Абзацтар, шегіністер және интервалдар

№167 Жалпы білім беретін мектеп
Информатика пәні мұғалімі Тажибаева Раушангул Мынболқызы

 

Сабақтың тақырыбы

Абзацтар, шегіністер және интервалдар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Құжаттарды форматтаудың дағдысын қалыптастыру

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Оқушыларды абзацтар, шегіністер және интервалдар ұғымымен таныстыру, мәтінді пішімдей білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларға абзацтар, шегіністер және интервалдар туралы түсінік бере отырып ой-өрістерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сәттілік критерийі

Мәтіндік редакторда жұмыс істеудің барлық мүмкіндіктерін қолдана біледі;

Бағдардаманың тиімділігі мен жетіспеушілігін салыстырады;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар біледі:

Жоба бойынша қалай жұмыс істеу керектігін; жобаны жазу үшін қолдану тәсілін.

Оқушылар істей алады:

Әртүрлі мәтіндік редактордың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай алады; жоба бойынша есеп жаза алады.

Пәндік лексика және терминология:

Диалога/хат үшін пайдалы сөйлемдер:

Мәтіндік редактор  – бұл…

Пішімдеу дегеніміз - …

Мәтіндік редакторды редакторлеу –  …

Менің жобамның тақырыбы, мақсаты және міндеттері ….

Дағдыландыру құндылықтарды

Өмір бойы білім алу, өзара сыйластық

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Алдын-ала білу

Мәтіндік редактор туралы алдында алған білімдер

Сабақтың  әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап, жазбаша жұмыс, компьютермен жұмыс, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

0-5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу, сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың өту ретін баяндау. Өткен сабақтарда біз сіздермен Microsoft Word мәтіндік редакторымен танысқан болатынбыз. Мәтіндік редактордың не екенімен таныстық, бұл бағдарламаның неге қажет екенін қарастырдық, бағдарламаның ашылу жолдарымен таныстық, мәтінді пішімдеуді және құжатты сақтауды үйрендік

Ресурстар

Таныстырылым көрсету

5-10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10-15 минут

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қосымша сұрақтар қою арқылы оқушының дайындығын тексеру. Сиқырлы сандықтағы сұрақтарға жауап беру:

1. Microsoft Word қандай редактор? (мәтіндік редактор)
2. Пернетақтада жоқ символды кірістіруге көмектесетін бұйрық қандай? (Кірістіру-символ бұйрығы)
3. Сиректеп теру үшін не істеу керек? ( қаріп сұхбат терезесін шақырып, қосымша тіркеме парағына ауысамыз және «интервал» тізімінен «сиректелген» параметірін таңдаймыз.
4. Мәтіннің түстерін ауыстыру үшін қандай батырманы басамыз (А)
5. Құжатты сақтаудың қандай тәсілдері бар? (Бірінші тәсілі: Файл – сохранить  как – файлға ат қою – ок батырмасын басу.
Екінші тәсілі: Файл – сохранить – ок батырмасын басу арқылы)
6. Мәтіндік редакторда мәтінді  қандай қаріптердің стилімен жазуға болады? (Қарайтылған, курсивпен немесе асты сызылған мәтін)
7. Жаңа құжат ашу үшін қандай батырмаларды басу керек? (Файл – создать – новый документ)
8. Мәтіндік редакторда сызғыштардың ролі қандай (Сызғыш мәтінді оңға, солға, ортаға қарай жылжытуға мүмкіндік береді).

ІІІ.Үй тапсырмасын пысықтау. Құжаттарды форматтаудың жаңа дағдысын қалыптастырмас бұрын сіздермен шағын өзіндік жұмысын орындайық 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №1

 

Сабақтың ортасы

15-22 минут

 

 

 

ІV. Жаңа сабақ түсіндіру. Абзацтар , шегіністер және интервалдар

Сабақты түсіндіру экранда бейнебаян көрсету арқылы жүзеге асады

– Мәтіндік редактордағы негізгі операцияларымен танысуды жалғастырамыз. Сабағымыздың тақырыбы: «Абзацтар , шегіністер және интервалдар».
Пішімдеу терминімен сіздер бұдан бұрын таныс болғансыңдар. Пішімдеу терминінің не екенін еске түсірейік.

Пішімдеу – бұл сырт келбетін ауыстыру дегенді білдіреді.

Құжаттың негізгі объектілеріне символ, абзац және бет жатады. Осы объектілердің әр-қайсысына параметрлер мәнін белгілеу керек, ол құжаттың сыртқы келбетіне жауап береді.

1. Беттердің параметрлерін таңдау

Кез келген құжат беттерден тұрады, сондықтан жұмыс бастамас бұрын беттердің параметрлерін белгілеп алу керек: формат, орналасу түрін, алаңды.

Беттердің орналасуының екі түрі бар – кітаптық және альбомды. Қарапайым құжатқа әдетте кітаптық бет түрін таңдайды. Ал үлкен көлемді кестесі бар құжатқа немесе үлкен көлемді бағаны бар құжатқа альбомды тәсіл қолданылады.  Ол үшін:

 - Разметка страниц®Ориентация®книжная немесе альбомная таңдалады.

2. Беттердің алаңын белгілеу.

Бетке қажет етілетін жақтаулар қойылады (жоғарғы, төменгі, оңжақтағы, сол жақтағы). Олар беттің шеткі бөлігі мен мәтіннің арасындағы орынды көрсетеді.

 - Разметка страниц®Поля®Настраиваемые поля

 - Қажетті белгілеулерді беріп ОК батырмасын басу керек

Диалогтік терезені қарастырайық.
      По правилам, алаңдардың өлшемі мынандай болу керек: сол жағы: 3–3,5 см, оң жағы –  0,8 см-ден кем емес, жоғарғы жағы – 2 см, төменгі жағы – 1,9 см-ден кем емес.
3. Беттердің номері

Құжаттың беттерін нөмірлеу керек. Мәтіндік редакторда беттерді нөмірлеудің бірнеше тәсілі бар: жоғырыда немесе төменде, ортасында, сол жақта немесе оң жақта.

 - Вставка – Номера страници – формат номеров страниц

 - Қажетті белгілену тәсілін қойып Ок пернесін басу керек.

4. Абзацтарды пішімдеу

Пішімдеу ағымдағы абзацқа немесе мәтіннің ерекшеленген фрагментіне қолданылады. Мәтінді пішімдеу сызғышымен, жолақтың  Басты- Абзац бөлімі немесе Абзац  бұйрығы сұхбат терезесінің мәзірі бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге болады.

-тізімдер құру, олар туралы басқа сабақтарды айтылады;

-ағымдағы абзацта мәтінді түзеу: сол жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша, екі жақ шеті бойынша ;

-абзацтағы шегіністі азайту, ұлғайту.

Интервалды абзацтың алдында да (алдыңғы абзацтың соңғы жолы мен ағымдағы абзацтың бірінші жолының арасына) және абзацтан кейін де (келесі абзацтың бірінші жолы мен ағымдағы абзацтың соңғы жолының арасына) орнатуға болады. Бұл функция үшін алдындағы интервал және соңындағы интервал өрістері жауап береді.

          Пішімдеу сызғышын экраннан алып тастауға және қайта қоюға болады. Пішімдеу сызғышын экранда көрсетуге Түр-көрсету немесе- жасыру- сызғыш бұйрығы жауап береді.

Қосымша №2

http://www.youtube.com/ Экранда бейне баян көрсету

22-30 минут

V. Тәжірибелік жұмыс орындау. Оқушыларға тәжірибелік жұмыстың тапсырмасы таратылып компьютерге отырғызылады.

Жаңа білімді бекіту үшін сіздерге құжаттарды форматтауға практикалық жұмыс беремін.

Қосымша №3

30-35 минут

VІ. Сабақты бекіту. Білімдеріңді тексеру үшін тест жұмысы алынады.

Қосымша №4

35-37 минут

VІІ. Қорытындылау.

Пішімдеу ағымдағы абзацқа немесе мәтіннің ерекшеленген фергаментіне қолданылады. Мәтінді пішімдеу сызғышымен, жолақтың  Басты- Абзац бөлімі немесе Абзац  бұйрығы сұхбат терезесінің мәзірі бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге болады.

Жолдардың аралығы интервалдармен белгіленеді.

Пішімдеу сызғышын экранда көрсетуге Түр-көрсету немесе- жасыру- сызғыш бұйрығы жауап береді.

 

37-38 минут

 

38-39 минут

VІІІ. Бағалау.

Оқушылардың білімдерін, тест жұмысының нәтижесі  арқылы және практикалық жұмыс арқылы бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма.

§3.8. Абзацтар, шегіністер және интервалдар тақырыбын оқып келу. Өзіңде тексерді орындау.

 

39-40 минут

Х. Рефлексия.

Жетістік баспалдағына оқушылар өздерінің орналасқан жеріне өздерінің смайликтерін жапсырады

 

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Саралау білімді іріктеуде, нақты оқушыдан күтілетін нәтижеде, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескеріп таңдауда көрінуі мүмкін (Гарднер бойынша көптік интеллект теориясы).

 


 

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Осы тарауды оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін пайдаланатын әдістерді жазу үшін қолданыңыз.

Саралау уақытты ақылға қонымды пайдалануды ескеріп, сабақтың кез келген кезеңінде пайдаланылуы мүмкін.

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Денсаулық сақтаушы технологиялар.

Пайдаланылатын жаттығу минуттары және белсенді қызмет түрлері.

 

Қауіпсіздік техникасы ережелерінен

Осы сабақта қолданылатын тармақтар.

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар ОМ-на жетті мен?

Егер жетпесе, неліктен?

 

 

Осы тарауды сабақ туралы ойлау үшін пайдаланыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы ең маңызды сұрақтарға сол бағанда жауап беріңіз.

 

 

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай шегінулер болды және неліктен?

 

 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)