Мен қандаймын

«Бәйтерек» бөбекжайы
Психолог: Ахметова Айнура Кадыржановна

Тренинг

Тақырыбы: «Мен қандаймын»

Мақсаты: педагог-тәрбиешілерді өз–өзімен, өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру, қарым-қатынастарын нығайту, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру.

Қатысушылар: педагог-тәрбиешілер.

Қажетті құралдар: А4 форматтағы қағаздар, түрлі –түсті қарындаштар, жапон әліппесі.

Тренингтің ережесі:

•   Ойымызды ашық айтамыз;

•   Бір-бірімізді тыңдаймыз;

•   Бір-бірлеп сөйлейміз;

•   Белсенді қатысамыз;

•   Бір-бірімізге сый көрсетеміз

Тренинг жоспары:

1. Сәлемдесу «амандасып алайық» ойыны.
2. «Жапон әліппесі» жаттығуы
3. «Өзіңді білгің келсе» жобалық тест
4. «Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы
5. Кері байланыс

Бүгінгі таңда ΧΧΙ ғасыр талабына сай, жаңашыл, мейірімді, кәсіби шебер маман болуымыз қажет. Бүгінгі тренинг кәсіби шеберліктеріңіздің артуына,өздеріңізді тереңірек тануға, топпен жұмыс жасауды дамытуға ықпалын тигізеді деп сенемін.

1. Сәлемдесу «Амандасып алайық» ойыны.

Мен алақанымды соғамын, сіздер бір-біріңіздің қолдарыңызды қысасыздар. Мен қоңырау соғамын, мұрындарыңызбен амандасыздар.

2. «Жапон әліппесі» жаттығуы

А – ка З – з П – но Ц – ми Б – зу

И – ки Р – ши Ч – кэ В – ру К – мэ

С – ари Ш,Щ – хи Г - жи Л – та Т – чи

Ь,Ъ,Ы – зук Д – тэ М – рин У – до

Э – мэй Е – ку Н – то Ф – лу Ю – фу

Ж – су О – мо Х – ри Я – на

Педагог-тәрбиешілер осы жапон әліппесі арқылы өздерінің есімдерін жапон тілінде қасына сын есімді косып айтып шығуы керек. Мысалы: адемі Айнур деген жапон тілінде катэкурин Какитодоши.

3. «Өзіңді білгің келсе» жобалық тест.

Мақсаты: педагог-тәрбиешілер  жобалық тест арқылы өздерінің мінез- құлықтары мен жекелік қасиеттерін біле алады.

Нұсқау: А4 форматтағы ақ қағазға сурет салу ұсынылады.

Болған соң салынған суреттеріне қарай талданады.

Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, жол, жол, сақина.

Тау – дөңгелек салынса, мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.

Үй – суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам.

Ағаш – біреу болса өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құмар.

Жол – үйге жақын жатса, жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса айналасына тарататын адам.

Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.

4. Релаксация: «ҚИЯЛДАҒЫ ӘЛЕМ»

Біз біраз жаттығулар орындап,сурет салып шаршадық. Ыңғайланып отырып, көздеріңізді жұмыңыздар. Үш терең дем алып, дәл солай терең дем шығарыңдар ... Сіздердің қолдарыңыз тыныштық қалпында тізелеріңізде жатыр. Сіздердің табандарыңыз еденді нық басып тұр. Сіздің бар дене күшіңіз босаңсып, қолдарыңыз бел аяқтарыңыз тыныштық қалпына түсіп, ауырлай бастады. Шаршағандығыңыз баяу басылып келеді. Сіздің денеңіз демалуда...Көз алдарыңызға, әрқайсысыңыз үлкен жасыл ағаштың астында, самал желмен, көлеңкеде, тыныштықта жатырмын деп елестетіңіздер. Сіз керемет бір түс көріп жатырсыз. Әрқайсысыңыз өзіңізді 5 жылдан кейін көріп жатыр...Назар аударыңыз, сіздердің 5 жылдан кейін сырт келбетіңіз қандай...Қай жерде тұрасыз...Не істеп жатырсыз...Сол өміріңізге өте риза, көңіліңіз толатындай деп елестетіңіз. Немен шұғылданып жүрсіз? Неге жауаптысыз? Қасыңызда кім бар? Көріп жатқан түсіңіздің кейбір жеке сәттеріне ерекше көңіл бөліп, есте сақтауға тырысыңыз. Соның арасында бір дауысты естіп қаласыз. Ол дауыс «сен кереметсің... біз сені өте қатты жақсы көреміз...» дейді. Бұл сөздер сізге керемет түсіңізді әрі қарай көруге көмектеседі.(1 минут пауза) Енді сіз біздің, біздің қазіргі әлемімізге оралу керек екенін сезесіз...Мен үшке дейін санағанда сіз көзіңізді ашып, өзіңізді күш қуатты, өз- өзіңізге сеніммен қарайсыз. Өзіңіз туралы көрген түсіңізді есте сақтап қалуға тырысыңыз. Бір – екі – үш...Ал енді біраз ойланып не көргендеріңізді айтып беріңіздер.

а) қай жерде тұрасыздар? Қайда жұмыс істейсіздер?

б) қасыңызда кімдер бар?

в) осының барлығына қалай қол жеткіздіңіздер?

г) көрген түсіңізге ризасыз ба?

д) ең қатты не ұнады?

е)  болашақтағы өміріңізден нені өзгертсем дейсіз?

ж)  ол үшін не істеу керек?

5. «Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы

Нұсқау: педагог-тәрбиешілергеқағаз таратылады. Педагог-тәрбиешілер қатарға өздерінің ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазады. Саны алтау, осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында өзі жазған сөздерді рет–ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау.

Қорытынды:

1. Мені жұрт .... деп ойлайды.

2. Мені ...... деп ойласа екен деп ойлаймын.

3. Дәл өзім .....

4. Мен жұмыста.....

5. Жолдасыңыздың алдында.....

6. Негізі........

6. Кері байланыс. Қорытынды.

Тренингтен кім қандай әсер алғандарымен бөліседі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)