http://a-brands.kz/

Рентген сәулелері

Акылбаева Айнура Аширгалиевна

Физика пәні мұғалімі.

Жамбыл облысы Меркі ауданы Тұрлыбай батыр ауылы «№ 34 Қызыл таң жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

Сынып: 11а

Пәні: физика

Сабақ №41

Күні:

Тақырыбы: Рентген сәулелері.

Мақсаты: рентген сәулелер, оның пайдасы мен зияны жайлы мағлұмат беру

Міндеттері:

 - рентген сәулелері және рентгендік томаграфия туралы мәліметтер беру;

 - оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыра отырып, жеке тұлға қалыптастыру;

 - ұқыптылыққа, алғырлыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:оқушылар

-білуі қажет: рентген сәулелерінің қалай пайда болғанын, оны кім ашқанын, адам өміріне пайдасы мен зиянын.

-жасай алуы қажет: формулаларды қолдана отырып есептер шығара алуы, өмірмен байланысын аша білуі қажет.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру

Әдіс –тәсілдер: «Даналық ағашы», «Ойлаудың 6 қалпағы»

Ресурстар: плакаттар, маркерлер, жаңа сабақтың қосымша материалдары

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

2. Оқушыларды түгелдеу

3. Көңіл-күй сыйлау

1. Оқушылар сабаққа қажет жабдықтарын дайындайды

2. Мұғаліммен сәлемдеседі.

Топқа бөлу

Суреттер арқылы  1-топ Рентген

                               2-топ Томография              

Үй тапсырмасын тексеру «Даналық ағашы»

Мұғалім сандықшаны ортаға қояды. Сандықшанын ішінде сұрақтар жазылған қима қағаздар болады.

1. Фотоэффект  құбылысы..........

2. Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі.............................................

3. Вакумдегі фотоэлемент..............

4. Вентильді фотоэлементтің қолданылуы........................

5. Ішкі фотоэффект құбылысы

6. Вакумдік фотоэлемент қайда қолданылады.....................

7. Фотон......................

8. Фотонның энергиясы мен массасы.................

9. Фотонның тыныштық массасы...........

10. Фотонның импульсі.................

Екі топтың оқушылары кезек кезек шығып садықшадан сұрақтарды алып толық жауап береді. Егер жауабы дұрыс болса ағашқа жабыстырады.

 

 

«Тұлғаны танып біл» жаңа тақырыпқа даярлық

Мұғалім бір ғалымның суретін және басқада суретті тақтаға іледі.

Видеоролик көрсетеді.

      FD779CBD    i?id=3062278&tov=8

Оқушылар суреттерге қарап сөйлейді.

Жаңа сабақ

«Джигсо» әдісі

Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты ресурстар таратып береді. Жаңа тақырыптың аясында оқушыларға түсінік береді.

 

 

Оқушылар мәтінді оқиды, топ басшысы екінші топқа барып мәтінді түсіндіреді, алған  мәліметтері бойынша постер құрады. Постерді қорғайды

І-топ Томография

ІІ-топ Рентген

Сергіту сәті.

Әзіл шыны аралас сұрақтар

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Деңгейлік тапсырма

1-деңгей

Сәйкестік тест

1. Рентген сәулесін ашқан қай ғалым? Рентген

2. Рентген сәулесін қай жылы ашты?1895ж

3. Рентген сәулесінің қолданысы қай жерде? Медицинада

4. Рентген сәулесін қандай арнаулы қондырғыда аламыз? Рентген түтікшесі

5. Рентген сәулесінің ашылу құрметіне қандай сыйлық берілді? Нобель

6. Рентген сәулесінің зияны бар ма? Жоқ

2-деңгей Есептер шығару

1.Егер рентгендік түтік 150кВ кернеуде жұмыс істесе, онда электронның кинетикалық энергиясы неге тең болар еді?

2. Егер фотонның жапқыш кернеуі 0,8В болған кезде тоқтатса, онда фотоэлектрондардың ең үлкен жылдамдығы қанша?

3. Фотондардың массасы электронның тыныштық массасына тең болатын сәулелердің толқын ұзындығы мен жиілігін табыңдар?

4. Күміс бетіне жарық түсіргенде бөлініп шығатын электрондарды тоқтату үшін 3В –ке тең бөгеуші кернеу пайдаланылады. Осы жағдайда жарық толқынының ұзындығы қандай болу керек?

1-деңгей оқушылар тақтада сәйкестік тест  белгілейді.

2- деңгей оқушылары есептерді шығарады.

 

 

Эдвард де Бононың «Ойлаудың 6 қалпағы»

Мұғалім оқушыларға қалпақтарды кигізеді.

Қалпақ киген оқушылар қысқаша өз ойларын айтып өтеді.

Бағалау

«Баланс» дөңгелегі

Рефлексия

 

Мұғалім оқушыларға стикерлер таратады.

 

Оқушылар өз ойларын жазады.

Кейінгі тапсырмалар

§6.7 №5,6

СКТ, МСКТ туралы материалдар жинақтау

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)