Өлең, жыр, ақындар

Құстарға қамқорлық

Жамбыл облысы Шу ауданы  
Белбасар ауылы «Балдырған» балалар балабақшасы
Тәрбиеші: Узенбаева Айгуль Қуатбекқызы

Білім беру саласы: Таным.

Оқу қызметі: Қоршаған орта.

Тақырыбы: «Құстарға қамқорлық»

Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу. Құстар туралы түсініктерін қалыптастыру, құстардың пайдасына тоқталу. Балалардың есте сақтау  қабілетін дамытып, мейірімділікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: Табиғат аясы, құстардың сурет. Құстың ұясы, үнтаспа.

Билингвизм: Құс – птица, көктем - весна.

Ә.К.

Тәрбиешінің  іс–әрекеті.

Балалардың  іс–әрекеті.

М/Қ

 

 

 

 

 

 

 

Ұ-І

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Р/Т

 Шаттық шеңбері.

  Қайырлы таң ормандар мен далалар,

  Қайырлы таң достасқан бар балалар,

  Қайырлы таң біздің  балабақшамыз,

  Қайырлы таң біздің ашық күніміз.

 - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  Көктем мезгілінде неше ай бар?

  Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Иә, балалар көктемде жауын–шашын көп болып, жер көгеріп, әдемі  гүлдер өсіп ағаштарымыз бүршік жарады. Құстар жылы жақтан ұшып келі, ән  салып, бау–бақшамыздың сәнін кіргізеді.

- Балалар «Құс» сөзінің орысша атауы «птица» деп аталады.

 Қане, қайталап айтып көрейікші.

 «Құс» «птица»,

Ал, «Көктем» сөзінің орысша атауы «весна»

 Жарайсыңдар, балалар!

 

 Ендеше көңілімізді мына суретке аударайық.

 Бұл суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?

 Дұрыс айтасыңдар балалар, көктем мезгілі бейнеленген.

«Суретпен жұмыс»

Балалар мен сендерге бір шумақ өлең оқып берейін, сол өлеңде нетуралы  айтылғанын айтып бересіңдер ме?

Мені мұқият тыңдаңда !

 

 Құстар құстар келеді.

 Даланы жырға бөледі,

 Көктем келді деп бізге 

 Жылы хабар әкелді.

 

 Өлең не туралы айтылған екен?

 Демек, бүгінгі біздің оқу қызметіміз құстар туралы болады.

 Олай болса балалар, мына ғажайып кілемшеге отырып табиғат аясына  барып серуендеп қайтайық.

 

 (Үн таспадан құстардың әуені естіліп тұрады) 

- Міне балалар табиғат аясынада келіп жеттік.

Балалар ненің дауысын естіп тұрсыңдар?

 

 «Құстар» туралы мағлұмат беру

  - Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі құстар. Құстар бау-бақшаның емшісі. Құстар біздің досымыз. Құстардың пайдасы өте көп: олар ағаштағы, жердегі зиянды құрттарды жейді. Құстар ән салып көңілімізді көтереді.

Сендер қандай құс түрлерін білесіңдер? Ия балалар құстардың түрлері өте  көп олар: қарға, шымшық, торғай қарлығаш  т/б .

Орман сақшысы келеді.

Сақшы: Сәлеметсіңдер ме, балалар !

Мен осы жердің сақшысы боламын. Өздерің қайдан жүрсіңдер ?

-Сәлеметсіз бе!  Біз  балалармен табиғат аясына құстармен танысуға  келген  едік .

Сақшы: - Қазір көктем мезгілі құстардың жылы жақтан ұшып келіп  паналайтын  езі. Содықтан мен оларға қамқорлық етіп, ұя жасап қойған  едім. Маған ұяны орнықтыруға көмектесесіңдер ме?

Балалар сақшыға көмектесеміз бе?

Құстар әндетіп ұшып келеді.

Сақшы балаларға ризашылығын білдіреді.

- Міне балалар, біздің де қайтатын уақытымыз таяп қалды. Сау болыңыз  сақшы атай !

Сақшы: Сау болыңдар балалар!
Келіңдер балалар мына ғажайып кілемшемізге отырып, өз  тобымызға  оралайық .

  «Сергіту  сәті»

Қарлығаш болып ұшайық

Торғай болып қонайық

Сауысқан болып секіріп,

Бүркіт болып самғайық

Қане қанат жазайық.

Ұшып–ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

 

Жарайсыңдар, бәрекелді балалар !

 

- Біз балалар қайда бардық?

- Орманда кімді көрдік?
- Сақшыға қалай көмектестік?
- Құстардың қандай түрлерін білесіңдер ?
- «Құс» және «көктем» сөзінің орысша атауы қандай?

-Құстар туралы кім қандай тақпақ біледі?

Балалар, бүгінгі оқу іс–әрекетімізді «Құстарды орнықтыру» ойыны арқылы қорытындылағым келіп тұр.

«Құстарды орнықтыру» ойыны

(Сұрақ жауап әдісі)

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

 

Көктем.

Үш ай бар.

(балалар сұрақтарға жауап береді)

 

 

 

«құс - птица» «көктем - весна»

 

 

 

 

 

 

 

Көктем мезгілі бейнеленген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құстар туралы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қуанып кілемшеге отырады.

 

 

 

 

Құстардың даусын естіп тұрмыз.

 

 

 

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

 

 Қарлығаш, торғай, сауысқан т/б.

 

 

 

Сәлеметсіз бе!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ия көмектесеміз.

Балалар сақшыға ұяны орнықтырып, құстарға жем беруге көмектеседі.

 

Қимыл қозғалыс арқылы жасайды.   

Балалар шамаларына қарай жауап береді.

 

 

Құстар туралы тақпақ айтады.

 

Ойынды қызыға ойнайды.

 

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: 

Біледі: Құстардың түрлерін ажыратып айта біледі.

Игереді: Табиғатты қорғауға, құстарға қамқорлық жасау керек екенін түсінеді.

Меңгереді: Құстардың пайдасы туралы түсінікті.


Пікірлер (3)

Балжігіт

Қамқорлық сөзіне мəтін құрау

Сауле

Өте жақсы жұмыс

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз