Қысқы шыршалар

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы
«Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі
Балатаева Эльмира Джапбаровна

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

№3 «Балауса» ІІ – кіші тобы

Өтілетін орны: «Балауса» тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Білім бөлімі: «Сурет салу»

Тақырыбы: «Қысқы шыршалар»

Мақсаты: Балалардың сурет салу іскерлік дағдыларын жетілдіру, балауызбен жұмыс істеуге жаттықтыру. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: балауыз,сурет дәптері, бояу, шырша және қыс бейнеленген суреттер, сүлгі.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, көрнекілік.

Мотивациялық–түзету:

Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрып, бір-бірімен амандасады. Бәрі бірге мына өлең жолдарын қайталайды.

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақпейілмен:

«Қайырлы таң!»-деймін мен.  (Е.Өтетілеуұлы).

- Балалар бүгінгі ашық оқу қызметімізді мен жұмбақпен бастасам деймін, келісесіңдерме?

- Иә

- Ендеше мұқият тыңдаңдар.

Жұмбақ

1) Шанамен зырғып желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?

- Қыс

2) Қыста ғана болады,
 Ұстасаң қолың тоңады
Ол не?

- Қар

3) Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң
Төріңдемін үйіңнің.

- Шырша

 

- Жарайсыңдар, Балалар өте дұрыс

- Қазір қай мезгіл

- Қыс

- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

- Үш айдан

- Қыз мезгілінің ай аттары қалай аталады?

- Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан

- Қыста қандай ерекшеліктер болады?

- Қар жауады, боран соғады, күн суытады, жылы киімдер киеміз.

Ұйымдастырушылық-ізденіс:

- Ендеше, балалар біз бүгін қысқы шыршалар туралы әңгімелейміз.

- Балалар мына суреттерге назар салыңыздаршы, қандай сурет бейнеленген?

- Шыршалар

- Дұрыс шыршалар, олар орманда өседі. Шыршалардың түрлері көп болады, үйде де өсетін шыршылар болады. Тауда өсетін шыршалар да бар.
- Үйде өсетін шыршаларға үлкен күтім керек балалар, өйткені олардың отаны тау бөктері, орман болып келеді.

- Ал мына суретке қараңдаршы, жылдың қай мезгілі бейнеленген?

- Қыс

- Жарайсыңдар, балалар дұрыс, қыс мезгілі бейнеленген.

- Балалар, сендер байқадыңдарма шыршалардың қыстағы түсін?

- Иә

- Қандай түс екен?

- Жасыл

- Яғни, балалар шыршалар жылдың төрт мезгілінде де, басқа ағаштар сияқты емес, жасыл болып қала береді.

- Ендеше қазір біз сендермен балауыз арқылы осы шыршаларды салып, бояумен бояймыз.

Тәрбиеші балаларға сурет салуға көмек береді.

- Ал енді қане, балалар саусақтарымыз шаршап қалды, олай болса саусақтарға арналған жаттығуларды жасайық.

Сергіту сәті:

Оң саусағым шаршады,

Сол саусағым шаршады.

Саусақтарым бірігіп,

Билеп, билеп алады.

- Ал енді балалар оқу қызметімізді ойынмен жалғастырайық.

Ойын: «Шыршаны кім жылдам безендіреді?»

Шарты: Балалар екі топқа бөлініп, алдында тұрған екі шыршаны жылдам безендіруі керек.

Рефлексиялық-түзетушілік:

Тәрбиеші балалардан сурет арқылы сұрақ- жауап алады.

Балалардың салған суреттерін тақтаға іліп, бірге талдау жасайды.

Ағаштардың пайдасы жайында қысқаша әңгімелеп, қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыста да шыршалардың түсі өзгермейтінін.

Игереді: Қыс мезгілінде шырша ағашының жапырақтары басқа ағаштарға қарағанда түспейтінін.

Меңгереді: Балауызбен шырша суретін салуды  


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)