Өлең, жыр, ақындар

Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздіктің тірегі

Ақмола облысы Көкшетау қаласы
Көкшетау қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
"Тілдерді оқыту орталығы" КММ оқытушысы
Заитова Жанар Жунусқызы

Сабақтың тақырыбы: Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздіктің тірегі.

Грамматикалық тақырыбы: -дан/-ден,- тан/-тен кейін/соң құрылымы

Мақсаты: Елордамыз Астана қаласы туралы пікір алмасу, жаңа сөздермен таныстыру, тыңдаушыларға -дан/-ден,-тан/-тен кейін/соң құрылымы туралы түсіндіріп, оны практикалық тапсырмалар арқылы бекіту; сөйлеу мәнерін дамыту, сөздік қорын молайту;

Отанын, халқын, жерін сүюге, елін құрметтеуге баулу, патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқу, бейнебаян, топтық жұмыс, коллаж жасау.

Сабақтың көрнекілігі: Астана қаласының көріністері туралы бейне–слайд, суреттер, рухани жаңғыру туралы бейнематериал, интерактивті тақта, коллаж.

Сабақтың барысы: 

I. Ұйымдастыру кезеңі (жаңа сөздермен танысу)

II. Оқылым тапсырмалары

III. Тыңдалым тапсырмалары

IV. Сөйлесім тапсырмалары

V. Жазылым тапсырмалары

Рухани жаңғыру туралы бейнеролик көрсету.

Кіріспе сөзі.
Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушылар мен оқытушылар. Біздің бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан ерекше. Қазақстан 1991 жылдан бастап Тәуелсіз мемлекет болғанына биыл 26 жыл толмақ, ал 1997 жылдан бері  астанамыз Алматыдан Астана қаласына ауыстырылып,  Елордамыз  20 жылға толғалы тұр. Сабағымыз Астанамыздың 20 жылдық мерей тойына байланысты «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздіктің тірегі» деп аталады. Бастауға рұқсат етіңіздер.

1-тапсырма. Сөздермен танысыңыз. Познакомьтесь со словами.

Отан - родина                                              
Елорда - столица
тәуелсіздік - независимость
болашақ - будущее
заман – эра, времена
ұлықтау - чествовоть
мемлекет - государство
алғашқы - первоначальный
шаһар, қала – город
хандығы – ханство
дәуір – эпоха
ресми – официальный
тұсаукесер – презентация
халықаралық – международный
егеменді - суверенный
Астана - столица

(Тыңдаушыларға Астана, ресми, тәуелсіздік, қала сөздерін пайдаланып, ауызша сөйлем құрастырғызу. )

2-тапсырма. Мағыналары жақын сөздерді жазыңыз. Напишите синонимы к данным словам.

1. Елорда – _Астана______

2. хандығы  – ____________

3. шаһар  –     ____________

4. тәуелсіздік - ___________

5. болашақ -     ___________

6.алғашқы  –   __________

7. Отан  –      ___________

8. шежіре  –  ____________

9. заман –     ____________

10. рухани – ____________

Оқылым

3-тапсырма. Оқыңыз. Прочитайте.

Астана

Астана  Есiл өзенiнiң жағасында,  Еуразияның нағыз кіндігіне орналасқан жас қала. Астана – еліміздің бас қаласы. Қазақстанның астанасы  ретінде тұсауы кесілген күн – 1998 жыл 10 маусым. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол  Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды. Есілдің жағасында орналасқан Елордамыз күннен-күнге келушілердің көз қуанышына айналды. Астана Қазақстанның солтүстiк аймағында орналасқан. Елордамызда сауда орталықтары, салтанат сарайлары, мұражайлар, демалыс орындары көп. Соның ішінде Елордамыздың символына айналған биіктігі 97 метрлік «Бәйтерек» кешені, 91 метрлік «Қазақ елі» монументі, Президент резиденциясы, Ақ Орда, Министрлер үйі, Пирамида, 2 мың орындық «Думан» ойын-сауық орталығы, 30 мың кісілік «Астана» жабық стадионы және «Ханшатыр»  сауда орталығы – осының бәрі Елорданың ажарын ашып, айбынын асқақтатуда.

4-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Астана Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?
2. Қазақстанның астанасы  ретінде тұсауы кесілген күнді атаңыз.
3. Қаланың негізі қашан қаланды?
4. Целиноград болып қай жылы өзгертілді?
5. Елорданың символына айналған монументті атаңыз.
6. «Бәйтерек» монументінің биіктігі неше метр?
7. «Қазақ елі» монументінің биіктігі неше метр?
8. 91,  97 сандары нені білдіреді?

Грамматика

5-тапсырма. Ережемен танысыңыз. Ознакомьтесь с правилом.

Кейін/соң сөздері өзінің алдында тұрған есімдіктің шығыс септігінде тұруын қалайды. Перед словами кейін/соң местоимения  употребляется в исходном падеже.

Мысалы: Алматыдан кейін  Астанаға барамын.

Шығыс септік. Шығыс септігіндегі сөздер кімнен? кімдерден? неден? нелерден? қайдан? қашан? деген сұрақтарға жауап береді. Шығыс септігінің жалғаулары: -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен. Бұл жалғаулар буын және дыбыс үндестігі заңдылықтары бойынша жалғанады. Слова отвечающие на вопросы кімнен? «от кого?», неден? «из чего?», қайдан? «откуда?» указывают на исходный пункт действия предмета или на материал, из которого сделан предмет. Окончания исходного падежа подчиняются закону сингарманизма.  

Мысалы: Анам Ақтаудан келді. Біз Түркістаннан кейін Таразға барамыз.

(тақтамен жұмыс)

6-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз. Дополните предложения.

дейін, бері, бастап, кейін, соң

1. Сіз бүгін  жұмыстан ............ қайда барасыз?
2. Бұл қалада сіз қай кезден ........ жұмыс істейсіз?
3. Бірнеше  күннен  ........... ол өзі хабарласты.
4. Осы сәттен  ........... екеуіміз дос болайық.
5. Орталықтан  кітапханаға ...........  бір  шақырым.
6. Мен қазақ тілін көктемнен .......... оқып жүрмін.
7. Біз  Астанада  2010 жылдан ......... тұрып жатырмыз.
8. Көкшетаудан ........... Бурабай болады.
9. Бүгіннен ......... бақылаулар жүргізіледі.
10. Алматыдан Астанаға ........ неше шақырым?

7-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, шығыс септіктегі сөздердің астын сызыңыз. Составьте правильно предложения и подчеркните слова в исходном падеже.

1) Ағаштан, жасады, кебеже.
2) Кірпіштен, ұста, жасады, үй.
3) Дүкеннен, сүт, апам, әкелді.
4) Балалар, келе, мектептен, жатыр.
5) Кірпіштен, ол, салып, үй, жатыр.
6)  Келдік, Астанадан, біз.
7) Тамақтанамын, асханадан, мен.
8) Келе жатыр, институттан, Дана.
9) Жұмыстан, кеш, бүгін, шықтық.
10) Көркейіп,келеді, Астанамыз, күннен- күнге.

8-тапсырма. Сөздерге кімнен? неден? қайдан? сұрақтарын қойып, қажетті жалғауды жалғаңыз. Задавая вопросы к данным словам  добавьте нужное окончание.

1. Адам...............
2. Медеуден .................
3. Алматы....................
4. Өзен..............
5. Керует...........
6. Жұмыс...........
7. Тыңдаушы........
8. Қонақ........
9. Астана.......
10. Мұражай.......  

9-тапсырма. Сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз. Переведите словосочетания и составте предложения.

Вышел из дома, вычитал из книги, иду от друга, приехал с города, была у Қарлығаш, пришли с работы, взято из жизни, перевелись с Астаны, идем с кинотеатра,прилетел с Казахстана.

     

(Қазақстанның астаналары туралы ақпаратты бейнебаян арқылы беру)

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_56bf66f4ac8cc/img_user_file_56bf66f4ac8cc_14.jpg  http://bigbosses.ru/img/2016/010915/1857459   http://cn1.nevsedoma.com.ua/images/2011/124/4/17146000.jpg  https://arhivurokov.ru/kopilka/up/html/2017/03/14/k_58c788931db18/400065_2.jpeg

Астананың имиджі ретінде танылған монументтің биіктігі 1997 жылы Астананың елорда болуымен сәйкестендірілген.  

«Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орналасқан. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді.Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезі. Салмағы 70 т,алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м².

Ескерткіштің идеясы Н.Назарбаевтікі, жасаушысы Норман Фостер - әйгілі ағылшын сәулетшісі.

Тыңдалым

10-тапсырма. Тыңдаңыз. Деректі таңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Послушайте и ответье на вопросы. 

Сұрақтар: 
1. "Қазақ елі" монументі мекенжайын атаңыздар. 
2. Монумент қай жылы ашылды? 
3. Неге оның биіктігі  91 метр? 
4. "Қазақ елі" монументі авторларын атаңыздар. 
5. Монументтің түсі қандай? 
6. Қандай қасиетті құс монументтің басында орналасқан?
7. Тұғырдың тесіктерінде қандай 4 барельеф бар?

“Қазақ елі” - Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан мәдени-архитектуралық монумент. Ол 2009 жылы ашылды. Бұл ескерткіштің ел тарихынан алар орны ерекше. «Қазақ елі» - халқымыздың көне тарихы, мәдениеті мен жетістіктерін әспеттейтін ауқымды кешен. Монументтің аумағы 5,2 гектар, ұзындығы 91 метр. Бұл елеміздің тәуелсіздік алған жылын білдіреді. Оның ұшар басына Самұрық құсы қонып тұр. Бұл тәуелсіз Қазақстанның дамуға, гүлденуге ұмтылған ынта-жігерін бейнелейді. Сондықтан алып сәулетті-мүсін кешенінің «Қазақ Елі» атануы да тегін емес. Бұл – тәуелсіздік символы.
Бойына қазақ елінің өткені мен бүгіні топтастыруға тырысқан композициялық мазмұны мол кешен әйгілі ақ мәрмәрдан қаланған. Монумент Тәуелсіздік монументі ғана емес, халықтың рухын,мәңгілігін, мемлекеттік тұтастығын, іргесінің беріктігін аңғартатын белгі. Бұл монумент 4 қырлы тұғырға отырғызылған. Оның төрт қырылы болған себебі – дүниенің 4 бұрышына да, Қазақстанның  құшағы  ашық, көңілі адал дегенді білдіреді. Бірінші барельфі – «Елбасы және халық»,  оңтүстік беткейіндегі барельф «Қаһармандық», батыс бөлігі «Жасампаздық» және соңғы шығыс беткейі  «Болашақ»  деп аталады. Монументтің авторлары - Сәрсенбек Жүнісов және Жаңбыршы Нұркенов.

11-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыз. Дополните предложение по тексту.

Қажет сөздер: “Қазақ елі”, тарихы, 2009, тарихынан, мәдениеті, 91, тәуелсіздік, Қазақстанның, символы, Самұрық.

....................... - Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан мәдени-архитектуралық монумент. Ол ......... жылы ашылды. Ескерткіштің ел ..............  алатын орны ерекше.  «Қазақ елі» - халқымыздың көне .............., ................. мен  жетістіктерін әспеттейтін ауқымды кешен. Монументтің  аумағы 5,2 гектар, ұзындығы ...... метр. Бұл елеміздің ................. алған жылын білдіреді. Оның ұшар басына ................... құсы қонып тұр. Бұл тәуелсіз ...................... дамуға, гүлденуге ұмтылған ынта-жігерін бейнелейді. Сондықтан алып сәулетті-мүсін ................... деп  атанады. Бұл – тәуелсіздік ................  .

Сөйлесім.

12-тапсырма. Суреттер бойынша ауызша әңгіме құрастырыңыз. Составте устно текст по картинкам.    

                  

Жазылым.

13-тапсырма. Астана туралы шағын эссе жазыңыз. Напишите эссе про Астану.

14-тапсырма. Топтық жұмыс.  «Астана» тақырыбына коллаж жасау. Работа в группе. Сделать коллаж на тему «Астана».

(Тыңдаушыларға суреттер мен  ватман беріледі)

Қорытынды сөз: Құрметті тыңдаушылар, бүгінгі сабағымызға катысып, ат салысқандарыңызға үлкен рахмет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміздің тарихын арқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік. Ел Тәуелсіздігін құрметтеп, оның биікке көтерілуіне өз үлесімізді қосайық! Осымен Астананың 20 жылдығына арналған сабағымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз