Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер және плаунтәрізді өсімдіктер

Сыныбы: 6 «а» Тақырыбы: Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер және плаунтәрізді өсімдіктер Мақсаты: Қырықжапырақ-тәріздес өсімдіктер және плаунтәрізді өсімдіктермен танысу Күтілетін нәтиже: Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер және плаунтәрізді өсімдіктерді біледі Әдіс-тәсілдер: Топтастыру әдісі, деңгейлік тапсырмалар Дереккөздер: Оқулық, электронды оқулық, слайд презентация, үлестірмелер, кестелер, “Биология және салауаттылық негізі”, “Биолог анықтамалығы” әдістемелік журналдары, МАН (Мұғалімге арналған нұсқаулық, ІІІ негізгі деңгей). Сабақтың барысы: Кезеңі Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу. Оқушылар мұғаліммен амандасады, топқа бірігеді. Сабаққа психологиялық дайындық жасайды Негізгі бөлім Бекіту Үй тапсырмасын пысықтау: 1 - тапсырма. Сұрақ-жауап  Мүктерді зерттейтін ғылым?  Мүктердің құрылысы?  Мүктектес өсімдіктердің көбеюі?  Мүктер қалай қоректенеді?  Мүктердің шаруашылықтағы маңызы?  Жапырақтағы өлі жасушалардың атқаратын қызметі?  Хлорофилі бар жапырақ қандай қызмет атқарады? 2-тапсырма. Мүктәрізділер жайлы дұрыс пікірді анықта. o Мүктірізділер –бірүйлі өсімдіктер o Көкекзығырының тамыры болады o Резоидтар- мүк тамырының түрі o Мүктірізділердің көбеюі-споралардың түзілуі o Ақ мүк –сфагнум o Барлық мүктер-шымтезектің түзілуіне көмектеседі «Мағынаны тану» бөлімі. Жаңа сабақ. -Қырықжапырақтәрізділердің құрылыс ерекшеліктері -Плаунтәрізділердің құрылысы - Қырықжапырақтәрізділердің және плаунтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы Мұғалімнің түсіндірмесі: Жалпы сипаттамасы, құрылысының ерекшеліктері, көбеюі. Қырықжапырақтектестер (папоротниковые), жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктердің ішіндегі ең ерте пайда болған тобы. Ертедегі жойылып кеткен үлкен ағаш тәрізді түрлері ылғалды тропиктік орман болып өскен. Қазіргі кезде қырықжапырақтектестердің 10 000-нан астам түрлері белгілі. Қырықжапырақтылар тропикте ағаш, лиана (басқа өсімдікке оралып өсу) түрінде өседі. Суда өсетіндері де бар. Австрия мен Жаңа Зеландияда ағаш болып өсетін түрлерінің биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Қазақстанда ағаш тәрізді қырықжапырақтектестерді тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады. Қырықжапырақтар – тең споралы және әр түрлі споралы өсімдіктер. Қазақстанда көпжылдық шөптекті түрлері ғана кездеседі. Олардың кең тараған өкілдерінің бірі – усасыр қырықжапырағы. Ол ылғалды, көлеңкелі жерлерде, орман шетінде және сайлар мен жыраларда өседі. Усасыр қырықжапырағы – тамырсабақты өсімдік. Тамырсабақтарынан төмен қарай – қосалқы тамырлары, ал жоғары қарай жапырақтары өседі. Бізде шөптекті болып өсетін қырықжапырақтың жерүсті сабағы дамымаған. Оның есесіне жерасты тамырсабағы жақсы дамыған. Сондықтан тамырсабағын қысқарған сабақ дейді. Усасыр қырықжапырақтың жапырақтары өте баяу өседі. Фотосинтез процесі болатын жапырақтарында сағағы мен тақтасы бар. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделгендіктен, өсімдік қырықжапырақ деп аталады. Қырықжапырақтар өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюітамырсабақтары және өнім бүршіктері арқылы жүзеге асады. Өнім бүршіктері қырықжапырақтардың барлығында бірдей бола бермейді. Ол талақдәрі (аспленум) қырықжапырағының кейбір түрлеріне ғана тән. Мұндай бүршіктер жапырақтың негізгі жүйкесін бойлай орналасады. Олардан жапырақтың нышаны бар кішкентай қырықжапырақтар пайда болады. Олар үзіліп түсіп, тамырланып, топыраққа бекиді де нағыз қырықжапыраққа айналады. Қырықжапырақтың сыртқы көрінісі Спорангийлер тобы - сорус Джигсо әдісі (Алдымен ұжым бес адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “Жанұя” топтар деп аталады.Содан кейін санау арқылы І лер бөлек, ІІ лер бөлек, ІІІ тер бөлек, өз алдарына “жұмыс” тобын құрайды. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып , өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады.) 1-топ  Қырықжапырақтың тропикте ағаш түрінде өсетін түрі..................  Орталық жүйкені бойлай орналасқан қоңыр төмпешіктер...................  ...................... спорангийлердің жиынтығы.  ....................споралар дамып жетілетін орын-қалта.  Қазақстанда жойылуға жақын түрлері...............,.................. 2-топ 1. Плаунтектестер ................... пайда болған (ерте дәуірде) 2. Қазіргі кезде плаун туысының .......... түрі белгілі (100) 3. Қазіргі кездегі өкілдері ......... ................(көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер) 4. Тең споралы плаунтектестердің кең тараған өкіліне ............ (шоқпарбас плаун) жатады. 5. Шоқпарбас плаунның жыныссыз көбеюі ............ (споралар ) арқылы жүзеге асады. 6. ................... – түрі өзгерген жапырақ (спорофилл) 7. Плаун спораларының өнуінің екі типі белгілі ............... , .............. (жерүсті және жерасты) 8. Спораларын көп мөлшерде жинап , (дәрі-дәрмек) жасауға пайдаланылады 3-топ П Л А У Н 1.Екі қабықшадан тұратын жасуша(спора) 2.Мүктерді зерттейтін ғылым(бриология) 3.Шымтезек мүгінің латынша атауы(сфагнум) 4.Мүктердің спора дамитын орны(қауашақ) 5.Мүктің түрі (нұрлы мүк) №19 зертханалық жұмыс. Қырықжапырақтәрізділердің сыртқы құрылысы Интерактивтіде берілген тапсырмаларға жеке оқушылар жауап береді Оқушылар кітаптағы мәтінмен жұмыс жасайды Топ мүшелері берілген тапсырманы орындайды, сұрақтарға жауап береді. Оқушылар зертханалық дәптермен жұмыс жасайды Қорытындылау Рефлексиялық бағалау. Екі жұлдыз, бір ұсыныс парағын өз пікірлерін жазуға беремін. Дөңгелек белгілер таратып беремін, оқушылар таңдағанын парағына жабыстырады Қызыл дөңгелек – маған сабақ ұнаған жоқ, уақытым босқа өтті. Жасыл дөңгелек – сабақ ұнады, әлі де ізденуім керек. Сары дөңгелек – сабақ маған қатты ұнады, жақсы қатыстым деп ойлаймын. Әр оқушы бүгінгі сабақ туралы алған әсерлерін, ұсыныстарын жазады Бағалау Оқушылардың белсенділігіне қарай Үйге тапсырма Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер және плаунтәрізді өсімдіктер

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)