http://a-brands.kz/

Сызықтық алгоритмдерді программалау

ОҚО Шардара ауданы Ұзын Ата ауылы
Ұзын Ата жалпы орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі Қаныбекова Гүлнұр Дүйсебекқызы 

Ұзақ мерзімді жоспарлаудың тарауы :          Мектеп : «Ұзын-Ата» жалпы орта мектебі

Күні: 06.02.2018ж                                                Мұғалімнің аты-жөні : Қаныбекова Г

Сыныбы: 7                                                           Қатысқандар:               Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сызықтық алгоритмдерді программалау

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау.

Бағалау критерийі

Сызықтық алгоритм туралы мәлімет алады және түсінеді.

Алған теориялық білімдерін практика жүзінде орындай алады.

Тақырыпқа байланысты сұрақтарға нақты жауап береді.

Тілдік мақсаттар

Сызықтық алгоритмді пайдалана отырып, прорамма құру.

Лексика және терминология:

    Сызықтық алгоритм

    Сызықтық программа

     Read операторы

     Write операторы

Құндылықтарға баулу

Жан-жақты болуға, оқушылардың ақпараттық–технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Бәсекелестікке дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс

Математика, ағылшын тілі.

Алдыңғы білім

Бөлімше алдыңғы тақырыптарда қамтылған дағдыларға сүйенеді. Оқушылар Lazarus бағдарламасының интерфейсімен, мәліметтер түрлерімен таныс. Бағдарламада жобаларды құра алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

3 мин

Үй жұмысын тексеру 4 мин

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа психологиялық ахуал орнату. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. (Тәттілер арқылы).

Үй жұмысы: «Сыйлық алайық» әдісімен. Қорапшаларда үй тапсырмасы бойынша сұрақтар болады.

  1. Деректер типі деген не?
  2. Айнымалы тип деген не?
  3. Бүтін типтерді сипаттаңдар.
  4. Мәтін типін түсіндіріңдер.
  5. Меншіктеу операторының қызметін атаңдар?
  6. Нақты сандарды қандай типтермен сипаттауға болады?
  7. Standard бөлімінде орналасқан батырмалар қызметін атаңдар.
  8. Компоненттерді пішінге орналастыру қалай жүзеге асады?

Қиылған қағаздар

Сабақтың ортасы

6 мин

Оқулықпен жұмыс

8 мин

6 мин

Қолдану

 

 

 

 

 

Оқушылар тапсырманы берілген уақытта орындап келесі тапсырмаға көшеді

 

 

 

 

 

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау.

Тақырыпты қысқаша түсіндіремін.

Жаңа сабақты түсінгенін тексеру мақсатында тапсырмалар беремін.

1-тапсырма.

«Бұл сұрақтардың жауабы қандай»

Тармақталу мен қайталану әрекеттері жоқ, әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм түрі? (сызықтық алг)

Программада мәліметтерді енгізу үшін қолданатын оператор.   (Read)

Нәтижені жеке қатарға шығару үшін қолданылатын оператор.(Writeln)

 «Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?» әдісі

 Белгілі бір әрекетті орындаушы пәрмен не деп аталады? – Оператор

Санның бүтін бөлігін көрсететін оператор қалай аталады? DIV

Санның қалдық бөлігін көрсететін операторды ата? MOD

Символдық айнымалылардың типін көрсету үшін қандай қызметші сөз қолданылады?

CHAR  

    

Дескрипторлар

негізгі тірек сөздердің анықтамасын біледі

функцияларды ажырата алады.

   2-Тапсырма

Топпен жұмыс

Берілген

Берілгендер типі

1.Олжас Муратов__________

А. Бүтін тип

2.Жалған  ____________

В. Нақты тип

3. 7 _____

С. Символдық

4. 3.78_________

Д. Мәтіндік

5. Ақиқат________

Е. Логикалық

6. Кім?_________

 

7. «9»________

 

8. Көк________

 

Дескриптор:

- берілгендер және берілгендер типі арасында сәйкестікті анықтайды.

3-тапсырма.

Жұптық жұмыс. «Бірге ойлап, бірге жасаймыз».

Сынып бөлмесінің ауданын есептеу жобасы.

 

слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірме қағаз

Сабақтың соңы

Қорытынды

Талдау

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында «сиқырлы таяқша» ойыны арқылы жүзеге асады.

Кері байланыс

2 мин

Үй жұмысын беру

«Сиқырлы таяқша» ойыны. Ойын ережесі әр оқушы бүгінгі тақырыптан не білгенін айтып кетеді, бір –бірін қайталамайды.

 

 

 

 

 

Екі жұлдыз, бір тілек!

Сызықтық алгоритмдерді программалау. Ережелерді дәптерге жазып келу.

Интербелсенді тақта

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Тапсырма орындауда, оқушыларға ой тастау арқылы қолдау көрсету.

Практикалық жұмыста , оқушыларға жобаны орындау кезеңдерін беру арқылы қолдау.

Шығармашыл, қабілетті оқушыларға сабақ барысында күрделі тапсырма беріледі.

3-тапсырмадағы Сынып бөлмесінің ауданын есептеу жобасындағы бөлменің ауданын табу жобасын жасайды.

Бағалау критерийлері мен дескрипторларға сүйене отырып қалыптастырушы бағалау.

Көзге арналған жаттығулар :

1-4 ке дейін санап көзді қатты жұмып, сонан кейін ашып, жайбарақат ұстап.

 

Техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тимді пайдаландыыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)