Өлең, жыр, ақындар

Менің мерекем. Заттарды өлшемі (биіктігі, ұзындығы, қалыңдығы) бойынша салыстырамын

№5 ҰОҚ. Тақырыбы: Менің мерекем. Заттарды өлшемі (биіктігі, ұзындығы, қалыңдығы) бойынша салыстырамын.

Мектеп /МҰ:

Күні:18.09.17

Педагогтің аты-жөні: Бодаухан О.

Мектепалды сынып/топ

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқыту мақсаттары

0.1.1.3.Заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырып, көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табу, оларды өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастыру.

Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

- заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырады.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табады, оларды өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастырады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-салыстыру үшін заттардың бірнеше нұсқасын ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

- өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагогпен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде лексика мен терминологияны пайдалана алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

-көбірек, азырақ, сонша, кеңірек, биігірек, жіңішкерек.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

– Заттарды көлемінің артуына қарай қалай бөлу керек екенін түсіндір.

– Қалай ойлайсың, қандай жағдайда салыстырудың қандай тəсілдерін пайдаланған қолайлырақ?

– Заттардың көлемдерін салыстыру нəтижелерін сипаттау үшін қандай көмекші сөздер пайдаланылады?

Жазу:

Торкөздер бойынша салынған үзік сызықтарды бастырып жазу.

Алдыңғы білім

Заттардың көлемдерінің сипаты туралы алғашқы білім, геометриялық фигуралар мен денелердің атауы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Басталуы

0–5 минут

Ынталандыру.

Тəрбиеленушілерден қаншаға дейін санай білетіндерін сұрайды. Олар жауап береді.

Өзектендіру.

Суреттегі заттарды санауды немесе ең үлкен, ең ұзын, ең қысқа затты таңдауды ұсынады.

 

Ортасы

6–15минут

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ) ҰОҚ-де балалар заттарды көлемі бойынша салыстырады. Педагог балалардан: «Үлкен затты кішкентай заттан ажырата аласыңдар ма?» – деп сұрайды. Егер балаларға «биік – аласа», «кішкентай – үлкен», «кең – тар», «ұзын – қысқа» деген ұғымдарды ғылыми тұрғыдан түсіндіруге тырыссаңыз, олар сізді тыңдамайды.

Əліппе-дəптер. Үлестірмелі материалдар.

№41-43 кесте

 

 

Жаңалық ашу.

(Ж) Балалардың қандай заттарды кішкентай, ал қандай заттарды үлкен деп атайтынын түсінуі үшін педагог оларға мысалдар келтіреді. Мысалы, текшелерден мұнара салуды сұрайды. Оның жанына көлемі кішірек тағы бір мұнара салуды ұсынады. Балалардан қайсысы үлкен, ал қайсысы кішкентай екенін көрсетуді сұрайды. Əдетте, мектепке дейінгі жастағы балаларда жауап беруге қиындық тумайды.

Осы ұғымның қалыптасуын бекіту үшін педагог балалардан ермексаздан кішкентай жəне үлкен шар жəне т.б жасауды сұрайды.

Балаларға салыстыру тəсілдерінің ішінен ең тиімді тəсілді таңдауды ұсынады: көзбен салыстыру, беттестіру, ауыстыру, өзара бірыңғай сəйкестік.

Электрондық жиынтық полотномен (№1-3) жұмыс ұйымдастыруға болады. Ал одан кейін балалар геометриялық фигуралар мен заттарды өлшемі бойынша (ұлғаю, кему) орналастырады.

Балалар əліппе-дəптердегі 1-тапсырманы орындайды. Оларға ең үлкен жəне ең кішкентай саптаяқтарды таңдап, салыстыру ұсынылады. Орындықтардың, қораптардың көлемі бірдей ме? Ең үлкен сыйлықты көрсетіңдер?

Келесі 2-тапсырмада балалар торттың өлшемі  бойынша бір тіліміне сəйкес ыдыстарды таңдайды. Балалар бірыңғай сəйкестік амалын пайдаланып, алдымен ең үлкен жəне ең кішкентай көлемдегі жұпты таңдайды, содан кейін аралық сəйкестіктерді іріктейді.

Сергіту сəті.

Менің қалауым бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңын қараңыз).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1-3

электрондық жиынтық полотно.

16–25

Жаңаны қолдану.

(Ж) Əліппе-дəптердегі 3-тапсырма саусақтың ұсақ моторикасын дамытуға арналған.

(Ұ) Электрондық жиынтық полотномен (№1-3) жұмысты жалғастыруға болады. Балалар геометриялық фигуралар мен заттарды өлшемі бойынша (ұлғаю, кему, салыстыру) орналастырады.

Əліппе-дəптердегі 4-тапсырмада қораптарды үлкенінен бастап кішкентайына қарай қойып шығу керек. Балалар үлкенінен кішкентайына дейін қораптардың суреті бар жапсырмаларды жапсырады. Оларға салыстырудың неғұрлым тиімді тəсілін таңдауды ұсынады.

Əліппе-дəптер.

 

 

 

 

Электрондық жиынтық полотно (№1-3).

Рефлексия

26–30

Қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады

Түсіндіремін: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Əліппе-дəптер


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз