Өлең, жыр, ақындар

С дыбысы мен әрпі

«Балауса»ясли бақшасы КҚМК

Ұйымдастырылған оқу қызметі:

“С  дыбысы мен әрпі”

Тәрбиеші: Ергебек  Ж.Ә.

«Балдәурен» ересек  тобы

 

Білім саласы: Коммуникация.   

Бөлімі: Сауат ашу негіздері.

Ұйымдастырылған оқу қызметі:

«С  дыбысы мен әрпі»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:
1.Өткен дыбысты қайталай отырып, есте сақтау қабілетін арттыру.
2.Жаңа С дыбысымен таныстыру, сөз, сөйлем құруға дағдыландыру.
3. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра, баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, жұмбақтар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі. «Шаттық шеңбері»
Балалар тілек шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлайды.
Өткенді пысықтау.Психологиялық дайындық.

(Видео арқылы сұрақтар қойылады. Ата-аналардың қатысуымен)
-Сауат ашу әлемінде нені үйренеміз?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?
- .Дауысты дыбысты қалай білеміз?

-Дауыссыз дыбыстарды ше?
- Әріптен не құралады?
- Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
- Сөйлемнің соңына не қойылады?
Өткен дыбысты қайталау. Ой қозғау. Жапырақ,жіп,жылан сөздеріне сөйлем құрастыру.
 Жаңа оқу қызметімен танысу.

Жұмбақтарды шешу арқылы.
Көрінбейді басы.

Көрінеді шашы.

Көріп қойса қоян

Тап береді оған. (сәбіз)

Уақытты өлшеп,санап.

Таппайды бір тағат.Бұл не? (сағат)

С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру.
С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады.
С дыбысы дауыссыз, қатаң дыбыс.
Жаңа с дыбысынан басталатын сөздермен танысу.Буындарды айтқызу арқылы тілдерін жаттықтыру.

Са,со,се,сә,си,сө.

Дәптермен жұмыс:
- Ауада жазу.
-С  дыбысынан басталатын сөздер құрастыру.

-Сүт,асық сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Сергіту сәті:
One,one,one

I can run! (секіру)

Two,two,two!

I can jump too!(жүгіру)

Three ,three,three

Look at me!(орындарына отырып қалу)


 Ойын «Тез  оқы,көп оқы»

Өткен әріптерден құрастырылған сөздерді буынға бөліп оқыту. АТА,НАН,АЛМА,АРА,АРНА,ӘЖЕ,ТАНА,ПАНА.
Қорытындылау.
.Бүгін қандай дыбыс пен әріппен таныстық?

2. С дыбысы қандай дыбысқа жатады?

3.С әріп таңбасы неге ұқсайды?

4.С дыбысынан келетін сөздерге дыбыстық талдау жасау.

5.Жаңа  буындарды жатқа білу,буындардан сөз құрастыру жазу,оқу.

 6.Балаларды мадақтау, бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз