәрін есіне түскен бойымен айтпай, кезекпен дұрыс айта бастайды. Алты жасар бала мазмұндау кезінде «анда тағы басқалар болған,бірақ мен ұмытып қалдым» дегенді көреді. Өзін басқару ақыл-ой әрекетінде таратылады. Еріксіз есте сақтауда логикалық байланысқа сүйенеді. Әрекеттер мен бейнелер - олардың жадының негізі. Қайталанатын қозғалыстар мен ритмді соғу тақпақты немесе әнді жаттауға көмектеседі. «Суретті еске сақта», «Зообаққа саяхат», «Қалай болғанын еске түсір», «Еске түсір де, суретін сал» ойындар сияқты еске сақтау қабілеттерін дамыту үшін қолдануға болады.
Қиял қабілеттерін дамытуға «Бояулар», «Үрлемелі шар», «Әңгіме құр», «Суретті ата» ойындар өткізуге болады.

Мектепке дейінгі жаста барлық үш ойлау дамиды және қызметін атқарады: көрнекі-әрекеттік, бейнелік және сөздік-логикалық. Олардың әр қайсысы өзіндік қарым-қатынас пен байланысты орнатуға, заттардың сипатын жалпылауға көмектеседі.

Ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындар: «Ұқсастығын тап», «Сурет құрастыр», «Қатармен қой»., т.б.  Мектепке дейінгі жас - тілдің қарқынды даму кезеңі. Әнгімелесу функциясымен қатар тіл ойлау тәсілнің функциясын атқарады.

Мектепке дейінгі балаға үлкен адамның сөйлесуі корекциялауға мүмкіндік береді және барлық танымдық процестерін дамытады: назарын аударуға, қабылдауын және есте сақтауды айқындауға,талқылауды  құруға және шынвалықтан қиялын бөлуге. Психологтардың көбі баланың тіл дамуы оның психологиясының дамуының жүргізуші сызығы деп санайды. Бірақ тілдік қарым-қатынас түрінің басым болуы баланың әрекет түрлерін тоқтатады (ойын, конструкциялау, сурет салу). Нақты ситуацияларды талдау.

Қорыта келе, мектемке дейінгі мекемедегі баланың танымдық құзыреттілігін дамытуда біртұтас кеңістікті қолдану керек. Яғни, балаларды жан-жақты, барлық танымдық қасиеттерді дамытуымыз керек.

Жеке тұлғаның қалыптасуында ең тиімді жол жаңа тұлғаны қамтитын, қабілет, білім, икем, дағды, тәжірибе, көзқарас болып табылады.
Балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы. Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған болса, тәрбиеші баланы жігерлендіруші, жол көрсетуші, қуат беруші болып табылады.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Құрманалина Ш.Х. «Нәтижеге бағытталған білім беруді ұйымдастыратын жаңа мектеп моделі» және «Бастауыш мектеп түлегінің моделдері». – Астана, 2016.
2. Бітібаева Қ., Құдайбергенова Г., Мұқашева М. Оқытудың инновациялық технологиясы. – Өскемен, 2002.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)