Өкпенің құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу

Тексерілді:          Б.Г.Кошекбаева              Пән мұғалімі:  Ахметова Элмира Мукановна

Пәні: Биология

Күні

8-сынып

Сабақтың тақырыбы

 §40. Өкпенің құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу. 

Мақсаты

Білімділік: өкпенің құрылысы мен қызметі туралы толық түсінік беру, олардың маңызымен қызметне тоқталып өту.                              

Дамытушылық: Өкпедегі газ алмасу мен ұлпадағы газ алмасуды салыстыру, ерекшеліктерін анықтап, білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: тыныс алу мүшелеріне зиян тигізер заттарды айта отырып, тыныс алу жолдарында туындайтын аурулардың алдын алуға, өздерінің денсаулығын күтуге тәрбиелеу.

Жұмыс нәтижесі

1. Ағзадағы тыныс алудың маңызын анықтайды, Өкпенің құрылысы және қызметі туралы біледі. Өкпедегі газ алмасу мен ұлпадағы газ алмасуды салыстырады. Тыныс алу қозғалыстырына тоқталады.

Сілтеме

 Р.Сәтімбеков,Р.Әлімқұлова. Алматы « Мектеп »

Әдіс тәсілдер

 «Инсерт» әдісі, СТО, ДЖИКСО,Ойлан біліс, бөліс

Ресурстар

Компьютер , интерактивті тақта, 

Сабақ жоспары

1. Ұйымдастыру.
2. Сәйкестігін анықтау (тест)
3. Мағананы тану
4. Кубизм әдісі
5. Кім жылдам
6. Рефлексия
7. Бағалау

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1.Ұйымдастыру.

Топқа бөлінеді, сабаққа әзірленеді, топ басшылары бағалау парағымен танысады

ІІ Миға шабуыл. Сәйкестігін анықтау.

Үйге берілген тапсырманы пысықтау.

ІІІ.Жаңа сабақ.Мағананы тану                                                       1-топ. Өкпенің құрылысы мен қызметі.
 Өкпе - кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер. Оң жақ өкпе бөлік аралық жүлгелермен бөлінген үш бөліктен, ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады. Өкпенің сыртқы дөңес бетін қабырғалар қоршайды, ал ішкі, ойыс, жүрек жақ бетінде өкпе қақпасы орналасқан.  Өкпе қақпасы арқылы негізгі бронхылар, өкпе артериялары, жүйкелер кіріп, веналар мен лимфа тамырлары шығады. Өкпе көптеген көпіршіктен – альвеолдардан тұратындықтан борпылдақ құрылысты.  Альвеолалар - диаметрі0, 2 - 0, 3мм, тереңдігі 0, 06 - 0, 3мм, ауаға толы өкпе көпіршіктер. Альвеола қабырғасы бір қабатты эпителийден тұрады, сырты капиллярлардың қалың торымен шырмалған.
2-топ. Өкпедегі газ алмасу. Адам құрамында 21% оттек6 79% азот6 0, 03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4, 0% көмірқышқыл газы және 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы - өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. Өкпеде газ алмасу диффузия жолымен жүреді.  

3-топ. Ұлпалардағы газ алмасу. Өкпе капиллярына түскен вена қанында оттек аз, көмірқышқыл газы көп. Сондықтан альвеола ауасындағы оттек қанға араласады, ал көмірқышқыл газы қаннан өкпе альвеоласына түседі. Өкпедегі газ алмасуды сыртқы тыныс алу дейд. Көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан капиллярларға ұлпа сұйықтығы арқылы диффузияланады. Ұлпадағы газ алмасуды ішкі тыныс алу дейді.

4-топ. Тыныс алу қозғалыстары. Тынысалу қозғалыстары тынысалу және тынысшығару арқылы жүзеге асады. Демді ішке алғанда қабырғалар сәл көтеріліп, көкет тегістеледі. Кеуде қуысы кеңейеді. Көкет - диафрагма кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықетті перде. Тыныс алғанда кеуде қуысының көлемі үлкейеді. Сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің жиырылуынан қабырғалар көтеріледі..

Тыныс шығарғанда кеуде қуысы мен өкпенің көлемі кішірейеді. Көкет күмбезденіп, қайта қалпына келеді. Өкпе көпіршіктеріндегі қысым артып, ауа өкпеден ауа жолдары арқылы сыртқа шығарылады. Жиі тыныс шығарғанда ішкі қабырғааралық және құрсақтың бұлшықеттер қысылып жиырылады.

2 тапсырма
Кубизм әдісі:
1. Зерттеңіз: 1-тапсырма.
Адам мүшелерінің тізімінен барлық тыныс алу жолдарын олардың адам организмінде орналасу реті бойынша жаз.
1.аңқа 2. Артериялар 3.өңеш 4.бронхылар 5. Жұтқыншақ 6. Өкпе 7. Асқазан . 8.Жүрек. 9. Кеңірдек. 10. Мұрын қуысы. 11. Ішектер 
12. Көмей

2. Салыстырыңыз: Өкпедегі газ алмасу. Ұлпалардағы газ алмасу (Венн диаграмасы)
3. Суреттеңіз: Тыныс алу мүшелерінің құрылысын жазу.

4. Бас қатырғыш.
1 есеп. Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 6л. Қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?
Жауабы: 60*6=360рет, яғни 1сағатта 360рет
360*24сағ.=8640литр, яғни 1тәулікте 8640литр қан айдайды2 есеп. Тыныштық күйінде адам минутынашамамен18 тыныс алу қозғалыстарын жасайды.Ал, 1 сағатта және 1 тәулікте?Жауабы: 60*18=1080 рет, яғни 1сағатта 1080рет1080*24сағ.=25920литр, яғни1тәулікте 25920литр қан айдайды.

3-тапсырма. Газ алмасу түрлері.слайд

Сыртқы тыныс алу      Ішкі тыныс алу.  

1. Қайда өтеді
2. Қанға не түседі
3. Қаннан не шығады?
4. Қан айналымның қандай шеңберінде?
5. Қандай қан қандай қанға айналады?

4-тапсырма. Дем алғанда ,дем шығарғанда өтетін процестер. Слайд

1. Кеуде қуысының кеңеюі.
2. Тыныс алу бұлшық еттерінің босаңсуы.
3. Көкеттің көтерілуі.
4. Өкпе көлемінің кішіреюі.
5. Көкеттің жалпақ болуы.
6. Қабырға аралық бұлшық еттердің жиырылуы.
7. Қабырғалардың көтерілуі.  
8. Өкпеқап қуысындағы қысымның азаюуы.
9. Қысымның артуы.
10. Ауаның бір бөлігінің шығарылуы.

Кітапты оқып, флипчарттағы тапсырманы орындау.

 

 

 

https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/0106/000125fd-80075e6b/img10.jpg

 

https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/0106/000125fd-80075e6b/img11.jpg

 

 

 

 

 

 

IY. Рефлексия

- Бүгінгі сабақтағы мен үшін болған жаңа ақпарат
- Білдім  
- Білгім келеді                        
- Білемін

Y Сабақты бағалау (2 минут)

Топ басшы бағалайды,өзара бағалау.

YI.Үй тапсырмасы. §40. Өкпенің құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу. 

 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)