Оқытудағы қалыптастырушы және жиынтық бағалау

СҚО облысы
Тимирязев ауданы Тимирязев ауылы
«Тимирязев жалпы білім беретін қазақ орта мектеп-интернаты» КММ
Бастауыш пән мұғалімі Байгужинова Ақтолқын Қазтайқызы

Уақыты:

 

Сабақ тақырыбы

Оқытудағы қалыптастырушы және жиынтық бағалау

Жалпы  мақсаты

Мұғалімдерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, нәтижелі білімге қол жеткізу және білімін дағдыларын, шығармашылық деңгейін, ой қиялын арттыру. Топтық жұмыстың тиімділігін ұғындыру.

Оқу нәтижелері

Мұғалімдер топпен  жұмыс істей отырып идея бөліседі, ойларын  жинақтайды,   қорытындылайды, бағалайды.

Сыни ойлауы дамып,өз ойларын еркін айтуға үйренеді. Өзара әрекеттесу арқылы мұғалімдердің танымдық белсенділігі артады.

Түйінді идеялар

Әріптестермен сындарлы әңгімеге ұйытқы болу үшін сурет пен бейнежазбаны қалай пайдалану керектігін түсіндіру.

Дереккөздер

«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Бағдарламасы МАН 2016 жыл

Тапсырмалар

Коучтің әрекеті

Тыңдаушылар әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Тренинг

«Сатамын және сатып аламын» тренингі, шартын түсіндіреді

Шеңберде тұрған қатысушы қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін сатып, оның жақсы қасиетін сатып алады. Мысалы, «Мен еріншектігімді сізге  сатып, сіздің еңбекқорлы-ғыныңызды  сатып аламын»

Мадақтау

Интернет-тен алынған материал-дар

Топқа бөліну

«Сізге қандай жеміс-жидектер ұнайды» стратегиясы бойынша әр мұғалім жеміс жидектерді таңдатып,топқа бөлу.

1-топ «Алма»

2-топ «Алмұрт»

3-топ «Шие»

4-топ «Өрік»

Мұғалім сөзі:

Әлде –бір жеміс –жидектерге деген жеке адамның құштарлығы оның «мінез-құлқындағы кейбір құпиялардың құлпын ашады» екен. Американдық психолог И.Канн өз тәжірибелері негізінде осындай қорытындыға келген. Осыған сүйене отырып сіздер ұнатқан жемістерді арқылы сіздерге мінездеме беріп кетейік.

 

  1. Егер алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға шын берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жана сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.
  2. Алмұртты  ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адаммен тіл табыса алатын ашық жар-қын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
  3. Шиені жақсы көрсеңіз сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табысы аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нізік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншақтығыңыз жоқ емес.
  4. Өрікті  ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жан-жал, дау-дамайға бара бермейді.Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана, өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық-ауыз сөзі жоқ.Кейде  табандылық жағы ғана жетіспейді.

Топқа бөліну

Мадақтау

Стикерлер

Ой жүгірту

  1-тапсырма

          Әр топқа ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан қағаз таратылады, сол қағазға балалары бар бір мектеп немесе үйлерінің суретін салу керек.Салып біткен соң оны түсіндіреді.

 

Кілті

Сіздерге ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ парақ берілді. Бұл балаға алғаш дүниеге келгенде осы  ақ қағаздай пәк, үйді сал дегенім әр бала ата-анасының қасында бақытты болуға лайық,ал мектепті сал дегенім,мектеп балалардың екінші үйіне ,ұстаздары екінші ата-анасына айналуға тиіс.Оның болашағы да соншалықты жарқын болуы керек. Жарқын болашақ жасау мына біздің ұстаздардың қолында,сондықтан бүгін мен сіздермен биылғы жылдан басталған жаңа бағдарлама бойынша бала әр пән бойынша қалай бағаланып жүр деген сұраққа жауап беремін.Яғни сіздерді оқушы орнына қойып бір сабақ үлгісін көрсетеміз.

Олай болса бастайық:

Алғашқы екі бағанын толтырады

Мадақтау

Флипчарт

3-тапсырма. (Жиынтық бағалауға арналған тапсырма)

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.


Әсет пен Әлияның үйі қалада. Олардың ата-әжесі ауылда тұрады.
Биыл жазғы демалыста олар ауылға барды. Бір күні әжесі Әсетті іздеп, таба алмады. Әжесі Әлиядан:
- Қызым, Әсетті көрдің бе? - деп сұрады.
- Әсет хайуанаттар бағында жүр. Енді ол кешке дейін сол жақтан
шықпайды,- деді Әлия.


· Балалар қайда келді?
· Әжесі Әлиядан не сұрады?
· Әлияның «хайуанаттар бағы» деп тұрғаны не деп ойлайсыз? Ойыңызбен
бөлісіңіз.
· Жұпта бір-біріңізге мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер

 

Бағалау: Әр топ сұраққа жауап беріп өздерінің себеттеріне жемістерін жинайды.

 

3-тапсырмадан кейін топтардың жемістерін санап,бағалау жүргізеді

Жиынтық бағалауға арналған кесте

І топ

Аты-жөні

Сұраққа жауап беруі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер бойынша ой қозғау:

Бірінші сурет бойын-ша әркімнің жеке ойлануы, пікірін білдіру;

Екінші сурет бойын-ша әрбір топтың ойлануы, өзінің шешімін айтуы;

Үшінші сурет бойынша бүкіл топ болып ойларын білдіру

Қалыптастырушы бағалау

Сурет

Бағалау

 Коучинг соңында әр ата-ана стикерге коучингтен алған асерлерін стикерге жазып ағашка жабыстырады.

Коучинг аяқталады.

Бағалау парағын толтырады.

Сұрақтарға жауап беріп өзін таниды

Жиынтық бағалау

Қалыптастырушы бағалау

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)