Өлең, жыр, ақындар

Математика елінде

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы
МКҚК «№1 Балабақша»
Тәрбиеші Жарқынбек Гүлмекен

Білім беру саласы:  «Таным»

Тақырыбы: Математика елінде

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Мақсаты: Реттік санау қабілетін нығайту (5 саны көлемінде); сандық және реттік санауды ажырата білуге үйрету, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін нығайту.

Дамытушылық: заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету, салыстыру ұғымдарын ажырата білуді үйрету, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Сәлем деймін күнге мен,

Сәлем деймін  мен саған!

Сәлем деймін апайға,

Қонақтарға құстарға!

 

Қимылмен қайталайды

 

 

Ұйымдастыру кезкеңі

Балалар қараңдар 1саны бізден көмек сұрай келіпті. Оның көршілері жоғалып кетіпті. Бізден көрші сандарын тауып беруді өтінеді. Көмектемемізбе? Ендеше математика еліне жол тартайық.

-Балалар қараңдаршы математика елі қандай екен? Не Көріп тұрмыз? Ал енді 1санының көршісін іздеп көрейік. Сандарды аңдар алып кетіпті,енді олардан алу үшін олардың тапсырмаларын орыдауымыз керек.

Аланның тапсырмасы: 1) логикалық сұрақтар. 

Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Аспанда неше ай бар?

Адамда неше көз бар?

Бір мысықта неше аяқ болады?

Ұшбұрышта неше бұрыш бар?

Екі қойдың басы нешеу?

Дөңгелекте неше бұрыш бар?

2) Ойын: «Сандарға сәйкес қысқыш қыстыр»

Күшіктің тапсырмасы:

1)  Ойын: «Сипап сезу арқылы заттың санын анықтау» (балалардың көздерін байлап, қолдарымен сипау арқылы санын анықтау)

2) «Заттарды салыстыр»( ұзын- қысқа, көп- аз, биік- аласа, алыс- жақын, үлкен- кішкентай, астында- үстінде, жоғары- төмен ұғымдарын салыстыру)

Сілеусіннің тапсырмасы: Ойын: «Сандарды жасыр!» ( 5 ке дейігі сандарды жасыру)

Торайдың тапсырмасы: Ойын: «Пішінді тап» (балалардың арқасына геометриялық пішіндерді салу, салған пішінді табады)

Міне балалар біз аңдардың барлық тапсырмаларын орындадық, енді сандарды алып, тобымызға оралайық.

 

 

 

Иә.

 

Сандар, геометриялық пішіндер.

Сұақтарға жауап береді

 

 

Тапсырмаларды орындады

 

Көк доп үлкен, қызыд доп кішкентай. Керік биік, күшік аласа т.б

 

 

 

Үшбұрыш, дөгелек, шаршы, сопақша, тік төртбұрыш

 

Рефлексивті  түзетушілік

Сандарды ретімен қойып, тура және кері санау.

-Балалар біз бүгін қайда бардық? Қандай тапсырмалар орындадық?

1  саны көрші сандарды тауып бергеніміз үшін алғыс айтып жатыр. Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарың үшін рақмет!

 

Математьика еліне. Сандарды алу үшін, аңдардың тапсырмаларын орындадық

Күтілетін нәтиже:            

Біледі: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды.

Меңгереді: реттік санау дағдысын (5 саны көлемінде); реттік сандар туралы білімді; заттарды салыстыруды, геометриялық пішіндерді.

Игереді: сандық және реттік санауды бір-бірінен ажыратуды, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруді, оқиғаның ретін анықтауды.                                                                             


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз