Өнердің ғажайып

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Оқу іс – әрекеті: Өзін – өзі тану.

Тақырыбы: «Өнердің ғажайып әлемі»

Мақсаты: «Өнер» құндылығы туралы түсіндіру, өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Қажетті құралдар: Интерактивті тақта, үнтаспа, бейнебаян, бейнежазбалар, оюлар, желім, қоржын, моншақтар, шашақ жіптер, пазлдар.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеттері

Балалардың әркеттері

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі ашық оқу қызметіне көп қонақтар келіп отыр, ендеше қонақтармен әндептіп амандасайық (бірден шеңберге тұрамыз, «Қайырлы таң» өлеңін үш тілде айтамыз). Балалалар, біз бүгін  «Өнердің ғажайып әлеміне» саяхат жасаймыз.

 

Балалар шеңберге тұрып, келген қонақтармен амандасып, өлеңді іс – қимыл арқылы орындайды.

Іздену –

ұйымдастыру

 

Әңгімелесу.

- Қанеки, балалар отырғыштарға жайғасып отырайық. Балалар әрбір адамның бойында өнерге деген қызығушылық, ынта  болады. Біреулеріңіз әнді жақсы айтасыздар, биді жақсы билейсіздер, ал кейбіреулеріңіз суретті керемет саласыздар. Осының бәрі өнер.

 

Әнші

- Ал балалар тақтадаға мұқият назар аударайық, тақтадан кімдердің суретін көріп тұрсыздар? Ән айтып тұрған әншінің аты кім балалар?(слайд)

- Иә, балалар «Әнші» деп – әнді орындайтын, сол әннің әуені мен сөзіндегі негізгі ойын тыңдаушыларға жеткізе білетін өнер адамы.

- Дұрыс айтасыздар балалар, бұл кісі ҚР халық әртісі, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері. Қырғызстанның және Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі.

 

- Енді балалар тақтадан кімді көріп тұрсыздар?

- Бұл кім балалар?

- Дұрыс айтасыздар балалар, бұл кісіде әнші, біздің жерлесіміз, Құрмет орденінің иегері, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, дарынды әнші.

 

Биші

- Тақтадан кімді көріп тұрсыздар?

- Бұл кісінің есімі кім?

- Дұрыс айтасыздар балалар «Биші» деп мәнерлі де әсем қимылын музыка сазына сәйкестендіре отырып қимыл – Қозғалыс арқылы ойын жеткізетін адам.

 

Сергіту сәті.

- Ал ендеше бір серігіп алайық.

  • Жарайсыңдар балалар, біз «Айгөлек» әнін айтып, би қимылдарын бірге орындадық.
  •  

Әңгімелеу

- Балалар біз жаңа өнер адамдары жайлы сөз қозғадық. Ендеше «өнер» сөзінің мағынасын өнер адамдарының өздерінен сұрайық.

Жігіт сұлу көрінеді өнерімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен.

- Ал енді Маңғыстаудың жарық жұлдыздарының бірі Құрманов Асылбекті ортамызға қошеметпен  шақырайық.

- Қош келдіңіз біздің мерекемізге. Төрден орын алыңыз.

(әнші жайлы слайд көрсету) Әнші туралы әңгімелеу.

- Асылбек ағай, өнер әлеміне қалай келдіңіз?

- Рахмет, енді балалардың сізге деген сұрақтары бар еді, рұқсат болса сол сұрақтарға кезек берейік.

- Балалар, сұрақтарыңыз болса қоя беріңіз.

Балалар сұрақтары:

 

 

 

 

- Рахмет, сізге. Біздің балаларымыз әнді немесе әншіні тыңдап қана қоймайды, олар музыкалық аспаптарды, олардың дыбысын  ажыратып біледі. Ендеше балалар, мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.

 

Ойынның аты: «Қандай аспап? Қай әуен?» (пазлдармен)

- Балалар, мына тұрған үстел үстінде бірнеше бөлікке бөлінген бөлшектерден бүтін музыкалық аспап  құрастыруыңыз керек.  

- Жарайсыздар балалар. Аспаптарды жақсы құрастырдыңыздар. Енді, мұқият тақтаға қарайық, тақтада көрсетілген аспаптарды дыбысына қарай ажыратып, сол аспапты құрастырған балалар ортаға шығып ойнап көрсетуі  керек.

- Өте жақсы, жарайсыздар балалар, қандай алғыр, ақылды балалар.

- Асылбек ағай, біздің балаларымыздың білімін көрдіңіз, енді сізден халқымыздың салты бойынша сізден қонақ кәде сұраймыз.

 

Халық әні «Дударай» (өлең айтады)

- Көп-көп рахмет, өнеріңіз өрге өрлей берсін. Отырып, балаларымыздың өнерін одан әрі тамашалаңыз. Өйткені балаларымыз  білімді, алғыр, сондай – ақ, олар ұлттық бұйымдарды да шебер  әшекейлеп береді.

 

Шығармашылық жұмыс. «Қоржын»

- Балалар, қазір біздер келген қонақтарға қазақтың ұлттық бұйымы қоржынды түрлі ою – өрнектермен, моншақтарды, және шашақ жіптерді қолданып әшекейлеп, өз шеберліктерімізді  көрсетейік.

Балалар жұмысы.

- Жарайсыңдар балалар, енді жасаған қоржынымызды қонақтарға көрсетейік. Асылбек ағай, сізге өнер жолындағы қоржыныңыз жүлделі жетістіктерге тола берсін деп,  осы балалардың өз қолымен әшекейленген қоржынды сыйға тартамыз.

- Бүгінгі мерекелік шарамызға уақытыңызды бөліп келгеніз үшін көп- көп рахмет.

Асылбек ағайдың сөзі.

 

Балалардың жауаптары.

- әнші

- биші

- күйші

- суретші

 

 

 

 

Әнші

 Роза Рымбаева,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әнші

 

Тамара Асар

 

 

 

 

 

 

 

Биші

Шара Жиенқұлова,

 

Шұғыла Сапарғалиқызы

 

 

 

 

Ән айтып, би қимылдардын қайталайды

 

 

 

Келген қонақты қошеметпен қарсы алып, көкейдегі сұрақтарын қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Әнші болу оңай ма? (балалар)

-Әнші болуды бала кезден армандадыңыз ба?

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынды ынта-жігерімен ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоржынды әдемі асыл тастармен оюлармен, шашақ жіптермен безендіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоржынды қонаққа сыйға береді.

 

Қонақпен қоштасады. Сау болыңыз!

Рефлексивтік - 

тузетушілік

Қорытындылау

- «Өнердің ғажайып әлемі» - адамды әлемнің сұлулығын, әсемдігін, табиғаттан алған әсерлерін сезінуге шақырады. Алған әсерлерін адамдар әр түрлі өнер туындылары арқылы білдіріп, айналасындағыларға көрсетеді.

«Жүректен жүрекке» шеңбері.

- Ал енді балалар жылулық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге, қонақтарға тілектерімізді білдірейік.

Балалар тілектері.

Осымен бүгінгі ашық оқу қызметіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-

-

-

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)