Өлең, жыр, ақындар

Жаныңда жүр жақсы адам

Қызылорда облысы Қазалы ауданы,
Майдакөл ауылы № 98 орта мектеп әкімшілігі
Г. Сералиева

Тақырыбы: Жаныңда жүр жақсы адам          
Мақсаты: «Сыйластық» құндылығы туралы түсінік кеңейту,
- ризашылық пен алғыс туралы;
- үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.  
Көрнекілік: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер: «Жақсы жұмыс –жанға тыныс», «Еңбек түбі – зейнет», «Еңбексіз өмір – сөнген өмір», Еңбек  озаты – А.Жүргеннің  өмірбаяны, суреттері, т.б.(слайд)

Жүргізуші: Жақсы сөз айту, жақсылық жасау - әрбі  адамның міндеті. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар – біздер бір-бірімізге  ризашылығымызды көрсетеміз.  
- Бүгінгі күн қандай күн?
- Иә, көктемнің алғашқы күні.  Ендеше алғыс айтуға лайықты кімдер екендігін айтайық.  
- Әрине, әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ризашылық айтып жүруіміз қажет. Адамның парызы жан-жағына жақсылық сыйлау.  Ал  бүгінгі тақырып – «Жаныңда жүр жақсы адам» деп аталады.   

Бүгін – Рахмет айту (Thanksgiving Day) күні. Күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді. Көз алдыңызға америкалық бақытты отбасылардың дастарқан Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді.
Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін "Ұлттық мереке" деп жариялайды.
Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады.

- Бүгінгі күн біз үшін ерекше күн себебі Еңбек ері А.Жүргенмен кездесу кешін өткізбекшіміз. Ең алдымен Амантай ағайдың өмір  жолдарымен танысып өтейік.
Жүрген Амантай Сарсенбайұлы 1965 жылы ақпан айының 15 жұлдызында дүниеге келген. 1972 жылы  Майдакөл ауылының №98 қазақ орта мектебіне қабылданып, он жылдық білімді жақсы аяқтаған. Еңбек жолын 1982-1984 жылы егіншілікпен бастады. 1984-1989 жылдары егіс бригадасында есепші болып жұмыс атқарды. 1985 жылы комсомол партиясы құрамына қабылданды. 1987-1989 жылдары Сочи қаласында  Отан алдындағы борышын өтеді. 1989-1993 ж.ж. аралығында директор орынбасарының қызметін атқарды. 1990 жылы отбасын құрды. 1994-2005 жылы аралығында жеке кәсіппен айналысты.  
Қазіргі уақытта анасы мен жұбайы, 2 қыз, 1 ұлды тәрбиелеп отыр.
- Мінекей, оқушылар Амантай ағайдың өмір жолдарымен танысып өттік.  Бұл мәліметтен де толығырақ өзінен сұрап өтсек.  
Ағаймен пікірталас өткізу. Оқушылар көптеген сұрақтарын қояды.
1. Сочи қаласында отан алдындағы борышыңызды өтепсіз. Сол жайлы толығырақ айтып кетсеңіз.
2. «Еңбек озаты» атанғаныңыз жөнінде айтып өтсеңіз.
3. Еңбексіз өмір, сөнген-өмір дегенді қалай түсінесің?
4. Мектепте өткен қызықты бір естеліктеріңіз туралы айтып берсеңіз.
5. Егіс бригадасында жұмыс  жасаған  кездеріңіз туралы айтып өтсеңіздер.
6. «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»
7. 1 наурыз – Алғыс  айту  күні  туралы  сіздің  ойыңыз?

Оқушылар өзге де сұрақтар қояды.
1-оқушы: Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі  үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.  
2-оқушы: Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылықты оның ойы мен  іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
3-оқушы: Анаға – өмір сыйлағаны үшін,  
Әкеге - қорған болғаны үшін,  
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,  
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,  
Күнге  - шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Әжеге - ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны  үшін,
Жерге – махаббаты мен бар  болғаны  үшін,
Отқа - жылулығы үшін ... АЛҒЫС АЙТАМЫЗ!
4-оқушы: Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде – 1 наурызда  - барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді»,- деді. («Мәңгілік ел: бір ел - бір  тағдыр» тақырыбымен басталған ХІІ сессия)
5-оқушы: Алғыс айту күні -  ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Жүргізуші: Елбасымызға алғыс айтқымыз келеді. Халқымыз бүгінгі таңда Тәуелсіздігін алып, бақытты өмірге келіп отыр, осының бәрі өткен күрестің жемісі. Бұл жерде Елбасының елімізде мызғымас татулық орнатып, бүлдіршіндерімізді бейбіт күннің астында өмір сүруіне жағдай жасап отырғандығы ақиқат.
Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
Жүргізуші: Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
Жүргізуші:  Бүгінгі мерекелік шарамызды Н.Ә.Назарбаевтың  сөзімен қорытындылайық:
Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар;
Әлемде Егемен Қазақстан бар;
Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар;
Ең бастысы —  бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.
Сол күнге берік сенім бар!
(Бата беру)


Пікірлер (2)

Айша

Пайдама жарады, рахмет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз